Егемен Қазақстан. – 2010. - № 360-361. – 4 қыркүйек
Захан С.
Ынта мен ықылас
артпай қазақ тілінің түйткілі шешілмейді
Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-сессиясының сөйлеген сөзінде Елбасы мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше назар аудара келіп, ел көлемінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын барынша кеңейту жөніндегі басты ұстанымдарды айқындап берді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасымыздың «Алдымен экономика-сосын саясат» деген ұстанымының өміршеңдігін еліміздің бүгінгі саяси-экономикалық жағдайы айқын дәлелдеуде. Еліміздің экономикалық әлеуеті жоғарылап, соның арқасында қоғамдық-әлеуметтік саладағы қордаланған күрделі мәселелерді біртіндеп шешу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Сол күрделі мәселелердің бірі де бірегейі қазақ тілінің қазіргі мүшкіл халі екені баршаға аян. Сондықтан еліміздің бүгінгі қол жеткізген экономикалық күш қуатын ұтымды пайдалана алсақ, ұлтымызды ерекше алаңдатып отырған осы мәселенің түйінін түбегейлі шешуге айқын жол ашылар еді.
Жалпы, қазақ тілін «Мемлекеттік тіл» деп жариялап, сол атына заты сай болу қажет деп ұрандағалы 20 жылдың жүзі болса да нәтиже тым мардымсыз екенін көріп отырмыз. Олай дейтініміз, бүгінгі күні мемлекеттік тілді меңгеруге басқа ұлт өкілдері былай тұрсын, өз ұлтымыздың қомақты бөлігі тым құлықсыздық танытуда. Мұның себебін анықтау үшін ең алдымен мемлекеттік тіліміздің бүгінгі жайкүйіне үңілсек.
Достарыңызбен бөлісу: |