Егемен Қазақстан


-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН БАСҚАРУ



бет4/23
Дата08.02.2022
өлшемі79,43 Kb.
#123200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Бiлiм туралы
Жеті ата
2-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН БАСҚАРУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiлiм беру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) бiлiм берудi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
2) бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары мен бiлiм беру жүйесiн дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады, оларды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегi қажеттiгiнiң тұрақты мониторингi жүйесiн қалыптастырады;
4) әлеуметтiк әрiптестердiң кәсiптiк бiлiм беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етедi және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
5) бiлiм беру грантын беру ережелерiн бекiтедi;
6) бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбiн және оның қолданылу мерзiмдерiн айқындайды;
7) Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережелерiн және Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережелерiн бекiтедi;
8) бiлiктiлiк талаптарын және Бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiн бекiтедi;
9) мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм беру туралы құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды беру тәртiбiн анықтайды;
10) халықтың тығыздығына және елдi мекендердiң қашықтығына қарай бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiтедi;
11) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгiлiк штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының Президентiне жеке адамның тәрбиесiне, оқуына және кәсiптiк қалыптасуына аса зор үлес қосқан жекелеген бiлiм беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгiзедi және Инновациялық университет туралы ереженi бекiтедi;
13) мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;
15) "Болашақ" халықаралық стипендиясын беруге арналған Үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтедi;
16) мемлекеттiк атаулы стипендияларды бекiтедi;
17) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi;
18) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" және "Үздiк педагог" атақтарын беру ережелерiн бекiтедi;
19) тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары, оның iшiнде балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;
20) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң ережелерiн бекiтедi;
21) Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережелерiн бекiтедi;
22) жұмыс көрсеткiштерi жоғары мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне гранттар беруге арналған мемлекеттiк конкурстарды өткiзу ережелерiн және оларды пайдалану тәртiбiн бекiтедi;
23) бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын жоғары оқу орындарының тiзбесiн және оларды тағайындау, аттестациядан өткiзу және қызметтен босату тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi.
5-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
1) азаматтардың бiлiм беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етедi;
2) бiлiм беру саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асырады, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, бiлiм беру және ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
3) бiлiм берудi дамытудың жай-күйi туралы жыл сайын баяндама әзiрлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекеттi бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етедi;
4) бiлiм берудi басқару жүйесiнiң бiлiм беру мониторингiн және оны ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу ережелерiн бекiтедi;
5) бiлiм беру сапасын басқаруды, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызметiн әдiстемелiк және әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
6) бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру (медициналық және фармацевтiк бiлiм беруден басқа) стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi, бiлiм берудiң барлық деңгейiнiң үлгiлiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және үлгiлiк оқу жоспарларын бекiтедi;
7) конкурстық iрiктеу тәртiбi мен критерийлерiн бекiтедi және инновациялық бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн университеттердiң конкурсын өткiзедi;
8) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны және (немесе) қосымшаларды:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын және республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға;
рухани бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға (дiни оқу орындары);
Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын халықаралық және шетелдiк заңды тұлғаларға бередi;
9) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтiк бiлiм берудi қоспағанда), сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзедi;
10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеудi ұйымдастырады;
11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;
12) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi, сондай-ақ кешендi тестiлеудi өткiзу технологиясын әзiрлейдi және бекiтедi;
13) мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк әрiптестермен өзара iс-қимыл жасай отырып, кәсiптiк оқу бағдарламаларының деңгейi бойынша кадрлар даярлау үшiн кәсiптер мен мамандықтар тiзбесiн айқындайды және кәсiптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекiтедi;
14) меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу
уақытын айқындайды;
15) сырттай, кешкi нысандарда және экстернат нысанында бiлiм алуға жол берiлмейтiн кәсiптер мен мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi және жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
16) бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiсi бойынша
ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерiн бекiтедi;
17) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық
демалыстар берудiң тәртiбiн бекiтедi;
18) мемлекеттiк аралық бақылауды жүргiзу ережелерiн және санының асып кетуi кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға әкеп соғатын мемлекеттiк аралық бақылаудан өтпеген бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың шектi санын бекiтедi;
19) бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;
20) кәсiптiк даярлық деңгейiн растаудың және техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiктi берудiң тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
21) бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртiбiн белгiлейдi;
22) бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi
құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi және олармен жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз етудi ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
23) бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру қызметiнде пайдаланатын қатаң есептiлiктегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi, бiлiм туралы құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға берiлетiн анықтама нысанын бекiтедi;
24) бiлiм беру қызметтерiн көрсетудiң үлгiлiк шартының және кәсiптiк практикадан өткiзуге арналған үлгiлiк шарт нысандарын бекiтедi;
25) оқу-әдiстемелiк жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және жүргiзудi үйлестiредi, оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ережелерiн, оқытудың кредиттiк технологиясы және қашықтықтан бiлiм беру технологиялары бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың ережелерiн бекiтедi;
26) республикалық орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес шетелдiк мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi;
27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендерi мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, сараптама жасау және басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру ережелерiн бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады; бiлiм беру ұйымдарына арналған оқулықтарды, оқу құралдары мен басқа да әдебиеттердi, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштегiлерiн пайдалануға рұқсат етедi;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
29) жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылар мен кәсiби шеберлiктiң республикалық конкурстарын ұйымдастыру ережелерiн бекiтедi және өткiзудi ұйымдастырады;
30) ведомостволық бағынысты ұйымдарды белгiленген тәртiппен
бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды жүзеге асырады;
31) ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру мекемелерiнiң жарғыларын бекiтедi;
32) бiлiм беру ұйымдарында меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттiк және қаржылық тәртiптiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
33) Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының басшыларын қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Бiлiм беретiн ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысының орынбасарларын және бас бухгалтерiн тағайындауға келiсiм бередi;
34) педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
35) мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттiк орта бiлiм беретiн ұйымдардың басшыларын конкурстық тағайындау ережелерiн бекiтедi;
36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерiн лауазымдарға конкурстық тағайындау ережелерiн бекiтедi;
37) педагог қызметкерлердi аттестаттау ережелерiн бекiтедi;
38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
39) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
40) шетелдiк әрiптестермен келiссөздер жүргiзедi және өз құзыретi шегiнде бiлiм беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келiсiмдерге) және бағдарламаларға қол қояды; бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерiн белгiлейдi және осы жұмысты үйлестiредi;
41) шетелге оқытуға жiберу тәртiбiн белгiлейдi;
42) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды және аккредиттеудi ұйымдастыру және оларды жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
43) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады;
44) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгiленген мерзiмде жою туралы орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқамалар бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет