Егер баллонның қабырғасы 200С температурада 160 кГ\см2 қысымды көтере алады десек, онда ішіне 6,4 кг оттегі сиятын осы баллонның ең кіші көлемі қаншалық болуға тиіс?
270С температурадағы және 760 мм сын. Бағ. Қысымдағы 25 л көлемді алып тұрған күкіртті газдың (SO2) массасын табу керек.
500С температурада қаныққан су буының серпімділігі 92,5 мм сын. Бағ-на тең. Осы уақыттағы су буының тығыздығы неге тең?
Сыйымдылығы 1м3 жабық ыдыстың ішіне 0,9 кг су және 1,6 кг оттегі бар. 5000С температурадағы ыдыстың, осы температурада судың түгелдей буға айналатынын біле тұрып, қысымын табу керек.
Мыналарды: 1) сутегі; 2) гелий атомдарының массасын табу керек.
1 г су буының ішіндегі молекуланың саны қанша?
Ыдыстың ішінде 10-10 кмоль оттегі мен 10-6 г азот бар. Қоспаның температурасы 1000С-ге тең. Сонымен бірге ыдыстағы қысым 10-3 мм сын. бағ. –на тең. Мыналарды: 1) ыдыстың көлемін; 2) оттегі мен азоттың парциал қысымдарын; 3) осы ыдыстың 1см3 көлеміндегі молекуланың санын табу керек.
Кейбір газдың тығыздығы 6·10-2 кг/м3-ге, ал осы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/сек-қа тең. Газдың ыдыстың қабырғасына түсіретін қысымынтабу керек.
200С температурадағы сутегі молекуласының қозғалыс мөлшерін табу керек. Молекуланың жылдамдығын орташа квадраттық жылдамдыққа тең деп аламыз.
Көлемі 2 л ыдыстың ішінде 680 мм сын.бағ. қысымдағы 10 г оттегі орналасқан. Мыналарды: 1) газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын; 2) ыдыстың ішіндегі молекуланың санын; 3) газдың тығыздығын табу керек.
Көлемі 2 л ыдыстың ішінде 1,5·105 Н/м2 қысымда тұрған екі атомды газдың жылулық қозғалысының энергиясы неге тең болады?
р=40 мм сын.бағ. қысымдағы және t=270С температурадағы екі атомды газ молекулаларының қанша саны V=10 см3 көлемді алып тұрады? Осы молекулалардың жылулық қозғалысының энергиясы қандай?
Оттегі үшін тұрақты қысымдағы меншікті жылу сыйымдылығының тұрақты көлемдегі меншікті жылу сыйымдылыққа қатынасын табу керек.
Азот үшін қатынасын 1,47-ге тең деп алып, оның диссоциациялану дәрежесінің неге тең болатынын табу керек.
2 л азотқа 105 Н/м2 қысым түсіп тұр. 1) p=const болғанда көлемі екі есе өсіру үшін, 2) V=const болғанда қысымды екі есе өсіру үшін азотқа қандай жылу мөлшерін беру керек?
12г оттегіне, қысым тұрақты болған уақытта оны 500С-қа дейін қыздыру үшін, қаншама жылу мөлшерін беру керек?
Қалыпты жағдайдағы көлемі 2 л жабық ыдыстың ішінде m грамм азот және m грамм аргон бар. Осы газ қоспасын 1000С-қа қыздыру үшін қандай жылу мөлшерін беру керек?
Қысымы 300 мм сын.бағ болғанда тығыздығы 0,3 г/л-ге тең газ молекуласының орташа арифметикалық, орташа квадраттық және ең ықтимал жылдамдықтарын табу керек.
Сутегі молекулаларының қандай бөлігі 00С температурада 2000 м/сек-тан 2100 м/сек-қа дейінгі жылдамдықтарға ие болады?
Т=1500С температурадағы азот молекулаларының қандай бөлігі v1=300м/сек-тан v2=800м/сек-қа дейінгі интервалда жатқан жылдамдыққа ие болады?
Баллон ішінде 2,5 г оттегі бар. Жылдамдығы орташа квадраттық жылдамдықтан артық болатын оттегі молекуласының санын табу керек.
1000С температурадағы және 0,1 мм сын. бағ. қысымдағы көмірқышқыл газы молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығын анықтау керек. Көмірқышқыл газы молекуласының диаметрін 3,2·10-8 см-ге тең деп аламыз.
Қалыпты жағдайдағы ауа молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығын табу керек. Ауа молекуласының диаметрін шартты түрде 3·10-8 см-ге тең деп аламыз.
р=10-3 мм сын. бағ. қысымдағы және t=500С температурадағы сутегі молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығы неге тең?
Қалыпты жағдайдағы гелийдің диффузиялық коэффициентін табу керек.