Орта білім берудің 12 жылдық моделі орындағандар; Төлеубекова. А қанафиян. А



Дата13.10.2022
өлшемі4,98 Mb.
#152895
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
12-ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ


ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ
12 ЖЫЛДЫҚ МОДЕЛІ
Орындағандар;
Төлеубекова.А
Қанафиян.А
Қанықбаев.Е
Қалихан.А
Өмірбекова.А
ЖОСПАР
12-ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕҢГІЗІЛУІ.
МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРЫ.
МАҚСАТЫ,МІНДЕТТЕРІ
НӘТИЖЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
12-жылдық білім беру жүйесінің еңгізілуі
Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.
МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРЫ.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.
12-жылдық білім берудің негізгі мақсаты
12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:
— мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;
— оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;
— әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;
— оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
1-саты – жалпы бастауыш білім беру ( 1-4- сыныптар – бастауыш мектеп)
2-саты – негізгі орта білім беру (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)
3-саты – жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)
Бастауыш мектепте оқытудың ұзақтығы – 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жас – баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі.
НӘТИЖЕ
Елімізде озық ойлы, өз қатарластарынан білім білігімен дараланып, жүйрік атанған үздік шәкірттер көбеюде.Мемлекет мүддесі үшін тер төгетін іздепаз жастар тәрбиеленуде
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен жүргізлген тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жоғары деңгейлі сапасына қол жеткізу үшін 12 жылдық білім беруді мектептерге енгізу оң нәтижесін көрсетпек.
Келешегімізден үмітті болу үшін, жас буын өскенде кемел тұлғаға айналуы үшін оларды уақыт ағынына төтеп беруге, жаһандану процесіне дұрыс бейімделуге үйретуіміз қажет.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет