Егер Сержанның 11 доллары қалса, оның қанша ақша жұмсағанын есептеңіз



бет1/2
Дата13.03.2023
өлшемі2,57 Mb.
#172201
  1   2
Байланысты:
Ақбота 7-8 сынып сұрақтары жауабымен
төлем 25.08.2021, счет июль 25, Қаулы тұмау №300919151008, 47-бұйрық ЖРВИ,Тұмау, 1

8 сынып
Бір күні Сержан мен Алтынбек дүкенге бару үшін өздерімен бірге біраз ақша алып шықты. Сержан ақшасының Алтынбектің ақшасына қатынасы 3:5. Сержан Алтынбек сатып алған қуыршақтан екі есе қымбат тұратын ойыншық көлік сатып алды. Сонымен қатар, Сержанға қарағанда Алтынбектің ақшасы 40 долларға көп болды.
Егер Сержанның 11 доллары қалса, оның қанша ақша жұмсағанын есептеңіз.
*

A) $29
B) $28
C) $20
D) $17
Суретте көрсетілген фигураның ауданын табыңыз. 
*

A) 450 см²
B) 628 см²
C) 393 см²
D) 457 см² ( *)
Сыныптағы Х адамнан тұратын топтың орташа дене салмағы 60 кг. Мұрат, Олжас және Мағжан топқа қосылғанда, дене салмағының орташа массасы 80 кг болды. Мұрат, Олжас және Мағжанның орташа салмағы 100 кг.
X мәні неге тең?

A) 3 (*)
B) 2
C) 4
D) 5
Ежелгі Египет тұрғындары сандарды бір-біріне көбейту үшін белгілі бір әдісті қолданған. Бұл әдіс әлі күнге дейін қолданыста, өйткені ол тек сандарды екі еселеу және қосу туралы негізгі білімді қажет етеді. Әсіресе, рим сандарын көбейту кезінде ыңғайлы.
13 және 7 сандарын көбейту үшін екі бағаналы кесте құру керек. Ол үшін әр бағанның жоғарғы жағына 13 және 7 сандарын жазыңыз. Сол жақ бағанға санды бірнеше рет екіге бөліңіз. Тек бүтін санды есепке алыңыз. Сәйкесінше, 13-тің жартысы - 6 (0,5 қалдығы есепке алынбайды), 6-ның жартысы - 3 және т.б. 1-ге жеткенше қайталаңыз. 
Ал оң жақ бағандағы санды әрдайым екіге көбейтіп отыру керек. Содан кейін сол жақ бағандағы жұп саны бар барлық қатарды сызып тастаңыз. Соңында, оң жақ бағандағы барлық қалған сандарды қосу керек: 7 + 28 + 56 = 91. Шынында да, 7 × 13 = 91-ге тең.
Ежелгі мысырлықтардың негізі төртбұрыш болатын пирамида салуды көздеді. Пирамида негізінің ұзындығы мен енінің әрбіреуі 26 блоктан тұрады. Жоғарыда аталған әдіс бойынша, пирамиданың негізін салуға қажетті блоктар санын табу үшін ол оң жақ бағанда қандай сандарды қосу керек?
*

A) 52 + 208 + 416
B) 26 + 26 + 208 + 208 + 208
C) 26 + 52 + 78 + 104 + 416
D) 26 + 52 + 104 + 208 + 416
Самат туған күнін тойлау үшін жексенбі күні достарын жинап, кеш ұйымдастырды. Ол өзінің сүйікті пиццериясынан бір үлкен Гавай пиццасына тапсырыс берді. Пиццаның диаметрі 14 см болуы керек еді. Қонақтар келмей тұрып, ол пиццаның диаметрін өлшеді. Алайда, пиццаның диаметрі небәрі 13 см тең болды!
Пиццаның ауданы оның болжанған өлшемімен салыстырғанда қанша пайызға аз?

A) 7,1 %
B) 16%
C) 13,8 %
D) 7,7 %
Мұғалім Айбекке төмендегі кестеде көрсетілген заңдылықпен 1-ден 100-ге дейінгі сандарды орналастыр деп тапсырма берді. Ол берілген кестені сандармен толтыруды жалғастырды. 100 саны қай бағанда болатынын анықтаңыз?

A) D бағаны
B) C бағаны
C) B бағаны
D) E бағаны
Төмендегі суретте көрсетілген қаптаманы пайдалана отырып, компания Рубик текшелерін осы қораптарға мүмкіндігінше көп жинауға тырысады. Рубик текшесінің өлшемдері 3 см * 3 см * 3 см. Ең көп дегенде неше Рубик текшесін қорапқа салуға болады?
*

A) 10
B) 14 (*)
C) 12
D) 16
Дмитрий мектептегі жәрмеңкелердің біріне суши жасағысы келеді. Ол сушиге балық сатып алу үшін 24 доллармен балық базарына баратын болды. Басында тунец сатып алғысы келді, бірақ оның орнына лосось сатып алса, сол ақшаға 180 г артық балық алуға болатынын түсінді. Сондықтан Дмитрий лосось балығынан суши жасауға шешім қабылдады.
Егер 100 грамм лосось 100 грамм тунецтен 3 долларға арзан болса, Дмитрий 24 долларға қанша грамм лосось сатып алды?
*

A) 701 г-нан 1000 г-ға дейін
B) 101 г-нан 300 г-ға дейін
C) 401 г-нан 600 г-ға дейін
D) 1501 г-нан 2000 г-ға дейін
Еуро 2020 - 16-шы УЕФА Еуропа чемпионаты, төрт жылда бір рет өтетін халықаралық ерлер арасындағы футболдан Еуропа чемпионаты. Әзербайжан астанасы Баку қаласындағы Баку Олимпиадалық стадионында Чехия мен Дания арасындағы ширек финалдық кездесу өтті.
Кейбір елдердің жергілікті уақыты берілген: Бразилия, Бразилия: GMT-3; Баку, Әзірбайжан: GMT+4; Сингапур: GMT+8. Матч өтетін орнына қарамастан 2021 жылдың 3 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 21:30-да басталуы керек. Егер матч Әзірбайжан астанасы Бакуда емес, Бразилияда ойналса, матч Сингапурда қанша сағатқа ерте/кеш және қай уақытта көрсетіледі?
*

A) 7 сағат кешігіп, 4 шілде 8:30
B) 7 сағат кешігіп, 3 шілде 22:30
C) 7 сағат ерте, 4 шілде 8:30
D) 7 сағат ерте, 3 шілде 22:30
Роальд Далдың «Матильда» романында Брюс Богтроттер есімді бала мұғалімдер бөлмесінен торт ұрлап жатқан жерінде ұсталады. Оны директор бүкіл мектеп алдында жазаламақ болып, 18 дюймдік тортты жегізеді.
Торттың жоғарыдан көрінісі төменде көрсетілген:
Торттың диаметрі 18 дюйм. Брюс торттың ABC сегментінен бастады. OC 7 дюймге тең және AB-ға перпендикуляр. Бұл бөлік бастапқы торттың қанша пайызын құрайды?
*

A) 15%
B) 4%
C) 9%
D) 6%
Эйфель мұнарасын салу идеясы алғаш рет ұсынылған кезде, париждіктер оның Нотр-Дам сияқты тарихи ескерткіштермен салыстырғанда тым биік және ұсқынсыз болады деп шағымданған.
Эйфель мұнарасының биіктігі 324 метр. Нотр-Дамның биіктігі (өрт болғанға дейін) 69 метр. Нотр Дам Эйфель мұнарасынан 4 километр жерде орналасқан.
Жолда басқа ғимараттар жоқ деп есептесек, кез келген адам Эйфель мұнарасындай өзін биік етіп көрсету үшін турист Нотр-Дамнан қаншалықты алыс болуы керек?



A) 1082 м
B) 852 м
C) 255 м
D) 69 м
Жеңіс - қаржы нарығындағы инвестор. Қаржы нарығында адамдардың компаниялар акцияларын сатып алып, қайта сату мүмкіндігі бар. Акцияны төмен бағамен сатып алып, оны жоғары бағамен сату арқылы адамдар пайда таба алады. Бастапқыда Жеңісте $15,000 қолма-қол ақша бар еді. Ол Horst Co компаниясының бір акциясының құны $342 болған кезде 30 акция сатып алды. Кейінірек акция бағасы $509 долларға дейін өскен кезде Жеңіс 20 акциясын сатты. Ал акцияның бағасы қайтадан $420 долларға түскенде, Жеңіс тағы 25 акция сатып алды.
Осы операциялардан кейін Жеңісте қанша акция және қолма-қол ақша болады?
*

A) $4 420 қолма-қол ақша, $10 580 акция (*)
B) $4 420 қолма-қол ақша, $13 920 акция
C) $1 080 қолма-қол ақша, $13 920 акция
D) $4 420 қолма-қол ақша, $14 700 акция
Пифагор теоремасы. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты қалған екі қабырғасының квадраттарының қосындысына тең. Мысалы, төменде көрсетілген үшбұрыш үшін a²+b²=c².
Батырбек суретте көрсетілген жолды бойлап жүгіруді жоспарлады. Бір айналым А-дан В-ға, В-дан С-ға, С-дан D-ге және D-дан кері қарай А-ға жүгіруден тұрады. А-дан В-ға дейінгі қашықтық 400м, С-ден D-ге дейінгі қашықтық - 300 м, ал А-дан С-ға дейінгі қашықтық 200 м.
Батырбек осы жолды бойлай екі рет жүгірсе, жалпы қанша қашықтықты жүгіріп өтеді?

A) 2000 м
B) 3016 м?
C) 1800 м?
D) 1508 м
Car Motors шығарған барлық автомобильдердің 0,5%-ның ақауы бар (дефект). Бұл ақауы бар көліктердің 80%-ы зауытта бірден жөнделеді. Қалған 20%-ы елеусіз қалып, сауда нүктелеріне жеткізіледі. 2020 жылы Car Motors компаниясы Қазақстанға 30 000 көлік жөнелтті.
2020 жылы Қазақстанға қанша ақаулы (дефект) көлік жөнелтілгенін есептеңіз.

A) 300
B) 12 000
C) 120
D) 30 (*)
Жыл сайын әлемдегі ең мықты шахматшылар әлем чемпионы атағын алу үшін турнирде өз бағын сынайды. Турнир барысында әр ойыншы қарсыластарымен бірнеше партия ойнап, ең көп жеңіс ұпайларын жинаған ойыншы чемпион атанады.
Турнир ережелеріне сәйкес жеңіс үшін бір ұпай, тең нәтиже үшін - жарты ұпай, ал жеңіліс үшін - нөл ұпай беріледі. Қорытынды нәтиже барлық жинаған ұпай сандарының жалпы ойнаған партиялар санына пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.
1959 жылғы өткізілген турнирде 16 жасар Бобби Фишер (суретте бейнеленген) 8 партияда жеңіске жетті, 11 партиядан жеңіліп және қалған 9 партияда тең нәтижеге жетті. Оның қорытынды нәтижесі қандай болды?
*

A) 44,6%
B) 28,6%
C) 60,7%
D) 42,1%
Евклид алгоритімін екі санның ең үлкен ортақ бөлгішін (EҮОБ) табу үшін қолдануға болады. Төменде оны қолданудың мысалы келтірілген: 
546 және 117 сандарының EҮОБ:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет