Егеменді Қазақстандағы
мектеп пен педагогика
(1992 жылдан қазіргі күнге дейін)
Жоспар:
1. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және оларды топтау.
2. Тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Қазіргі уақыттағы оқытудың маңыздысы – оқушылардың танымдық қызметінің артуы, жеке тұлғаның өзіндік дамуына бағыт, оның мүмкіндігінің жүзеге асуын қадағалау. Оқытудың осындай міндеттері педагогикалық технологияға біздің түсінетініміз алдыңғы қатарлы педагогикалық ойларды, принциптерді, таза ғылым ережесінің негізін игеру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |