А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы. Коучинг тақырыбы



Дата12.09.2020
өлшемі17,27 Kb.
#63655

А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясы.

Коучинг тақырыбы: «Талантты және дарынды балаларды анықтау»

Өткізуші тұлға: Жусупова Жанар Алибековна

Өткізу ортасы: Кәсіби байланыстағы кафедралар, мұғалімдер. Өткізілу мерзімі: 29.03.2016 жыл.


Мақсаты: оқушылардың бойында дарындылық пен таланттылық қасиеттерін анықтау жолдарын қарастыру және осы бағыттағы жұмыста әріптестерімнің шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

Күтілетін нәтижелер:

талантты және дарынды оқушының жеке қабілеттіліктеріне байланысты жұмыс жүргізу әдістемесі бойынша терең білім;әріптестерімен ынтымақтастықта, жүйелі жұмыс.Практикалық қолданыстағы нәтижелігін бағалайды.



Ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, үлестірмелі материалдар.

Әдіс-тәсіл топтамасы: АКТ қолданыстарындағы әдістер, СТО стратаегиялары, бірлескен оқу әдістері: (топтық, жұптық, ауыспалы қатынастық)


Коучинг кезеңдері

Коуч әрекетті

Қатысушылар әрекеті

Бағалану, кері байланыс пен рефлекциялық жағдайлары.

Топқа бөлу

Тренинг


Ой қозғау:
Проблеманы анықтау кезеңі

Мұғалімдерге қайсы жыл мезгілінде туғанына қарай қатарға тұруға тапсырма беріледі.

«Сатамын және сатып аламын» тренингі, шартын түсіндіреді

Қатысушыларға сұрақ қойылады:

-Сіздің ойыңызша, бүгін біз қандай тақырыпқа әңгіме қозғаймыз?

Бүгінгі біздің кездесуіміздің тақырыбы «Дарынды және талантты балалармен жұмыс»
1.Дарынды және талантты балаларға тән қасиеттерді белгілеуді сұрайды


Мұғалімдер қайсы жыл мезгілінде туғанына қарай топтарға бірігеді.

Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы,«Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлығыныңызды сатып аламын»



Берілген тізімнен дарынды және талантты балаларға тән қасиеттерді белгілейді, атайды

Топ ережесі алдын ала үстелдерге қойылады, әрбір тапсырмалар тұсына формативтік бағалауды ресурстық негізі қолданылады (смайлик т.б)

Мағынаны тану

Бейнежазба бойынша «Әлемдегі дарынды балалар» ұсынылады.

  • Бұл бейнежазбаны көре отырып,дарындылық,талант деген терминдерді қалай түсінесіздер?




Өз ойларымен бөліседі.




Шығармашылық ой туындату

Ресурстық тапсырма беру:

  • Талантты және дарынды оқушының моделін жасау. (Мектепте бұл бағытта не істелді, не істелу керек?)

  • Талантты және дарынды оқушыны дамытатын ұстаз моделін жасау.(Бұлақ көзін ашатын ұстаздар бар ма?)

  • Дарынды балалардың ерекшеліктері қандай? (Мектепте дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар бағытында қандай шешілмей келе жатқан мәселелер бар?)

Осы талқылаулар бойынша топтық жұмыс жасатамын.

Алдарыңыздағы флепчартқа жоғарыдағы сауалдар бойынша : - Егер сіздер осы жобаны іске асырушы болсаңыздар қандай жұмыс моделін құрар едіңіздер. Алгаритімдеп жасаңыздар.(Жобасын)

(Коуч барлық постерді бірден жинап алады. Тақтаға іледі)




Топ өзара кеңеседі, сызбалар жасайды.
Жасаған постерлерді қорғау барысында, тыңдаушылар өздерінің стикерлеріне қосымша ойларын жазып, постерді соңынан толықтыру үшін апарып жапсырады. Барлық постер тыңдалады, қосымша ойлары топ аралық бір-біріне беріліп, постерге жапсырылған соң, постер бағасын стикер саны бойынша шығарады. Көп толықтыру санына қарай постер жұмысы бағаланады.

Өзара бағалау жұмысы жүзеге асады.

Сергіту сәті

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңінен үзінді беріледі. Бір шумақ өлеңді үш түрде оқулары өтініледі: мәнерлеп, әнімен, опера.

  • Өлең шумағы төмендегідей:

  • Қараңғы түнде тау қалғып,

  • Ұйқыға кетер балбырап.

  • Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

  • Түн басады салбырап. (5 минут).

Тыңдаушылар тыңдау мен есте сақтаудың тиімді тәсілін үйренеді.Бір-бірімен жарысады, өз қабілеттерін салыстырады.

Өзін-өзі бағалауды сезінеді. Ішкі уәж оянады.

Кері байланыс

Кері байланыста өтілген коучинг бойынша өз пікірлерін қалдыру.

Тыңдаушылар, екі түрлі кері байланыстар мен бағалаулар жасаудың айырмашылығын ұғынады. Толық өзіндік пікірлерін жазады.

Әрекет пен дағдыларды толық нақты бағалау жүргізіледі.

Каталог: uploads -> doc -> 12ff
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12ff -> Сабақ типі: Жарыс сабақ Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ жауап. I. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, сергіту сәті
12ff -> Тақырыбы: Тұлғаға бағытталған білім беруде оқу тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастыру кіріспе
12ff -> Оқыту мақсаттары
12ff -> Сабақ №27 Тақырыбы: Қазақтың музыкалық мұрасын жинаушы А. В. Затаевич Мақсаты: Халық күйлерін, аңыз-күйлерінің шығу тарихын насихаттау
12ff -> Сабақ № Мерзімі: Сабақ тақырыбы: Тақырыптық қайталау Көрсеткіштік теңсіздіктер және оалрдың жүйелері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет