Әгп кафедрасының сениор-лекторы Маликов Б. У



бет1/4
Дата21.10.2022
өлшемі1,1 Mb.
#154452
  1   2   3   4
Байланысты:
Презентация 6 тақырып Әлеуметтану


«АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік –гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
№6 ДӘРІС Отбасы және қазіргі заман
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Маликов Б.У.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
Эл.адрес: mutalmalik2@gmail.ru
Дәріс жоспары:
1. Отбасы ұғымы, отбасы құрылымы.
2. Отбасы түрлері және оның қызметтері.
Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады.
Қазіргі кездегі отбасының түрлері:
1.тотемдік қауым (ру)
2. патриархалды туыс топ
3. патриархалды отбасы және жеке отбасы.
Патриархалды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.
Мұндай отбасы Тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі. Моногамды патриархалды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Жеке отбасы –бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ болып табылады.

Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады.


Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді .
Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, жалғыз бастылардың санының өсуі) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет