Әгп кафедрасының сениор-лекторы Маликов Б. У


Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Полигамияда



бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі1,1 Mb.
#154452
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация 6 тақырып Әлеуметтану
docx1574267201, 1558948838 3, "Мамандықтың бәрі жақсы" 4 сынып, Айя София — Уикипедия, Қазешов ықтеор 2, Силлабус Уанова А.А. 2 курс к о0 2, f88678078dffddab5c96047c4afe18a5 1
Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады.
Полигамияда бір жұбайлардың бірінің, яғни бір әйелдің бірнеше ер адамдармен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы.
Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Басқа сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген маңызды әлеуметтік қызметтерді атқарады.
ОТБАСЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Отбасының бірінші қызметі - ұрпақ жалғастыру. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазіргі де солай. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі – зайыптылардың өз тілегінен көп не аз балалы болуына итермелейді. Мысалы Қытай көп жылдар бойы, бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресустарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді.
Отбасының екінші маңызды қызметі - материалдық – экономикалық және тұрмыстық - шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметті қазіргі уақытта бірінші орынға көтеріледі, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көпбалалы отбасында. Отбасы мүшелелерінің шаруашылық - тұрмыстық қызметін ерлі – зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Қазіргі әлеуметтік жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық – тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды.
Отбасының қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік қызметі: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің маңызды міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет