Әңгімелер! Бүркіт пен оның балапандары


Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім



бет3/5
Дата23.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136577
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 әңгіме

Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
- Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?- депті. 
Жиналған халық көп дағдырап: 
Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. 
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті. 
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. 
Сонда Жәнібек хан: 
- Елде келмеген кім қалды?- деп сұрапты. 
- Келмеген Қарабас шешен қалды,- депті халық. 
Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. 
Сонда Қарабас:
- Жетім үшеуі емес, бесеу еді ғой! – депті де: 
Оты жоқ жер жетім, 
Басшысы жоқ ел жетім, 
Елінен ауған ер жетім, 
Тыңдаусыз сөз жетім, 
Жоқтаусыз қыз жетім, - депті.



Екі дос

Екі дос шөл далада келе жатыпты. Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезсе де, үндемей, құмға: "Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды" деп жазып қояды. Олар әрі қарай жүріп келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені құтқарды" деп тасқа қашап жазады. Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт одан: "Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?" деп сұрайды. Сонда досы: "Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен", - деп жауап берген екен.
Қарлығаш, өрмекші, құмырысқа
Атасы он жасар немерсемен далада келе жатып, немересінен сұрайды:
- Анау өрмекшіні көрдің бе? Не істеп жүр екен?
- Көрдім, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көрдің бе?
- Көрдім, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қарашы, көкте не ұшып жүр?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған ғибрат болсын! Өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етерге. Құмысқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Ал қарлығаш балапандарына ұя жасау үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттен.

Жақсылық пен Жамандық
Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.
Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен - үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше - неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп сұрады атасынан.
Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:
"Ол иттерім," деді, "мен үшін екі таңба, балам."
- Ненің таңбасы?
- Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:

Байдың шұлығы
Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.
Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет