Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды



бет3/3
Дата25.05.2023
өлшемі10,16 Mb.
#177750
1   2   3
Энергия - дененің жұмыс істеу қабілетін сипаттайтын физикалық скаляр шама Дж

3. Атом ядросының мөлшері, құрамы және зарядын сипаттаңыз.





3.Молекулалық – кинетикалық теорияға анықтама беріңіз.


ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында экспериментік негіздеудің нәтижесінде молекулалардың өзара әрекеттесуін және қозғалыстарын сипаттайтын келісті теория молекула-кинетикалық теория жасалды.

Заттардың құрылысы туралы молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:


1. Барлық дене (зат) белгілі бір арақашықтықта орналасқан бөлшектерден тұрады (молекула, атом, иондар).


Тәжірибелік дәлелдеу (негіздеу)


- заттың ұсақталуы, - заттардың араласуы (диффузия),


- сұйықтың булануы, - тунелді микроскоптың суретке түсіруі.


2. Заттың құрамындағы атомдар мен молекулалар үздіксіз хаосты қозғалыста болады.





3. Бөлшектер арасында молекулалық өзара әсерлер болады (тартылу, тебілу).


Тәжірибелік негіздеме:


- Қатты дене пішінінің сақталуы.


- Бөлшектер белгілі арақашықтықта болуы.


- Денелердің серпімділігі.


- Денелердің өңделген беттерінің жабысуы.


3. Линза, жұқа линза өрнегін жазыңыз.



3.Электр зарядының сақталу заңын түсіндіріңіз.
Зарядтың сақталу заңы – кез келген тұйық жүйенің (электрлік оқшауланған) электр зарядтарының алгебралық қосындысының өзгермейтіндігі (сол жүйе ішінде қандай да бір процестер жүрсе де) туралы табиғаттың іргелі дәл заңдарының бірі. Ол 18 ғ-да дәлелденген. Теріс электр зарядын тасушы электронның және электр зарядының шамасы электрон зарядына тең оң электр зарядты протонның ашылуы, электр зарядтарының өздігінше емес, бөлшектермен байланыста өмір сүретіндігін дәлелдеді (заряд бөлшектердің ішкі қасиеті болып саналады). Кейінірек электр заряды шамасы жөнінен электрон зарядына тең оң не теріс зарядты элементар бөлшектер ашылды. Сонымен, электр заряды дискретті: кез келген дененің заряды элементар электр зарядына еселі болып келеді. Әрбір бөлшектің өзіне тән белгілі бір электр заряды болатындықтан, бөлшектердің бір-біріне түрлену процесі болмаған жағдайда, зарядтың сақталу заңын бөлшектер саны сақталуының салдары ретінде қарастыруға болады. Мысалы, макроскопиялық дене зарядталған кезде зарядты бөлшектер саны өзгермейді, тек зарядтардың кеңістікте қайтадан тарала орналасуы өзгереді: зарядтар бір денеден басқа бір денеге ауысады.

Бөлшектерге бір-біріне түрлену процесі тән – элементар бөлшектер физикасында бір бөлшек жоғалады, бір бөлшек жаңадан пайда болады. Бұл жағдайда да зарядтың сақталу заңы қатаң сақталады, яғни бөлшектердің өзара әсерлесуі және түрленуі кезінде қосынды заряд өзгермейді. “Жаңа” зарядты бөлшектің пайда болуы не сондай заряды бар “ескі” бөлшектің жоғалуымен, не заряды оған қарама-қарсы зарядтар жұбының пайда болуымен (мысалы, бөлшек-антибөлшек жұбының пайда болу процесі) бір мезгілде өтеді. Оның үстіне, мұндай түрленулер кезінде зарядтың сақталу заңынан басқа да сақталу заңдары (энергияның сақталу заңы, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы, т.б.) орындалады.


Зарядтың сақталу заңы энергияның сақталу заңымен бірге электронның орнықтылығын “түсіндіреді”. Электрон (және позитрон) – зарядталған бөлшектердің ең жеңілі. Сондықтан да ол ешуақытта ыдырамауға тиіс. Электронның өзінен гөрі ауыр зарядталған бөлшектерге (мысалы, мюонға, -мезонға) ыдырауына энергияның сақталу заңы, ал оның өзінен гөрі жеңіл бейтарап (нейтрал) бөлшектерге (мысалы, фотонға, нейтриноға) ыдырауына зарядтың сақталу заңы кедергі болады. Зарядтың сақталу заңының дәл орындалатындығын электронның өз зарядын 51021 жыл бойы жоғалтпайтындығынан көруге болады.


3.Бір қалыпты, бір қалыпты айнымалы қозғалысты салыстырыңыз.



3.Айнымалы және тұрақты токты салыстырыңыз.


Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы.
Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтын Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы, гальвани элементтері, термоэлементтер, батареяларға топтастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар және — пайдалы әсер коэффициенті жоғары магниттік гидродинамика генераторлары жатады. Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен, айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.

Айнымалы және тұрақты ток арасындағы айырмашылық бұл негізінен оны өткізетін кабельдерде электрондардың қозғалу тәсілінде жатыр. Айнымалы токта бұл тербелмелі қозғалыс, ал тұрақты токта электрондар тек бір бағытта жүреді: теріс полюстен.


Бірақ олардың пайда болуынан бастап пайдалану тиімділігіне, қауіпсіздік пен көлікке дейінгі айырмашылықтар көп. Әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан біреуін немесе екіншісін қолдану қолданылуға байланысты.


3.Термодинамиканың екінші бастамасын сипаттаңыз.


Термодинамиканың екінші заңы мүмкін болатын энергетикалық түрленудің бағытын көрсетеді және сол арқылы табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын білдіреді. Заңның сырттай өзгешелігіне қарамастан, негізгі мағынасы бір, сондықтан тең түсетін бірнеше тұжырымдамасы бар.



Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қозғалтқыштарды жылу қозғалтқыштары деп атаймыз.


Жылу қозғалтқыштарының дұрыс схемасы және жұмыс істеу принциптері:

Идеал жылу қозғалтқыштың жұмыстық денесі – идеал газ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет