Егемен Қазақстан


Оқытудың модульдік технологиясы кезіндегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі



бет10/25
Дата10.10.2020
өлшемі1,56 Mb.
#64331
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Оқытудың модульдік технологиясы кезіндегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі

Ескерту. Стандарт 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Академиялық сағат/кредит



Р/с №

Пәндер/ модульдер, практикалар атауы

Негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алусыз

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

Орта білімнен кейінгі, жоғары білім базасында*

Техникалық және кәсіптік білім базасында*




1 ж.10 ай

2 ж. 10 ай

3 ж. 10 ай

10 ай

1 ж. 10 ай

2 ж. 10 ай

10 ай

10 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

Жалпы білім беру пәндері **

524

1448

1448

1448

-

-

-

-

-

2.

Базалық модульдер***

+

+

+

+

+

+

+

-

-

3.

Жұмысшы біліктілігі бойынша кәсіптік модульдер (жоғары деңгейдегі 3 біліктіліктен көп емес)

+

+

+

+

+

+

+

-

-

3.1.

Оның ішінде: өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Біліктілік модулі бойынша оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %-ы

4.

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5.

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

6.

« ____» орта буын маманы біліктілігінің кәсіптік модульдері

-

-

+

+

-

+

+

+

+

6.1.

Оның ішінде: өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Модуль (біліктілік) бойынша оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %

7.

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

8.

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

9.

Консультациялар

оқу жылына 100 сағаттан аспайды

10.

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды




Барлығы:

3312/74

3312/74

4960/110

6588/146

1656/37

3312/74

4960/110

1656/37

1656/37

Ескертпе:

* Ұқсас мамандықтар бойынша;

** Оқу орнының қалауы бойынша ЖБП модульдерге біріктірілуі мүмкін.

*** Кәсіптік модульдерге біріктіру мүмкіндігі болмаса

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген

Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.

2.Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;

2) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;

3) оқу жоспарының моделі – орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін көрсететін оқу жоспарын ұсынудың нысаны;

4) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;

5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;

6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;

7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;

8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

9) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;

10) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;

12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні (модулі) үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;

13) үлгілік оқу жоспары – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;

14) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;

15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің (модульдерінің) жиынтығы;

16) дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

17) кредиттік оқыту технологиясы – кредитті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемін сәйкестендірілген өлшем бірлігі ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді (модульдерді) таңдауы және өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;

18) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары «қолданбалы» бакалавр біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;

19) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;

20) эксперименталдық білім беру бағдарламалары – оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған бағдарламалар;

21) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқару, өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы;

22) кәсіби модуль – білім алушылардың құзыреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы.



Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. «Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына, базалық, кәсіптік құзыреттерге және білім беру ұйымдарында білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.

4. «Білім беру ма змұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде білім беру бағдарламаларының мақсаты, құндылығы, мазмұны, іске асырылуы мен құрылымы және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімдері айқындалған.

5. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу уақыттарының көлемін бақылау нысаны көрсетілген.

6. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ мыналарға:

1) оқу-бағдарламалық құжаттарға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына;

2) білім беру бағдарламаларына;

3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

7. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан білікті жұмысшы кадрлар, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауға бағытталуы тиіс.

8. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар оқыту аяқталған соң қолданбалы бакалавр (кіші инженер) біліктілігін беру мүмкіндігін көздейді.

9. Үлгілік оқу жоспарлары оқу жоспарының моделіне сәйкес келуі тиіс және мынадай:

1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар қатарынан мамандар даярлау;

2) әскери, медицина мамандықтары және мәдениет пен өнер мамандықтары бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.

Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:

1) эксперименталды режимдегі жұмыс;

2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар қатарынан мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.

Оқу процесін жоспарлау кезінде орта білімнен кейінгі білім берудің әзірлеушілері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.

Оқу процесін жоспарлау кезінде орта білімнен кейінгі білім берудің әзірлеушілері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес оқытудың модульдік және кредиттік технологиясы кезінде орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

10. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны:

1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді, оның ішінде модульге біріктірілген пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеу, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

2) жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін зерделеуді;

4) біліктілік емтихандар қорытындысы бойынша біліктілік (разряд, сынып, санат) беруді;

5) оқыту аяқталғаннан кейін қолданбалы бакалавр біліктілігін беруді көздейді.

Бұл ретте орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары модульдік-кредиттік оқыту қағидаты бойынша құрылады.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11. Орта білімнен кейінгі білімнің мақсаты:

1) нақты біліктілік алуға және біліктілік деңгейін арттыруға қажетті құзыреттерді қалыптастыру;

2) біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі және сабақтастығы;

3) білім алушылардың маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін, жалпы оқу-тәрбие процесінің барысында қалыптастырылатын базалық құзыреттерді игеруі;

4) білім алушылардың кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік құзыреттерді игеруі.

12. Орта білімнен кейінгі білім берудің құндылықтары:

1) кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілік, кәсіптік білімді дамытуға және кәсіптік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау;

2) кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін білім, іскерлік пен дағдылар, қасиеттер мен қабілеттер;

3) маманның кәсіптік қызметті өз бетінше орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін, сондай-ақ білімнің, іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін шешуге дайындық.

13. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының:

1) циклдер мен модульдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін, әрбір пән (модуль) бойынша 50%-ға дейін және өндірістік оқыту мен оқытуға берілетін жалпы сағат санын сақтай отырып, кәсіптік практиканың 50 %-на дейін өзгерту. Әрбір модульдің пәндері мен жекелеген пәндер қажет болған жағдайда басқа модульдерге біріктіріледі;

2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдау;

3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндер бойынша 50 %-ға дейін және кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50 %-ға дейін өзгерту. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша модульдер енгізу. Әрбір модульдің пәндері мен жекелеген пәндер қажет болған жағдайда басқа модульдерге біріктіріледі.

4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу және білім алушыларды аралық аттестаттау нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдау мүмкіндігі бар.

Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар білім беру ұйымдары айқындайтын пәндерді, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.

Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін әрі педагогикалық және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлар, сондай-ақ қажет болған жағдайда базалық жоғары немесе техникалық, кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сай келетін өндірістен келген білікті мамандар қамтамасыз етеді.

16. Кәсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:

1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді, оның ішінде модульге біріктірілген пәндерді оқытуды;

2) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульге біріктірілген пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;

3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді;

4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды қамтиды.

Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылығы мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пәндер оқытушысының, өндірістен келген білікті маманның жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Кәсіптік практикадан өту кезеңінде біліктілік емтиханын тапсырумен бірге білім алушының бір немесе бірнеше ұқсас біліктіліктерді игеруі көзделеді.

Кәсіптік практика аяқталғанда білім алушыға қол жеткізілген кәсіптік біліктілік деңгейі (разряд, сынып, санат) беріледі.

Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.

Практикалық даярлық (зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалау) модуль (біліктілік) бойынша жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40 %-ын құрауы тиіс.



Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдарының, аудио және бейне материалдардың, әдістемелік көрнекі құралдардың және модульге біріктірілген пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.



Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18. Оқыту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.



Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

20. Орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде оқу мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларымен айқындалады.

Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21. Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларында көрсетілетін орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күтілетін белгіленген біліктілік деңгейінің күрделігіне, білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді және күндізгі оқу нысаны кезінде:

1) жалпы орта білім базасында – 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;

2) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;

3) жалпы орта білім базасында модульдік және кредиттік оқыту кезінде – 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;

4) техникалық және кәсіптік білім базасында модульдік және кредиттік оқыту кезінде 10 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды;

5) жекелеген мамандықтар үшін мамандықтардың ерекшелігіне байланысты өзге де оқу мерзімі айқындалуы мүмкін: өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар.

Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

22. Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақытының көлемі тиісінше 70 %-ды және күндізгі оқыту нысаны үшін көзделген оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ын құрайды.

4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

23. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерін қоса алғанда аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.

24. Күндізгі оқу нысаны кезінде білім алушылардың аудиториялық сабақ көлемі теориялық оқыту мерзімі үшін аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс, бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді.

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу процесінің ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды.

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша медициналық мамандықтардан басқа факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде көзделеді.

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша медициналық мамандықтардан басқа, оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылында оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды/жобаларды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген модульдерге біріктірілген пәндер бойынша жоспарланады.

Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай нысандары:

1) аралық аттестаттау;

2) білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау көрсетіледі.

Пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.

Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі.

Барлық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.

Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді, оның ішінде модульге біріктірілген пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен, емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

Білім беру бағдарламасын меңгеру аяқталғаннан кейін білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.

Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.

Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: жалпы кәсіптік және (немесе) арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау, немесе дипломдық жұмысты орындау және қорғау, немесе арнайы пәндердің, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндердің бірінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысты орындау және қорғау.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын білім беру ұйымдары айқындайды. Оны өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды.

Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген.

Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша білім алушыларға кәсіби біліктіліктің қол жеткізілген деңгейі (разряд, сынып, санат) беріледі.

Практикалық емтихандар әрбір мамандық бойынша қажетті құралдармен жарақталған өндірістік алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда немесе оқу орталықтарында өткізіледі.

Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың ұзақтығы мамандықтың күрделілігіне байланысты жоспарланады.

Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

25. Оқу пәндерін зерделеудің дәйектілігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын курстар мен семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.

Арнайы пәндердің, оның ішінде модульге біріктірілген пәндердің тізбесін айқындау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген пәндерді, оның ішінде модульге біріктірілген пәндерді зерделеу нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Ұқсас мамандықтар немесе медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім базасында оқытудың кредиттік технологиясынан басқа, әлеуметтік-экономикалық пәндер, оның ішінде модульге біріктірілген пәндер 180 сағаттан аспайтын оқу уақытының көлемімен іске асырылады.

«Дене тәрбиесі» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан асырылмай (мамандыққа байланысты) жоспарланады, олардың 2 сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларындағы сабақтар үшін бөлінуі мүмкін. «Дене тәрбиесі» курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.



Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Орта білімнен кейінгі білім


берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша

Ескерту. Қосымшаның оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі



Академиялық сағат/кредит

Р/с№

Циклдердің, пәндердің, модульдер мен оқу жұмыстарының атауы

Оқыту мерзімі

жалпы орта білім негізінде

техникалық және кәсіптік білім негізінде*

1 жыл 6 ай

1 жыл 10 ай

2 жыл 6 ай

2 жыл 10 ай

10 ай

1 жыл 6 ай

1 жыл 10 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Жалпы білім беру пәндері, модульдер

-

-

-

-

-

-

-

2

Жалпы гуманитарлық пәндер, модульдер

+

+

+

+

+

+

+

3

Әлеуметтік-экономикалық пәндер, модульдер

+

-

+

+

+

+

-

4

Жалпы кәсіптік пәндер, модульдер

+

+

+

+

+

+

+

5

Арнайы пәндер, модульдер

+

+

+

+

+

+

+

6

Білім беру ұйымы айқындайтын пәндер мен модульдер

+

+

+

+

+

+

+

7

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %**

8

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру

бір топқа кемінде 12 сағат

9

Қорытынды аттестаттау




9.1

Білім беру ұйымында оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша аттестаттау




10

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды

11

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды




Барлығы

2680/54

3312/66

4320/86

4960/100

1656/33

2680/54

3312/66

Ескертпе:

*оқу мерзімі білім беру деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді;

**оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау;

*** орта буын мамандарын даярлау барысында оқыту уақыты 180 сағаттан аспайтын әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі іске асырылады. Аталған циклдің жеке пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен (модульдермен) интеграцияланған болуы мүмкін;

**** кредитті есептеу үшін академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут болып белгіленеді.

Модульдік білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіптік стандарттар негізінде және Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейін меңгеруге бағытталған.

Орта білімнен кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
2-қосымша


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет