Проблемалық оқыту технологиясы
Тірек сигналдары арқылы оқыту
технологиясы
Түсіндіре басқарып
оза оқыту
Деңгейлік саралап
оқыту
технологиясы
Бағдарламалап оқыту
технологиясы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Оқытудың компьютерлік
техноло-гиясы
Ынтымақтастық педагогикасы – білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасы, т.б. көптеген жағдайларды қамтитын қарым-қатынас.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Дамыта оқыту технологиясы – түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі, оқушылардың қабілеттері, сөз саптауы еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігін арттырады.
Ойын арқылы оқыту технологиясы – дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсатқа жету. Ойындық іс-әретекттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талабына сүйенеді. Баланың бойындағы қабілеттерді аша түседі.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы – барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалдардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы, бағдарламаның кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын ортаншылар, соңында нашар оқушылар қатысады. Бірте-бірте толық дербестікке жету.
Өздігінен даму технологиясы – баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту – оқыту мен үйретудің моделі, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс. Сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қагдай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.
Оқытудың проблемалық технологиясы – ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруды және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады.
Проблемалық оқыту – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.Оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдамай, білімге деген қажеттілігін қанағаттандырады.
Оза оқыту технологиясында грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. Тірек сызбалардың проблемаларды шешу құзыреттілігін қалыптастыруда үлкен рөлі бар.
Бағдарланған технологияда оқу-тәрбие процесінде балалардың жеке еркшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Оқушыларды өзіндік ерекшеліктеріне сай оқыту.
Деңгейлеп оқыту – білім алушының жеке қабілетін анықтауға, оқушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік береді. Әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланып, өз деңгейімен бағаланады.
Оқытуды ізгілендіру технологиясы – шәкірттердің рухани дамуын, сөйлеу әдебі ерекшеліктерін, жағдаяттық қарым-қатынасты игеру, жеке тұлға ретінде қалыптасуын жүзеге асыруға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |