Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбайұлы «Қараңғы түнде тау қалғып»



Дата04.07.2018
өлшемі73 Kb.
#46529
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбайұлы «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

А. Құнанбайұлының «Қараңғы түнде тау қалғып» аударма өлеңінің идеялық мазмұнын меңгерту


Сабақтың міндеттері:

1. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің мазмұнына талдау жасай отырып, әлем ақындарының үндестігін таныту


2. Ақынның аудармашылық шеберліктері туралы түсініктерін дамытып, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
3. Әдебиетті өнер ретінде бағалай білуге , ұлы ақын шығармаларын сүйіп оқуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: «Қараңғы түнде тау қалғып» аударма өлеңінің идеялық мазмұнын меңгереді, әлем ақындарының үндестігін таниды.
Сабақтың типі:
аралас сабақ

Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, музыка, орыс тілі

Сабақ кезеңдері

Мақсат

Күтілетін нәтиже

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі

Жағымды психологиялық ахуал орнату, сыныпты топқа бөлу.




Оқушылармен сәлемдеседі.

Психологиялық тренинг "Әнді білемін" әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Абайдың өлеңдерінің жалғасын табу арқылы топқа бөлінеді.


Сәлемдеседі, тренинг жасайды, топқа бөлінеді.



Теориясы

"Білу"

"Көпір" тапсырмалары арқылы үйден дайындалып келген тақырып бойынша сұрақтар беріледі.

(Кім? Не? Қайда? Қашан? Не істеді?)


А. Құнанбайұлын өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»

өлеңінің мазмұны туралы білімдерін тиянақтайды.






  1. «Қансонар» сөзінің мәніне үңілу.

  2. Қазақ халқының өмірінде аңшылық, саятшылық, құсбегіліктің мәні неде?

  3. Өлеңді жатқа айту.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Қансонар – жаңа жауған қардан кейінгі аң аулауға қолайлы сәт.

Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі.

Саятшылық – құс салып, аң аулау өнері. Қазақ өмірінде сирек кездесетін қызықты салт. Мұндай адамдарды «құсбегі» деп атайды.


Теориясы_"Түсіну"'>Теориясы "Түсіну"

Мәтіннің мазмұнымен жұмыс жүргізуге дайындық

(Неге? Неліктен? Не үшін?)


«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып, тілдік қорын дамыту.

Оқушы өлеңнің мазмұнымен толық танысады.

«Аударма» дегеніміз не?

«Аудармшы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі туралы не білесіңдер?

Өлеңнің шығу тарихы туралы қосымша түсінік беру.

Әнді үнтаспадан тыңдату.


Оқушылар бірлесе отырып, сұраққа жауап береді.
Аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші бір тілге аударылған нұсқасы.

Аудармашы – әдеби шығармаларды бір тілден екінші бір тілге аударушы.



Теориясы

"Қолдану"
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.


Оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, тілдік қорын дамыту.

Мәтінді лексика-грамматикалық тұрғыда талдау арқылы тілдік қорын дамыту.



Оқушылардың өздік жұмыс арқылы тілдік қоры дамиды.

Топтық жұмыс.

І кезең. Мәтіннің мазмұнына байланысты тапсырмалар
І топ

1. Өлеңді мәнерлеп оқиды.



ІІ топ

1. Өлеңнің мазмұнына байланысты өз ойларын айтады.



ІІІ топ

1.Өлең құрылысына талдайды.



ІУ топ

1. Өлеңді оқи отырып қандай көңіл күйде болдыңдар.


ІІ кезең. Мәтіннің лексика-грамматикалық құрамына байланысты тапсырмалар

І топ

Мәтіннен еліктеу сөздерді тауып жазыңдар.



ІІ топ

Мәтіннен ауыспалы мағынада турған сөздер мен сөз тіркестерін тауып жазыңдар.



ІІІ топ

Мәтіндегі көп мағынаға ие болатын сөзді тауып жазыңдар.



ІУ топ

«Тыншығарсың» сөзінің мағынасын ашыңдар
Сергіту сәті


Берілген тапсырмаларды орындайды.

Еліктеу сөздер: балбырап, жым-жырт, дел-сал, сілкіну.


Ауысалы мағынадағы сөздер: тау қалғиды, түн басады, жапырақ сілкінеді.
Бас: таудың басы, әңгіменің басы, сөздің басы, сабақтың басы, т.б.
Тыншығарсың – демалу, тынығу.


Теориясы

"Талдау"

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)









«Венн диаграммасы»

Абай мен Лермонтов аудармаларын салыстыру.



Абай аудармасы

Ортақ белгілері

М. Лермонтов аудармасы

Аласа қоңыр таулар.

Қараңғы түнде тау қалғиды.

Балбырап ұйықтайды.

Жапырақ сілкінбейді.



Екі өлеңнің де басты авторы – И.В. Гете.

Екі өлеңде аударма. Екеуінің де негізгі идеясы – адамзат өмірі мен тыныш табиғат құбылыстарының арақатынасы, тынымсыз өмірден кейінгі тыныштықты аңсау.



Тау шыңдары.

Жаңа түскен қою түн қойнауында тынық төбелер.

Жол шаңдамайды, жапырақ дірілдемейді.



Абайдан:
Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырп.

Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.
Лермонтовтан:
Горные вершины

Спят во тьме ночной,

Тихне долины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы.

Подожди немного,

Отдохнешь и ты



Теориясы

"Жинақтау"
(Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

Алған білімдерін қорытындылау.

Оқушылардың бүгінгі сабаққа байланысты білім деңгейлері байқалады.

ІІІ кезең. Мәтін бойынша көшірмелі, құрылымдық, шығармашылық тапсырмалар:
І топ

1. Мәтін мазмұнына байланысты сурет салыңдар?



ІІ топ

1. Өлеңді әңгіме түрінде айтып беріңдер.



ІІІ топ

1.Өлеңді көтеріңкі көңіл күймен мәнерлеп оқыңдар.



ІУ топ

1.Өлеңді өкінішті көңіл күймен мәнерлеп оқыңдар



Топ мүшелері бірлесе отырып, тапсырмаларды орындайды.


Теориясы "Бағалау"
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойың?)



Берілген тапсыр-маларды пайда-лана отырып, жаңа тақырып туралы бүгінгі алған білімді бағалайды.

Оқушылар бағалау деңгейіне жетіп, тақырыпты тұтас меңгереді.

Төменде берілген әріптер тізбегінен мағыналы сөз шығарып алу.Мағынасыз әріптер тізбегінің белін сызу арқылы Абайдың бір өлеңінің атын тауып жазыңдар.

выапорпкшнжелсізыңооепкешпйщшртүндеаввпопппржарықапрнедлэкргымныңеркрненеровхатыппрпы айрппывпыаыааффвфы.

«Желсіз түнде жарық ай» әні


Топ басшылары бағалайды.




Үйге тапсырма:


1. Өлеңді жатқа мәнерлеп оқып келу.

2. Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.


Рефлексия

Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 35-бет).

«Қараңғы түнде тау қалғып» тақырыбындағы сабақ 7-сынып оқушыларымен өткізілді. Бұл сабақта мен диалогтік әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалануға тырыстым. Себебі, диалог оқушылардың өзара сұхбаттасуына, пікір алысуына ықпал етеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41-бет). Мен осы сұрақ қою техникаларын қажеттілігіне қарай пайдаланып отырдым. Мұндағы мақсат-оқушының жауабын толықтыруға көмектесу, толығырақ жауап беруге итермелеу және тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отыру болатын. Сондай-ақ осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың тілдік қорлары дамиды және дарынды оқушылар танылады.

Мен осы сабағымда Бағдарламаның мынадай модульдерін қолдандым:


  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  • Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Ренцензия


Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:
Алсейтова Жанар Токтаркуловна

Тасқанбаева Гауһартас Мелдебекқызы 2015 жылдың 8 қазанында А Құнанбайұлының «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өз деңгейінде жүргізілді. Сабақ жоспары Б. Блумның сұрақ қою өлшемі бойынша жасалған. Жоспардың құрылымы оқушының жас ерекшелігіне сәйкес жасалған. Сабақ жоспарын жасауда оқушының қызығушылығын, сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытатын шығармашылық тапсырмалар жақсы берілген. Сабақ барысында оқушылар топпен жұмыс жасады. Оқушылар топтық жұмыс жасап үйренген. Оқушылар сабақ барысында өте жоғары белсенділік танытты. Сабақ өте әсерлі өтті, себебі оқушылар аударма өлеңнің шығу тарихымен, өлеңнің әнімен танысты. Әлем ақындарының арасындағы үндестікті ұғына білді. Ең маңыздысы: Абай аудармасының шоқтығы биік екендігін меңгерді. Себебі ұлы ақын Абай В. Гетенің сол кездегі жан қиналысын, тыныш өмірді аңсауын ешбір боямасыз жеткізе білуінде. Ал ашық сабақта оқушылар да сол кездегі В.Гетенің жан тебіренісін түсіне білді. Сонымен бірге, оқушылар өлеңді мазмұнымен қатар құрылысына да талдай білді және өлеңдегі тілдік ерекшеліктерге де талдай білді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын.



«Құлан шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Г.М. Тасқанбаева

2016-2017 оқу жылы



Құлан ауылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет