Бесінші, мемлекеттік тілді білетін және білмейтін қызметкерлердің жалақысында немесе қоғамдық ортада алатын орнында ешқандай да айырмашылық жоқ. Яғни, мемлекеттік тілді білгеннен келіп кетер ештеңе жоқ. Алтыншы, мемлекеттік тілге көштік деген мемкемелердің өзінде ресми жиын, отырыстардың бәрі дерлік қазақша бір-екі ауыз сөзбен ашылғанымен, қаралатын мәселе, айтылар әңгіме негізінен басым орыс тілінде жалғасады. Жетіншіден,қазақша білім алып, қазақ тілін қанша жақсы меңгерсең де орыс тілін білмесең мемлекеттік қызметті ойдағыдай атқарып кете алмайсың. Сол сияқты ғылым, білім саласында да өрісің тар болмақ.