Его спросили: о посланник Аллаха, какое из добрых дел самое лучшее? Он  ответил: – Познание Аллаха . Его вновь спросили: – Какое знание ты подразумеваешь? Пророк  повторил: – Познание Аллаха . Его переспросили



Pdf көрінісі
Дата24.02.2023
өлшемі2,92 Mb.
#170051
Байланысты:
сүннетпен берекелі өмір



СҮННЕТПЕН БЕРЕКЕЛІ ӨМІР
Күнделікті сүннет амалдар


"Орындадым" деп күнде
 өзіңізге есеп беріп отырыңыз
Таңертеңгі
уақытқа 
Ұйқыдан оянғанда: «Бізді жан тапсырған соң қайта тірілткен
Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз» (Әл-хамду лиЛләһи
әлләзи әхйана баъдә мә әмәтәнә уә иләйһин-нушур), - деп айту
«Әли Имран» сүресінің соңғы он аятын оқу.
Аспанға қарау.(Қарап тұрып зікір айтсаңыз болады)
Құран оқу(20-30 мин)
Дұға жасау
Дұха(нәпіл) намазын оқу (күн шыққаннан кейін шамамен 20
минуттан соң әрі бесін намазына 45 минут қалғанға дейін
оқуға болады. Дұха намазын оқу – күннің сәтті өтуінің кепілі.)


Ас ішумен байланысты
сүннеттер
Қолды білекке дейін жуу;
Ас ішуді «БисмиЛляһи-р-Рахмани-р-Рахим» деп
бастау
Тамақты қатты ыстық күйінде жемеу
Ыдыстағы ас таусылғаннан кейін оны түгелдей
тазалап алған жөн. Осылай жасай отырып,
Алладан кешірім сұрау
Ас соңында дұға айту; 
Мені осы аспен тамақтандырған және ризық
берген Аллаға мадақтар болсын! Әрине, Онсыз
бұған менің күшім де, құдіретім де жетпейді».


«Би-сми Лләхи, Аллахумма, ин-ни а’узу би-кә мин әл-хубси уәл-
хабаиси!»
Аудармасы: «Уа, Аллаһ! Жын – шайтанның кесепаттарынан және
барша жамандықтарынан Өзіңе сыйынамын. Мені олардан
қорғай гөр»
Әжетханаға кіру
тәртібінің
сүннеттері
Әжетханаға жалаңаяқ кірмеу
Әжетханаға кірерде мына 
дұғаны оқу:
Әжетханаға сол аяқпен кіру
Әжетханадан шыққанда оң 
аяқпен шығу 
Әжетханадан шыққандағы
оқылатын дұға:
«Ғуфрана-кә!»
Аудармасы: «Кешіре гөр!»
Қажет өтеп болғаннан соң дәрет алу керек.
Имам әл-Ғазали айтады: «Алла Елшісінің
(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қажетін
өтеп болғаннан кейін, бірде – бір рет дәрет
алмаған кезін көрген емеспіз».


Үйге кірер
кездегі
сүннеттер
Үйден шығарда айтылатын дұға:
«Бисмилляһ тәуаккальту `аляллаһ уә ля хауля уә ля куууата илля
билляһ».
Аудармасы:
Алланың атымен бастаймын, Аллаға тәуекел етемін, Алладан өзге
күш те құдірет те жоқ.
Үйге кірерде оқылатын дұға
«Бисмилляһ уәляджна уә бисмилляһи хараджна уә аля раббина
тәуаккальна».
Аудармасы:
«Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық, және Аллаға біз
тәуекел етеміз».
Өз үйіңіз болса да, кіреріңізде, жөтел,
қағыс, амандасу немесе
өзге де бір белгі беру арқылы
келгеніңізді білдіргеніңіз абзал болады.


Ұйқының
сүннеттері
Дәрет алып жату
Күнделікті киетін киіміңізден
бөлек киіммен ұйықтау
Оң жақ бүйірмен ұйықтау
Жатар алдында «Мүлік» сүресін
оқу
Жатар алдында «Аят әл-Күрсіні»
оқу
Ұйқы алдында 33 рет
«Субханаллаһ», 33 рет
«Әлхамдулилләһ», 34 рет «Аллаһу
акбар» деп айу


Басқа да сүннет амалдар
Өзіңізге дайындаған астан көршіңізбен бөлісу немесе арнайы
бір тәтті пісіру
Ұзақ уақыт бойы хабарласпаған туысыңызға, жақыныңызға
жай ғана қал жағдайын білу үшін хабарласу

Әр күні ұйқыға кетпес бұрын: «Аллаһым, барлық ренішімді
кешірдім» деп реніштеріңізді босатып ұйқтаңыз.
Дәретпен жүру
Дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстау
Өзіңізге қатысы жоқ істерден бойды аулақ ұстау
Жайнамаздың басы мен аяғын бiрдей қылып жинау 


Хош иiстi болып жүру
Үйге сəлем берiп кiру 
Дəреттен кейiн шəһəдəт айту 
Тəһəжжуд нəпiл намаздарын оқу
Дəрет алғанда аяқты тiзеге дейiн жуу
Тамақты бастамас бұрын тұзбен бастау
Аз сөйлеу, жақсы сөз ғана сөйлеу, 
жымиып жүру


Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): Егер
Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер.
Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды
жарылқайды. Өйткені Алла аса
жарылқаушы, ерекше мейірімді»
Сүннетті ұстану – Пайғамбарымызға
еліктеу: оның тіршілігі мен құлшылығына,
мінез-құлқы мен Тұлғасына еліктеу, соған
ұқсауға тырысу
Егер біз шын ықыласымызбен
Пайғамбарымызға ұқсауға тырыссақ,
Аллаһ талпынысымыз үшін бізге
сүннетпен өмір сүруді жеңіл етіп
қояды



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет