Кеңістік пен уақытты кабылдау
Кеңістік пен уақыт — материяның өмір сүруінің негізгі форма-лары. Сондықтан, кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулак өмір сүреді деу шындыққа сай келмейді. Бүкіл әлемдегі барлық заттар мен қүбылыстар кеңістікте белгілі төртіппен орналасып қана қоймайды, сонымен қатар материя қозғалысының нәтижесінде уақыт арқылы үздіксіз өзгеріске үшы-рап, қайтажаңғырып, дамып отырады. Материядан тәуелсіз, оның қозғалысынан тыс жеке-дара ешбір кеңістік те, уақыт та жоқ.
Кеңістікті қабылдау — заттар мен қүбылыстардың көлемін, түрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін, ба-ғыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау — көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады.
Тек адамның нақтылы тәжірибесі жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дүрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және фор-масын қабылдау арқылы ғана кеңістікті дүрыс кабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да ксңістікке орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түрқы (үзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т. б.) болады. Сондай-ақ, олар бізден түрлі қашықтықта түрады.
Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық керу) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (мо-нокулярлық көру) терендік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мүны бір көзді жұмып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады.
Бинокулярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосы-лып көрінуі маңызды рөл атқарады. Екі көзбен көруде түрлі зат-тардың түтасып көрінуі, оның қашықтығы мен қоршауын, шама-сы мен түсін, рельефін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвер-генциясы46 яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әре-кет етуі қажет болады. Бүл қүбылыс жақындағы нәрсені ажырату-да байқалады. Көз тіккен нәрсе неғүрлым жақын түрса, конвер-генция да сонша күшті болады да, көз ішке бүрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заітарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомодация деп атайды. Көздің аккомодациясы хрусталь дөңестігінің езгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.
Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторы-ның мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеуде48 көру қозғалыс қабылдауы қатыспайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі, шәкірттердің оқу материалдарын тиянақты үғынуы, жіберген қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, әр пәннің (сызу, сурет, еңбек т. б.) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жүмыс істеуге ықпал ететіндігі жақсы байқалған.
Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында түрғанға үқсайды. Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығып қалатындай көреді.
Адам қашықтықты айыруды да өмір тәжірибесі арқылы үйренеді. Мәселен, қашықтықтағы нәрсенің дәл шамасын білу
Конвергенция — латынның конвергере деген сөзі. казақша"жақындату деген мағынаны білдіреді.
Аккомодация — латынның аккомодатио деген сөзі, қазақша көз уйрету деген мағынада.
Зерттеуде — Ғ. Айманов. Оқушылардың көру - қозғалыстык, қабылдауының қалыптасуы мен дамуындағы жас және даралык өзгешеліктері. Қазақстан мектебі, 1965, 7, 20-26 - беттер.
үшін бала алғашқыда сол нәрсенің көрінуіне лайықты тиісті қоз-ғалыс жасауға әдеттенеді.
Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап түрған бет алысы — көздің торлы қабығында сәулеленумен бірге, дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Заттың бет алысын адам тік түрып не-месе отырыи горизонталь жағдайда ғана жақсы қабылдай алады. Мүндайда адам өзінің түрған жерінен алдындағы бір затты ныса-на етіп, қалған заттардың бет алысын соған бағдарлайды. Мәсе-лен, қүла түзде түрып бет алдымыздағы затгарды көрсеткенде, на-зарымызды бір затқа ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың не оң жағында, не сол жағында, не бер жағында, не түбінде, не үстінде т. б. деп айтамыз.
Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мүідесі ғана қатыс-пайды, мүнда қозғалыс, сипай сезу түйсікте де елеулі рөл атқара-ды. Мәселен, іштен соқыр болып туған баланың операциядан кейін көзі көрсе де, шарды жай дөңгелектен, төрт бүрышты затты үш бүрышты заттан айыра алмаған. Сондай-ақ, жаңағы бала екі нәрсенің арасындағы қашықтықты да ажырата білмеген. Бір нәрсені қашықтыққа қойып, оны енді ал дегенде ол қолын олай-бүлай созып, дәл үстай алмай, қармалап жүріп қолын нәрсеге әз.ер жеткізген. Бала нәрсені қолына алып, сипап байқағаннан кейін ғана оның үлкендігін, формасын т. б. айыра алған. Бүл ай-тылғандар кеңістікті қабылдауда кинестезиялық түйсіктер де қаты-насатындығын көрсетеді.
Кеңістікті дүрыс қабылдап үйрену кішкентай кезден бастала-ды. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді үстап, байқап, сипап қарайды, олардың формасын үлкен-кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікке орналасуын жақсы аңғара алатын болады. Заттардың кеңістікте орналасуын дүрыс біле алудың адамның іс-әрекеті үшін (әсіресе, шоферлерге, үшқыштарға, суретшілерге, әскери қызмет-керлерге, дәл аппарат жасайтын мамандарға т. б.) қаншама маңызды екендігі түсінікті. Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материя-ның өмір сүруінің объективтік реалды формасы.
Уақытты қабылдау да сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыс-тарда болатын өзгерістердің санаға өсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт — дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалы-пқа келіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттар-дың пайда болып отыруының көрсеткіші. Шындық қүбылыстар-дың тізбегі, бірізділігі, объективтік үзақтылығы уақытты қабылдау арқылы белгілі болып отырады. Сыртқы дуниедегі оқиғалар-дың бәрі бір бағьпта, яғни өткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа қарай ағады. Осылай бір бағытта ағу — сыртқы дүниедегі оқиғалардың объективтік белгісі. Бүлар жеке адамның түйсігінен, қабылдауынан тыс болып отыратын реалды қүбылыстар. Уақыт-ггы қабьБідау бірнеше компонентгерден түрады. Соның бірі — уақыт-тың ритмі. Уақыттың ритмі — қүбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бірізділігі. Уақыт темп арқылы өлшенеді. Темп — қүбылыстардың бірізділігінің тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақыттың шақтарыы қабылдауда субъективтік моменттер де орын алады. Мәселен, өткен шақ адамға өте қысқа мерзімді бо-лып көрінеді. Өткен шақты, әсіресе, бізден алыс дәуірді минут-тап, сағаггап санап отырмай айлап, жылдап, ғасырлап, дәуірлеп есептейміз. Халқымызда ежелден келе жатқан уақыт өлшемдері, атаулары аз емес. Олар: азан, түс, намаздігер, бесін, сәске т. б. Осы секілді атаулардың шәкірт танымына үлттық бояу, реңк беретіні белгілі. Өткен оқиғалар адамға кемескілеу болып та көрінеді. Уақыттың өтуінің түрліше қабылдануы сол кезенде өткен оқиғаларға байланысты.
Осы шақтың (үстіміздегі дәуір) бізден алысырақ мерзімдері ғасыр, жыл, ай үғымдарымен белгіленсе, оның бізге жақынырақ кезендері: күн, сағат, минут, секундпен есептелінеді. Осы шак әркез объективтірек болып қабылданады, өйткені бүл кезең нақтылы ісімізбен, тікелей кабылдауымызбен үштасып жатады.
Өткен шақтың тез өткеніндей, келер шақтың өте үзақ тәрізденіп көрінуі субъективтік жағдайлардың нәтижесі. Егер адамның уақыты мағыналы, қызықты істермен толы болса, ол уақыттың қалай өткенін байқамай да қалады. Адамның көңілі қаншалык шат болса, соншалықты уақыт та тез өткендей болып кдбылдана-ды. Мәселен, қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді. Ал, керісінше, адамның уақыты мәнсіз өтсе, ол кезең бітпейтіндей болып керінеді. Сол сияқты, поезды күтіп отырған адамға да уақыт өтпейтіндей болады.
Уақыттың қабылдануы оның қандай мазмүнда болуымен де шарттасып жатады. Егер үсақ-түйек әрекетпен өткен уақыт үзак болып көрінсе, пайдалы әрекетке толы уақыт тез өтеді. Көбінесе, уақытты субъективтік болжау дүрыс болмай шығатындықтан, оны объективтік өлшемдермен (минут, сағаттәулік, аптат. б.) өлшеген дүрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |