Әгп кафедрасының сениор-лекторы Маликов Б. У



Дата08.10.2022
өлшемі132,19 Kb.
#152246
Байланысты:
Презентация 4 Дәріс .Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы


«АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
№4 ДӘРІС Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Маликов Б.У.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
Эл.адрес: malikmutal2@mail.ru
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік құрылым және оның элементтері
2. Әлеуметтік стратификация теориясы
3. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобилділік теориясы
Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне:
а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады;
ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қауымдастықтар
б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Әлеуметтік құрылымның басты элементі - әлеуметтік қоғамдастықтар немесе топтар.
Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекеттерді жүзеге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мұддесі бар және әдет - ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.
Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік топтардың классификациясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады. Бұл топтар бір-бірімен тең қатынаста болмайды. Әр түрлі белгілері арқылы ажыратылады. Теңсіздік әлеуметтік стратификацияның (strat, яғни қабат, топ) барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теорияларды түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық – антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.

К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың (буржуазия мен пролетариаттардың) өзара әрекетін, қарым-қатынастарын зерттеді.


Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке меншікті таныды (меншік иесі, меншікке ие еместер).
Атақты неміс әлеуметтанушы Макс Вебер де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және капитализмдегі теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік негізінде одан басқа белгілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл негізгілерден басқа ол этникалық және діни, лингвистикалық белгілерді де атайды.
Ал неміс әлеуметтанушы, конфликтолог Р. Дарендорф пен итальяндық социолог экономист В.Парето анықтаушы белгі, билікті басты ұғым деп санады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің марксистік бөлінісін билікке ие (басқарушы) және билікке ие емес (бағынушы) деп бөлумен алмастыруды ұсынады.
Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік кұйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.
Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады:
2.Билік
1.Байлық,
2.Бедел
П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дүниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:
1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай.
2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар.
3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.
Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді.
Әлеуметтік құрылым динамикасының сипаты әлеуметтік мобилділік (байланысқа) тәуелді болады. "Әлеуметтік мобилділік" терминін әлеуметтануға ендірген П.А.Сорокин. Термин адамдардың бір әлеуметтік қабаттан топтар басқасына өтуін, олардың барынша жоғары орынға, билікке, табысқа көтерілуін, я болмаса өте төмен әлеуметтік орын алмасу әлеуметтік кедергілерді жеңе білу арқылы жылжиды. Ол ең басты кедергілердің бірінің пайда болуы салдарынан болады. Мәселен, шығармашыл зиялылар отбасындағы сәби шаруа немесе жұмысшы ортаның нормасы мен құндылықтарын әркезде игере бермейді.
П.Сорокин әлеуметтік мобилділік екі типін көрсетеді:
көлденең
тігінен

Мәселен, лауазымдық көтерілу прогресс деп саналады, өзінің материалдық жағдайының көтерілуі немесе басқа билік деңгейіне көтерілу (бұрыңғы әкімшілік басшысы министр болуы). Бұл — көтерілу байланысының мысалдары. Сондай-ақ төмендеуші (регресс) әлеуметтік қозғалыста болады. Қоғам бір индивидтердің статусын жоғарлатқанмен, келесі индивидтердің статусын төмендетіп отырады. Бұл қызметтік төмендету (ірі зауыттың директоры цех бастығы болды немесе жай ғана жұмысшыға айналды), қазіргі кездегі инженерлердің кәсіби тобының әлеуметтік статусының төмендеуі, КСРО кезіндегі бұрынғы қуатынан айрылған компартияның статусының төмендеуі.

Мәселен, лауазымдық көтерілу прогресс деп саналады, өзінің материалдық жағдайының көтерілуі немесе басқа билік деңгейіне көтерілу (бұрыңғы әкімшілік басшысы министр болуы). Бұл — көтерілу байланысының мысалдары. Сондай-ақ төмендеуші (регресс) әлеуметтік қозғалыста болады. Қоғам бір индивидтердің статусын жоғарлатқанмен, келесі индивидтердің статусын төмендетіп отырады. Бұл қызметтік төмендету (ірі зауыттың директоры цех бастығы болды немесе жай ғана жұмысшыға айналды), қазіргі кездегі инженерлердің кәсіби тобының әлеуметтік статусының төмендеуі, КСРО кезіндегі бұрынғы қуатынан айрылған компартияның статусының төмендеуі.

Қазіргі қоғамдағы білім әлеуметтік байланыстың маңызды қызметін, индивидтердің әлеуметтік баспалдақ арқылы жоғары көтерілу міндетін атқарады. Білім жастардың әлеуметтенуін және қоғамның өндірістік кұштерінің нәтижелі дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіби білім арқылы адамдар бір әлеуметтік қауымнан басқасына (мәселен, жұмысшы мен шаруадан зиялыларға), төмен таптар орта тапқа өтіп жатады. Білім жүйесі тұрақты әлеуметтік құрылымды қалыптастырады. Білім адамдардың рухани өміріне зор әсер етеді, адамдардың сапалық сипатын арттырады, әдеп нормаларының тамаша үлгілерін санаға ендіреді.


Көлденең мобилділік деп индивид немесе әлеуметтік топтың бір әлеуметтік орыннан, сол деңгейдегі басқа орынға өтуін айтады. Мәселен, бір ұйымнан басқа ұйымға дәл сондай лауазымдық жұмысқа өту, бір отбасының екіншісіне өту. Бұл жағдайдың бәрінде де индивид өзіне тиісті әлеуметтік қабатты ауыстырмайды Тік қозғалыс — бұл индивидтің бір қабаттан екіншісіне өтуі. Бұл индивидтің шығармашыл және іскерлік қабілеттеріне байланысты.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап.


Экономикасы дамыған елдерде ең көп кездесетін орта тап. Бұлар - алдыңғы қатарлы бизнесмендер, фирмадағы жалдамалы менеджерлер, ірі заңгерлер, ғылыми элита, эстрада жұлдыздары (жоғары орта тап), сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер -инженерлер, орташа және ұсақ шенеуліктер, оқытушылар, ғылыми инженерлер, орташа--және--ұсақ--шеиеуліктер, ғылыми қызметкерлер, бөлімше басшылары, жоғары білікті жұмысшылар (төменгі — орта тап).
Мемлекет экономика, саясат сияқты маңызды салаларда орта таптың қолдауына жүгінеді.
Қазіргі мемлекеттердің алдында қоғам құрылымында орта таптың пайызын өсіру, нығайту мен күшейту мақсаты тұр .

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Социальная мобильность / Питирим Сорокин; [пер. с англ. М. В. Соколовой]. — М.: Academia: LVS, 2005. — XX, 588 с.
2. Гаджиев К. С. Политология : Учебник. - М: ИНФРА-М, 2017. - 384. - ISBN 978-5-16-004642-6.
https://new.znanium.com/catalog/document?id=184068
3. https://www.uniface.kz
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет