Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет11/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Витаминдер. Витаминдер деп өте аз мөлшерде болғанмен тіршілікті камтамасыз етуге өте қажет аса маңызды органикалық қосындыларды атайды (латынша «vita» — өмір, «атіп» — аминқышқылы). Витаминдер организмде түзілмейтіндіктен желінген азықпен толық жеткізілулері қажет. Толық жеткізілмеген жағдайда организмдегі зат алмасуы бұзылып, мал мен құс гиповитаминозға, ал ол асқындаған жағдайда витаминсіздіктен туындайтын авитаминозға (латынша «а»жоқ) шалдығады.

Витаминдер жетіспеушілігіне шалдыққан малдың алғашқыда тәбеті бұзылып, өсуі тежеліп, салмақ қосымы азаяды да, жетіспеушілік салдары ұлғая келе одан туындайтын гипо және авитаминоз белгілеріне ұласады. Ол белгілер малға тек жетіспейтін витаминдерді бергенде ғана жазыла бастайды. Және организмдегі зат алмасу барысы жеделдеген сайын витаминдер жетіспеушілігінің зардабы өсе түседі. Авитаминоздардан алдымен жедел өсіп келе жатқан төл, буаз және жоғары өнімді мал зардап шегеді. Сондықтан олардың азығында қажетті витаминдермен жеткілікті қамтамасыз етілуін қатаң қадағалайды.



Биологиялық белсенді заттар. Мал азығының құрамында витаминдерден басқа да бірқатар биологиялық әсерлі, яғни пәрменді (белсенді) заттар болады. Оларға мал денесіндегі алмасуында протеин, май мен көмірсулардай тікелей энергия өндірмегенмен олардың алмасу барысына күшті ықпал ететін, биологиялық қызметі жоғары гормондар (гормонтәріздес заттар), ферменттер, витаминдер жатады. Олар қорытылған қоректік заттардың үздіксіз және толық тотығуына қалыптыжағдай туғызып, зат алмасуының оңтайлы өтуіне ықпал етеді.

Гормон тәріздес заттар. Гормондарды тек жануар организміндегі ішкі секреция бездері өндіреді. Олар организмдегі зат алмасудың әр қырына өзіндік күшті әсерін тигізеді. Өсімдіктерде биологиялық әсері солардікі тәріздес қосындылар болатыны ашылып отыр. Құрамында ондай қосындылары көп жемшөп малдың көбеюшілік қасиетіне кедергі келтіретіні де анықталды. Физиологиялық әсері бойынша бұл қосындыларды фитоэстрогендер (өсімдік эстрогендері), антиэстрогендер, антигонадо-тропиндіктер, струмогендер, андрогендік және кортикоидтық заттарға бөледі.

Ферменттер. Ферменттер ас қорытуда қоректік заттарды ыдыратуға және зат алмасудағы барлық реакцияларды жеделдетуге қатысатын биологиялық катализаторлар (жеделдетушілер). Малдың ас қорыту сөлдерімен бөлінеді.

Антибиотиктер. Антибиотиктер - микроорганизмдер тіршілігінің өнімдері. Әр микроорганизмнің тіршілік қалдықтары басқа микроорга- низмдерге улы болып келетіндіктен, бұл олардың тіршілік күресінің қаруы болып табылады. Мүндай микроорганизмдердің өз тіршілігі барысында басқа микробтар, саңырауқұлақтар, бактериялар сияқты организмдер тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызуын антибиоз деп атайды.

Азық қоректігіне қарсы әсерлі заттар (антипитательные вещества). Биологиялық әсерлі заттарға қоректілікке қарсы қасиетті (антипитательные), яғни улы немесе зиянды заттар жатады. Мал азығында кездесетін зиянды және уландырғыш қосындыларға түрлі алколоидтар, глюкозидтер, улар (токсиндер), эфир майлары, сағыздар, фермент ингибиторлары, кейбір органикалық қышқылдар мен минералды қосындылар жатады.

Дәріс №4. Азықтың минералдық коректілігі. Малазығы құндылығын сапалық көрсеткіштері бойынша бағалау.


Дәріс жоспары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет