Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет44/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

13.1 Мемлекеттік стандарт түрлері

13.2 Көрсеткіштердің сипататтамасы


Қазіргі таңда өндірілетін өнімнің сапасын жақсартып,белгіленген стандарт талаптары мен ережелерін орындау, сапасын растайтын сертификат сәйкестегін алу сыртқы сауда бәсекелестігіндегі тауар өтімділігінің бірден – бір негізгі кепілі болып табылады.

Осыған орай, оқу орындарында болашақ сапалы мамандар дайындау барысында, олардың тәжірибелік білімін шыңдап қана қоймай, келешек өндіріс орындарында алған білімін дұрыс пайдаланып, оңтайлы шешім қабылдай білуі, қазіргі нарық заманының негізгі талаптары.

Соңғы жылдары бірқатар оқу орындарында «Стандарттау, метрология және сертификаттау» пәні оқу бағдарламасындағы міндетті оқылатын пәндердің қатарына еніп отыр. Мәселен, бұл сабақтар ресейдің көптеген жоғарғы оқу орындарында «Стандарттау және сертификаттау «Сапа басқару» сияқты мамандықтарында тереңдетіп оқытылады. Осы мәселелерге арналған басылымдар көбіне арнайы журналдар мен ғылыми еңбектерде ғана жарық көруде және олардың басым көпшілігі Ресей авторлары, оның ішінде И.Ф.Шишкин, Г.Д.Крылов, И.М.Лифиц, А.Г.Сергеев т.с.с. болып отырғаны жасырын емес.

Стандарттау – нақты бір не ықтимал міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежисіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттау нысаны (объект) – стандарттайтын өнім, үрдіс (процесс), жұмыс, қызмет.

Өнім – стандарттық немесе нормативтік құжаттардың талабына сәйкес шығарылатын материалдар өндеу нәтижесі.

Қызмет – тұтынушының қызметті талабын қантамасыз ететін, өндірушінің орындайтын жұмыс нәтижесі.

Материалдық қызмет – тұтынушыны қанағаттандыратын материалдық сұрамыстарын қантамасыз ететін қызмет.

Әлеуметтік қызмет – тұтынушыны қанағаттандыратын әлеуметтік-мәдени сұраныстарымен қантамасыз ететін қызмет.

Үрдіс (процесс), жұмыс - өнім өндіру немесе қызмет көрсету кезінде орындалатын жұмыстар жиыны.

Стандарттау саласы – стандарттаудың өзара байланысты объектілерінің жиынтығы: Мысалы, машина құрылысы, транспорт, ауыл шаруашылығынын техникасы т.с.с.

Техниканың даму деңгейі – белгілі уақыт аралығында техникалық жағдайға жеткен жетістігі. Өнімді, процесті, қызметті қолданып, ғылыми-техникалық және тәжірибе жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Стандарттың деңгейі – географиялық, саясаттық және экономикалық стандартты жұмыстардың есебімен қатысатын белгілі түрі.

Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды, белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.

Мемлекеттік стандарттау – мемлекет аралық мүддені білдіретін объектілерді станларттау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі - өз құзіреттері шегінді стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.

Мемлекетаралық стандарт – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің құрылысында Стандарттау және техникалық нормалау жөніндегі Мемлекет аралық ғылыми-техникалық комисия қабылдаған, міндетті және ұсынылатын талаптардан тұратын және оларға тікелей қолданылатын стандарт.

Халықаралық стандарттау – барлық елдердің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау.

Аймақтық стандарттау - әлемнің тек бір ғана географиялық, саяси немесе экономикалық аймағы елдерінің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау.

Стандарттаудың мақсаты - өнімге, процестерге (жұмыстарға), қажет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу, өнімнің, процестердің көрсетілген қызметтердің адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктері үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның Қорғауын қамтамасыз ету; саудада техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету; өнімнің техникалық және ақпараттық сиымдылығын, сондай–ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету; өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану; елдің қорғаныс қабілетін, жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету; табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; өнімнің үрдістердің, қызмет көрсетулердің сапа мәселесінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау.

Талапқа сай болуы - өнімнің, үрдістің немесе қызмет көрсету үшін берілген талапты белгіленген дәрежеде орындалу.

Сыйымдылық - өнімнің, процестердің (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердің белгіленген талаптарда қойылған шарттарға орай бірлесе орындау.

Өзара алмасымдылық – бір бұйымның, процестің, көрсетілген қызметтің, дәл сондай бір талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның, процестің қызмет көрсетудің орнына пайдалануға жарамдылығы.

Унификация – қажетті негізгі сұраныстарды қанағаттандыру үшін өнімнің, процестің, қызметтің оптималды сан мөлшерін анықтап белгілеу.

Қауіпсіздік – қауіпті жағдайлардың көп шығынға әкелетінін ескере отырып қауіпті жағдайлардың алдын алу және де болдырмау.

Қоршаған ортаны қорғау - өнімнен, процестен, қызмет көрсетуден туындайтын жаман әсерлерден қоршаған ортаны қорғау.

Өнімді қорғау - өнімді қолдану үшін сақтау немесе тасымалдау кезіндегі климаттық және тағы басқа жаман жерлерден қорғау және олардың алдын алу.

Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілеттік мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің заң актілерімен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік басқару органдарының осы талаптардың бұзылу фактілерін анықтауға, жолын кесуге, оларды жоюға бағытталған қызметі.

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізімі – стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нысаналардың, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.

Мемлекеттік басқару органы - өнімнің сипаттамаларын не онымен байланысты сақталуы міндетті болып табылатын өндіріс процестері мен әдістерін өз құзіретінің шегінде белгілейтін орган.

Стандарттау органы – стандарттау жөніндегі жұмыстарын ұлттық, аймақтық немесе халықаралық деңгейде жасауға қабылдаған мекеме, негізгі қызметі мәртебеге сәйкес, не қайта өңдеуге негізделгенін қарастыру немесе стандартқа сай деп қабылдап, оған тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолын жеткізу.

Ұлттық стандарттау органы – стандарттау жөніндегі ұлттық орган қабылдаған және халықаралық, аймақтық стандарттауға ұлттық мүше болуға құқығы бар стандарттау мекемесі.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган – заңдарға сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруға және сертификаттау жөніндегі халықаралық немесе аймақтық ұйымдарға Қазақстан республикасының өкілі болуға уәкілеттілік берген басқару органы.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым - әрбір елдің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мүшелерінің бірлескен ашық стандарттау жөніндегі ұйым.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет – экономиканың белгілі бір саласында мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мүдделі заңды тұлғалардың базасында құрылатын стандарттау жөніндегі жұмыс органы.

Стандарттау қызметін жүргізетін топтар – министрлікте, комитетте, агенствода, департаментте, кәсіп орындарда, фирмаларда және тағы басқа мекемелерде организациялар сияқты белгілі бір дәрежедегі мекемелерде стандарттау жұмысын жүргізетін арнайы дайындалған топ.

Нормативтік құжаттар – ережелерден, мінездемелерден, принциптерден тұратын құжат және де қызметтің әр түріне және олардың нәтижелеріне қатысты құжат

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат – уәкілетті мемлекеттік басқару органы бекіткен стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне және олардың нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін және тұтынатын тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жететін құжат

Стандарттау қызметінің жағдайы – міндеттерді және құқықтық нақты стандарттау қызметін белгілі ретпен бекітіп және қызметтің бағытын анықтайтын мекемелік – құқықтық құжат.

Регламент – мемлекеттік басқару органымен қабылданған және міндетті құқықтық нормалардан тұратын құжат.

Техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын енгізу арқылы міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құжат. Ол сондай-ақ терминологияға, белгілеуге, буып – тиюге, таңбалауға, өнімге, процеске (жұмысқа), қызмет көрсетуге немесе өндірістің әдісіне қолданылатын дәрежеде талаптарды қамтуы немесе ерекше мазмұндауы мүмкін.

Стандарт – мүдде, талаптардың келісім негізінде әзірленген және қызметтің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін ережелер, жалпы принциптер немесе сипаттамалар белгіленетін стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде танылатын орган бекіткен нормативті құжат.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, міндетті және ұсынылатын талаптардан тұратын және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт.

Мемлекет аралық стандарттау органы – мемлекет аралық пайдаларды көрсететін стандарттау объектілері.

Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт.

Ұлттық стандарт – стандарттау жөніндегі ұлттық орган қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт.

Фирмалық стандарт - өнімнің, процестің (жұмыстың), қызмет көрсетулердің нақты түріне қойылатын талаптарды белгілейтін, бір заңды немесе жеке тұлға әзірленген және тек сол жеке немесе заңды тұлға ғана қолданатын құжат.

Ғылыми – техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктің стандарты – қоғамдық бірлестікке сай қоғамдық бірлестіктің стандарты. Стандарттық атауларды қарастыратын қоғамдық бірлестікке сай болуы керек. Мысалы, «Инженерлік қоғамның стандарты».

Техникалық шарттар – нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат.

Негізін қалаушы стандарт – кең салада қолдануға болатын немесе белгілі бір салаға арналған жалпы ережелерді қамтитын құжат.

Мемлекеттік стандарттау – бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау.

Техника – экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіші - өнімнің, процестердің (жұмыстардың), қызмет көрсетулердің техника – экономикалық ақпарат объектілерінің жіктелген топтарының кодтары мен атауларының жүйелендірілген жиынтығын білдіретін құжат.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар қоры – Қазақстан Республикасының аумағында сақталуға міндетті стандарттардан, техникалық регламенттер мен құжаттардан тұратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару органдарының мамандандырылған қорларының жиынтығы.

Стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым – тек бір географиялық, саяси немесе экономикалық аймақтағы әрбір елдің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі тиісті мемлекеттік органның мүше болуы үшін ашық стандарттау жөніндегі ұйым.

Аймақтық стандарт – стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт.

Өнім үшін стандарт - өнімді немесе топтастырылған қызметтерді қанағаттандыратын, өзінің қолданылуына сай қамтамасыз етілетін талаптарды белгілейтін стандарт.

Қызмет үшін стандарт – қызметті немесе топтастырылмаған қызметтерді қанағаттандыруда қолданылуына сәйкес қамтамасыз етілетін талаптарды белгілейтін стандарт.

Нормативтік құжаттың негізгі бөлімі – нормативтік құжаттың мазмұнын құрайтын жағдайлар жиынтығы.

Қосымша элемент – нормативтік құжаттың құрамына кіретін қосымша информациялар.

Стандарттаудың бағдарламасы – стандарттау тақырыбы жөнінде жоспарлы тапсырма құратын органдық құжат.

Стандарттау бағдарламасының тақырыбы - стандарттау бағдарламасының міндетті түрдегі жоспарлы тапсырмасы.

Стандарттың жобасы – стандарт сапасын кең түрде қарастыратын, дауыс беретін немесе қабылдайтын стандарттың нұсқасы.

Стандарттау ережелері (метрология, стандарттау, аккредитациялау) – стандарттау (метрология, сертификаттау, аккредитациялау) жұмыстарын орындау ретін, әдісін, жағдайларын ұйымды – техникада және жалпы техникада қолданылуы міндетті түрде кіретін нормативтік құжат.

Халықаралық деңгейде горманизацияланған стандарттар – халықаралық стандартпен немесе стандарттармен горманизацияланған стандарттар.

Аймақтық деңгейде горманизацияланған стандарттар – аймақтың стандартпен немесе стандарттармен горманизацияланған стандарттар.

Екі жаққа негізделген горманизациялық стандарттар – стандарттауда екі органмен горманизацияланған стандарттар.

Көп жаққа негізделген горманизациялық стандарттар – стандарттауда үш немесе одан да көп органдармен горманизацияланған стандарттар.

Жағдай – нормативтік құжатқа кіретін хабарлау, нұсқау, немесе талап түріндегі логикалық бірлік.

Хабар – құрамына информациялар хабарламалар кіретін жағдай.

Инструкция іс әрекетті білдіретін және міндетті түрде орындалатын жағдай.

Рекомендация – құрамына кеңестер, нұсқаулар немесе жарлықтар кіретін жағдай.

Талап – критерийлерді міндетті түрде сақтайтын жағдай.

Міндетті талап – міндетті түрде құжатқа байланысты орындалатын нормативтік құжаттың талабы.

Альтернативті талап – белгілі бір шектерде сайлау орындалатын, осы құжатқа өткізілетін нормативтік құжаттың талабы.



Методикалық әдістемелік жағдай – бір немесе бірнеше әдістерге байланысты нормативті құжаттың талабын ұстанатын жағдай.
Сүрлем сапасына қойылатын талаптар (МСТ 23638-79)

Көрсеткіштер

Кластар

Иісі

І

ІІ

ІІІ




Жөғымды жеміс-көкөніс иісті

Әлсіз бал, және жаңа піскен қара бидай нанының сірке қышқылының иісі

Құрғақ заты, проц. күнбағыс

18

15

12

Бір жылдық шөптікі

25

20

15

Құрғақ затында шикі протеин, проц. бұршақ тұқымдастарда


14


12


10

Бұршақ-астық тұқымдастарда

12

10

8

Күнбағыста

10

8

8

Құрғақ заттағы:










каротин, мг/кг

60

40

30

Шикі күл күнбағыста, процент

13

15

17

Шикі күл басқа дақылдарда, процент

11

13

15

Қышқылдығы, рН

3,9-4,3

3,9-4,3

3,8-4,5

Сүрлемдегі май қышқылы, процент

0,1

0,2

0,3

Пішендеме сапасына қойылатын талаптар (МСТ 23637-79)



Көрсеткіштер

Кластар сипаттамасы мен нормасы

1

2

3

Иісі

Жеміс иісіндей хош иісті




Жеміс иісіндей хош иісті аз ғана бал немесе жаңа піскен қара нан иісі ешнәрсе етпейді

Түсі

Сұрғылт жасыл, сарғыш жасыл, беде үшін ашық қызғылт түс те ешнәрсе етпейді




Сұрғылт жасыл, сарғыш жасыл, беде үшін ашық қызғылт, ашық қоңыр түсте ешнәрсе етпейді

Пішендеменің құрғақ заттарының үлесі, процент:










Бұршақ тұқымдас

40-55

40-55

40-55

Астық жәше бұршақ-астық тұқымдас

50-60

40-60

40-60

Пішендеменің құрғақ затының құрамындағы шикі протеиннің үлесі, процент кем дегенде бұршақ тұқымдас

5

13

11

Бұршақ-астық тұқымдас

13

11

9

Астық тұқымдас

12

10

8

Құрғақ заттағы шикі клетчатка, көп дегенде процент

29

32

35

Құрғақ заттағы тез еритін көмірсу, көп дегенде

2







Құрғақ заттағы каротин, мг/кг

55

40

30

Азықтағы май қышқылы, проц. көп дегенде

Май қышқылы мүлде болмайды

0,1

0,2

Дәріс №14. Ғылыми-шаруашылық тәжірибелерін ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет