Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды



бет2/3
Дата25.05.2023
өлшемі10,16 Mb.
#177750
1   2   3
Комптон эффектісі - шашыраған сәуле шығарудың толқын ұзындығы түскен сәуленің толқын ұзындығынан көп болған кездегі еркін немесе әлсіз байланысқан электрондағы жоғары жиіліктіэлектромагниттік сәулеленудің серпімді шашырауы.

1.Серпімді және серпімсіз соқтығысуларды сипаттаңыз.



1.Атомның құрылысы, Д.Д. Томсон жəне Э.Резерфорд моделін сипаттаңыз.


1903ж ағылшын физигі Дж. Дж Томсон атомның алғаш физикалық моделін ұсынды. Осы модельге ендеше атом оң зарядтан сфера ал электронның сол сфераның әр жерінде болып атом тұтас алғанда бейтарап болатындай орналасады деген. Бірақ бұл модель көптеген күдік туғызады. Себебі тұтас заттарда оң және теріс зарядтар бір – бірне қосылып кету күдігі бар еді.

Томсон модельінің дұрыс бұрыстығын әйтеуір бір амалмен атом қойнауын тікелей барлап қарау арқылы шешуге болатын еді. Міне осындай тәжірейбені Э.Резерфорд пен оның шәкірттері Г.Гейгер және Э. Марсден 1991жылы жүргізді. Осы тәжірейбелерді жұқа алтын фольгадан немесе α- бөлшектердің шашырауы зерттелді.


Шашырап шыққан α- бөлшектің заряд электронның екіленген зарядына тең болып, таңбасы оң болады. Сол үшін гелий деп аталады. Жылдамдығы 107м/с шығады. Егер Томсон моделі дұрыс болса, онда металл фольга біртұтас оң зарядтан тұратын ішінде электрондары бар плёнка (қабыршық) болып табылады. Ал α- бөлшектің ағыны осындай фольга арқылы өз бағытын өзгертпей өтуге тиісті болуы керек еді. Тәжірибеде осы жорамал тексеріліп α-бөлшектің көпшілігі алтын фольга арқылы өткенде күткендегідей ауытқымай өткен. Бірақ таңқаларлық нәрсе α-бөлшектің аздаған бөлігі әртүрлі θ бұрыштарға шашыраған. Олардың кейбіреулері үлкен бұрыштарға, тіпті серпілетіндері де шамамен 8000-нан біреуі қалғандары θ бұрышпен шашыраған.Резерфорд бұл көрініс арқылы құралы тұралы былай деген: «Мұның өзі егер 15дюймдік (1дюйм=2,54см) снаряд пен жұқа темекі қағазын ататын болсақ сол снаряд кері қайтып, сізге тигені сияқты ақылға қонбайтын нәрсе деген».Осы тәжірибе нәтижелері Томсон моделінің келісімсіздігін көрсетті. Сөйтіп Резерфорд атомының оң заряды түгелімен және массасының басым көпшілігі ядро деп аталады. Атом көлемінің өте кішкентай бөлігінде (d=10-15м) шоғырлануға тиіс деген қортынды жасады. Яғни ядро массасына әрі зарядына жауап береді.


Атом ядросының мөлшерін α-бөлшек ядросымен бетпе-бет соғылысқанда оған қаншалықты жақындай алатындығын білу арқылы балауға болады. Осы қаншалық ядро мөлшерінің жоғары шегі ретінде қабылданады. Сонда ядро радиусыщамамен 6*10-14м щамасынан ауытпайтынын анықтайды.Атом диаметрі шамамен 10-10м, ал ядро диаметрі 10-15м болған атомдағы кеңістіктің көпшілік бөлігі «бос» болып табылады.


1911ж Резерфорд ұсынған атом моделі күн системасын еске салатын модель болып табылады.Сонда атом орталығында оң зарядталған ядро орналасқан,ал оны дөңгелек орбиталар бойынша электрондар айнала қозғалады.Осы орбиталардың мөлшері атом мөлшерін анықтайды.


1.Сақталу заңдары туралы жазыңыз.
Сақталу заңдары — кез келген процесте немесе олардың белгілі класында кейбір физикалық шамалардың сан мәндерінің уақытқа байланысты өзгермейтіндігін тұжырымдайтын физикалық заңдылықтар. Кез келген оқшауланған физикалық жүйе үшін орындалатын маңызды сақталу заңдарына энергияның, импульстің, қозғалыс мөлшері моментінің, электр зарядының сақталу заңдары жатады. Жалпы сақталу заңдарымен бірге физикалық жүйелер мен құбылыстардың тек шектеулі кластары үшін ғана орындалатын сақталу заңдары да болады. Салыстырмалықтың арнайы теориясында масса мен энергияның сақталу заңдары қайта қаралып біріктірілді. Сақталу заңдары физикалық жүйелердің симметриялық қасиеттерімен тығыз байланысты. Егер жүйенің симметриялық қасиеті белгілі болса, онда ол үшін сақталу заңдарын немесе керісінше сақталу заңдары белгілі болса, жүйенің симметриялық қасиеттерін анықтауға болады.
1.есеп

1.есеп

1.есеп

1.есеп

1.есеп

1.есеп

1.есеп

1.есеп

1.есеп

1.есеп

2.есеп

2.есеп

2.есеп

2.есеп

2.есеп

2.есеп

2.есеп

2.есеп

2.есеп

2.есеп


3.Жұмыс және механикалық энергияны сипаттаңыз.
Жұмыс, физикада – күштің сан шамасы мен бағытына және оның түсу нүктесінің орын ауыстыруына тәуелді күш әсерінің өлшемі. күш әсерінің кеңістіктік сипаты болып келетін скаляр физикалық шама.
Механикалық жұмыс тұрақты күш модулінің орын ауыстыру модуліне және олардың арасындағы бұрыштың косинусының көбейтіндісіне тең
Бірлік уақыт ішінде атқарылатын жұмысты сипаттайтын скаляр физикалық шама (жұмыстың істелу жылдамдығы) қуат деп аталады
мұндағы
-қуат,
- жұмыс,
- оның орындалу уақыты.

Қуаттың бірлігі ватт:


Д
ж
Ол XVIII ғасырдың соңында алғашқы бу машинасын ойлап тапқан ағылшын инженері - өнертапқыш Джеймс Уаттың құрметіне аталған. Тұрмыста қуаттың
ат күші = 736 Вт өлшем бірлігі жиі қолданылады.

күш тұрақты болған жағдайда қуат бірқалыпты қозғалған дененің жылдамдығына байланысты болады.


Механикада дененің механикалық күйін сипаттайтын шамалар дененің координаталары және жылдамдығы болады. Бұл шамалар үздіксіз өзгеріп отырады. Механикалық энергия дененің механикалық күйін сипаттайды. Дене жұмыс атқарғанда энергиясы өзгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет