4.1 Азықтағы минералдық заттардың мал азықтандырудағы маңызы. Макро және микроэлементтер. Олардың азықтағы мөлшері, денеге сіңімділігі, мал денесінде қорытылуы. 4.2 Азық күлінің азықтандырудағы реакциясы, қышқылдық және сілтілік элементтердің мал азықтандыру мен рациондағы ара қатынасы.
Азықтағы минералдық заттардың мал азықтандырудағы маңызы.
Минералды заттар. Биологиялық маңызды макроэлементтерге — кальций, калий, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор, ал микроэлементтерге — темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод жатады.
Калъций. Жер бетіндегі тіршілік үшін өте маңызды элемент. Минерал- ды элементтер ішіндегі мал денесінде ең көп шоғырланғаны. Негізгі көлемі (99%) сүйек пен тіс құрамында гидрооксиаппатит кристалдары түрінде жиналады. Кальций остеогенез барысында сүйектің дұрыс қалыптасуына қатысып, сүт түзілуі мен қан ұюына ықпал етеді. Сонымен қатар жүрек пен жүйке жұмысына, бүлшық ет жиырылуына, жасуша мембранасының өткізгіштігіне, желінген азық фосфоры, мырышы мен йодының пайдаланылуына әсерін тигізеді.
Төл азығында кальций жетіспеген жағдайда оның сүйектері, яғни қаң- қасы дұрыс қалыптасып, жылдам жетілмей ол рахитке шалдықса, кальций жетіспеушілігінің салдарынан сақа мал сүйегі боркеміктеніп, әлсізденуінен остеопорозға, ал минералсыздануынан остеомаляцияға шалдығады. Соның салдарынан сүтті сиырлардың бұзаулауы қиындап, босану кезіндегі салдыққа (родильный парез) жиі ұшырайды. Сүйектің бір уақытта резорбацияланып және минералсыздануынан туындайтын алиментарлық остеодистрофияға жататын бүл аурулар мал азығының минералдық жетіспеушілігімен қатар жалпы қоректілігінің төмендеуінен де туындайды.
Фосфор. Кальций секілді бүл элементтің де мал денесіндегі негізгі мөлшері (83%) гидрооксиаппатит құрамында болады. Мал организміндегі фосфор алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты
Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда жоғарыда айтылған сүйектің минералсыздануынан туындайтын остеомаляция, рахит аурула- рының белгілері байқалады. Фосфор жетіспеушілігінен мүйізді ірі қара малдың тәбеті бұзылып, денесіндегі сүйек, белок, бұлшық ет, сүт түзілуі бәсеңдейді. Азығында фосфор жетіспеген сиыр ағашты, сүйекті кеміріп, шүберек секілді бөгде заттарды жалап, жалмайды.
Калий. Натриймен бірге мал тәбетінің ашылуына ықпал етеді. Олардың иондары (катиондары) жүйке мен бүлшық еттегі «тыныштану» потенциалы мен «әрекеттену» потенциалының орнығуына әсер етеді.
Натрий. Калиймен бірге жүйке-бұлшық ет жүйесіндегі қозушылық пен дамылдаушылықты, жасуша мембранасының сыртқы ортадан қоректік заттар енгізіп, ішіндегі қажетсіз қалдықтардың сыртқа шығарылуына көмектеседі. Мал денесіндегі су алмасуын реттеп, биологиялық сұйықтар мен жұмсақ ұлпадағы қышқыл- сілтілік қатынасты қалыптастыруға қатысады.
Хлор. Натриймен бірге мал денесіне ас тұзымен жеткізілетін екінші элемент. Анион түрінде эритроцитпен плазма аралығындағы иондық алмасуға ықпал етіп, карбоангидразаның қатысуымен биокарбонат түрінде байланыстырылған көмірқышқылының өкпе тамырларында босатылуына қатысады.
Күкірт. Метионин, цистин, цистеин секілді құрамында күкіртті амин- қышқылдарымен түрлі протеиндер мен биологиялық белсенді заттар (ви- таминдер, гормондар) құрамына кіріп, сульфаттарға дейін тотығу бары-сында организмдегі түрлі метаболизмге қатысады. Сонымен қатар сульфгидрильді тобы кейбір ферменттердің, мысалы, дегидрогеназдар мен эстераздардың әсерін күшейтеді.
Магний. Мал денесіндегі магнийдің негізгі көлемі (70%) сүйекте және бұлшық етте (25%) жиналатындықтан, оның алмасуы кальций мен фосфор алмасуымен тығыз байланыста өтеді.
Темір. Темір организмдегі мөлшері жағынан ең көп шоғырланған мик- роэлемент. Оның атқаратын биологиялық қызметі денедегі темірдің 90% құрайтын қан белогі гемоглобинмен байланысты. Қанның қызыл түйіршіктері, яғни эритроциттер құрамына кіретін гемоглобиннің гем тобындағы темірдің қостотығы өкпеден қанмен өткенде үштотыққа дейін тотығып, жасуша алмасуына оттегін жеткізеді.
Мыс. Мал азығымен желінген мыстың қанға сіңірілуін аш ішек кілегей қабатында онымен байланысатын металтионеин белогі реттейді.Бауырдан қанға церулоплазмин түрінде енген мыс тоқымалар жасушасына жеткізіліп, малдың төлдегіштігіне, сүттілігіне, жүннің өсімі мен оның түске боялуына (пигментациялануына) әсер етеді.
Кобальт. Кобальттың биологиялық әсері мыстікіне ұқсас келеді. Ол күйісті малдың алдыңғы қарын бөліктеріндегі микробиологиялық түзуде цианкобаламин, яғни В12 витамині құрамына мукопротеинмен байланыста еніп, оның түзілуіне, темір мен мыс болған жағдайда қан гемоглобинінің глобинінің, эритроциттер мен лейкоциттердің түзілуіне ықпал етеді.
Марганец. Жемшөп құрамында марганец хелаттық қосындылармен байланыста болады. Қандағы марганецтің деңгейі азайған жағдайда, ол дене мүшелеріндегі қорынан тез кері алынып, жылдам қалыпқа келтірілетіндіктен, мал марганец жетіспеушілігінің зардабын көбінесе шекпейді.
Мырыш. Мал азығымен ас қорыту жолына енген мырыш белоктармен байланған түрде сіңіріледі. Мырыш гипофиз гормондары арқылы малдың жыныстық қабілеттілігіне, резистенттігіне (түрлі ауруға шалдықпаушылығына) әсерін тигізеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын реттеп, зат алмасуын жеделдету арқылы сүйек, тері мен жүн өсімін жетілдіреді.
Йод. Азық йоды мал организміне йодидтер түрінде сіңіріліп, қалқан- ша безде (щитовидная железа) жиналады. Йод молекулаларының тиро- зинмен құрған бір, екі, тирозин түріндегі қосындылары осы бездің Т3- үшйодтиронин мен Т4-төртйодтиронин, яғни тироксин гормондарының құрамына кіреді. Қанда бүл гормондар альбумин және глобулинмен бай- ланып таратылады да, зат алмасуының барлық қырына барынша күшті ықпал етеді. Соған орай қалқанша безін тіпті организмдегі «зат алмасу моторы» деп те атайды. Ол жалпы организм резистенттігін күшейтіп, оны айғақтайтын динамикалық статусын жоғарылатады.
Организмдегі зат алмасуында атқаратын физиологиялық қызметтері айқындалған бұл биологиялық маңызды, яғни биогенді, микроэлементтер- мен қатар тіршілікте маңыздылығы айқындалып келе жатқан шартты биогенді микроэлементтерге молибден, селен, фторды жатқызуға болады.
Молибден. Әдетте мал азығында оның жетіспеушілігі байқалмайды, ал, керісінше, организмге көптеп енген жағдайда мыстың сіңімділігіне кедергі туғызып, антогонистік қатынаста болады.
Селен. Селен Е витамині, яғни токоферолдар сіңімділігін арттырып, бауырдың қызметін жақсартады, қозы мен бұзау бұлшық етінің өсуіне ықпалын тигізеді. Оның жетіспеушілігінен мал тәбеті бұзылып, өсуі тежеліп, бауыры ауырады. Е витаминінің жетіспеушілігінен туатын «бұлшық еттің ағаруы» (беломышечная болезнь) ауруына, тауықтар сіңірдегі дальтоникалық соқырлыққа (куриная слепота) шалдығады. Бұл аурулардың белгілері құс азығына натрий селенитін қосқанда жойылады. Жеген азығындағы селен мөлшері 10—30 мг/кг-нан асса, мал «сілті ауруы» (щелочная болезнь), немесе «соқыр айналмаға» (слепая вертячка) ұшырауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |