Егемен Қазақстан


Білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар



бет12/25
Дата10.10.2020
өлшемі1,56 Mb.
#64331
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
2. Білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар

11. Жоғары білім беру тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін және біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.

ӘАОО-да жоғары білім беру тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін және/немесе біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.

12. Жоғары оқу орны бітірушісінің негізгі құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.

ӘАОО-да оқыту нәтижелері кәсіби құзыретке (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) сәйкес бітіруші құзыретінің моделіне сәйкес келуі тиіс.

13. Жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП) циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады және таңдау компоненттерін де қамтуы мүмкін. Базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдері міндетті компонент және таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.

ӘАОО-да ЖБП, БП, бейіндеуші пәндер циклдері міндетті және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұрады.

14. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін азайтуға жол берілмейді. Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқыту мерзімінде қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін рұқсат беріледі.

15. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнында қалыптасқан ғылыми мектепті, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.

Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.

ӘАОО-да жоғары оқу орны компоненті кәсіби құзыреттерге (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) қойылатын ӘАОО талаптарының ерекшелігін, нақты ӘАОО-да қалыптасқан ғылыми мектептерді ескереді.

16. ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 20 %-дан аспайды немесе 28 кредитті құрайды. Олардың 21 кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Таңдау компоненті үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 9 кредитті құрайды. Мамандықтарға байланысты жоғары оқу орындары өз бетінше мына пәндерді қосады: экология және тұрақты даму, саясаттану, әлеуметтану, экономика негіздері, құқық негіздері, тіршілік қауіпсіздігі негіздері, мәдениеттану, өзін-өзі тану, психология.

Бұл ретте жоғары оқу орындары аталған пәндер бойынша интеграцияланған бағдарламалар әзірлей алады.

Таңдау компонентіндегі пәндер білім алушылардың бойында ұлттық бірегейлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын, жалпы мәдени дүниетанымды, қоғамдық қатынастарда әлеуметтенуді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік, креативті және инновациялық дағдыларды дамытуға бағытталуы қажет.

ӘАОО-да ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен 20 %-дан аспайды немесе 27 кредитті құрайды. Олардың кемінде 18 кредиті міндетті компонент пәндеріне және жоғары оқу орны компонентіне кемінде 9 кредит тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі.

17. БП цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 55 %-ын немесе 69 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 49 кредит таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

Бұл ретте таңдау компоненті кафедралардың, жұмыс берушілердің және білім алушылардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.

ӘАОО-да БП циклі пәндерінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 55%-нан аспайды және кемінде 70 кредитті құрайды, олардың ішінде кемінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және кемінде 50 кредит жоғары оқу орны компонентіне тиесілі.

18. ӘАОО-ларды қоспағанда, БП цикліндегі міндетті компонентке әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.

Көрсетілген пәндер бірлесіп тілдік және тиісті мамандық бойынша бейінді кафедраларға жүктеледі.

19. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне беріледі.

ӘАОО-да БП циклі пәндерінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің кемінде 25%-ын немесе кемінде 32 кредитті құрайды, олардың ішінде кемінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және кемінде 27 кредит жоғары оқу орны компонентіне беріледі.

20. Оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және таңдау компонентінен тұрады.

Міндетті компоненттің жалпы көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және көлемі 8 кредит «Дене шынықтыру» пәнінен және кемінде 6 кредит кәсіби практикадан тұрады.

Таңдау компонентінің көлемін білім алушылар мен жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша жоғары оқу орны өз бетінше анықтайды.

ӘАОО-да оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және жоғары оқу орны компонентінен тұрады. Міндетті компонент көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және кемінде 8 кредит көлеміндегі «дене шынықтыру» пәнін және кемінде 6 кредит кәсіби практиканы қамтиды. Жоғары оқу орны компонентіне әскери тағылымдама және/немесе басқа да қосымша оқыту түрлері енгізіледі. «Дене шынықтыру» пәнін ОЖЖ-дағы базалық пәндер цикліне енгізуге жол беріледі.

21. Оқытудың қосымша түрлерінің міндетті компонентін меңгеру мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде қамтамасыз етіледі.

22. «Өнер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтары бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, осы стандарттың 79-тармағына сәйкес білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты білім алушылардың теориялық оқудың 129-дан астам кредитін меңгеруі болуы мүмкін.

23. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.

ӘАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.

24. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.

25. Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген жоғары оқу орындары білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде жүзеге асырады.

Бұл ретте оқу пәндерінің 50 %-ын оқыту (қазақ немесе орыс) тілінде, 20 %-ын екінші тілде (сәйкесінше орыс немесе қазақ), 30 %-ын ағылшын тілінде оқыту көзделуде.

Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО-лар оқытуды үш тілде жүзеге асырады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Екі тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО-лар оқытуды екі тілде жүзеге асырады: қазақ және орыс тілдері. Бұл ретте әртүрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО айқындайды.

26. Дуальді оқыту элементтерін енгізген жоғары оқу орындары білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады.

Бұл ретте пәннің оқу материалының 40 %-ына дейіні тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және т.б.) меңгерілуі тиіс екені көзделген.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет