Әйел саяси, экономикалық, әлеуметтік және әйелдердың жеке құқықтарын кеңейтуге бағытталған бірқатар идеологиялар. Сонымен қатар феминизмды саяси, әлеуметтік және сексизмге қарсы қозғалыстардеп атауға болады



Дата06.02.2022
өлшемі21,25 Kb.
#80370
Байланысты:
феминизм


Феминизм (лат. femina - әйел) — саяси, экономикалық, әлеуметтік және әйелдердың жеке құқықтарын кеңейтуге бағытталған бірқатар идеологиялар. Сонымен қатар феминизмды саяси, әлеуметтік және сексизмге қарсы қозғалыстардеп атауға болады. Феминизмнің басты идеясы — қоғамның бүткіл саласында әйелдерге еркектермен тең мүмкіншіліктерді орнату.
Феминистік қозғалыстар өткен және қазіргі кезеңдердың күресі әйелдерың саяси құқығы үшін, мысалы: мектеп және жоғары білім алу, сайлауларға қатысу, мемлекеттік лауазымға ие болу құқықтар, жұмыс істеу және еркектермен тең жалақы алу құқықтар, жеке меншік және дүние-мүлікке ие болу құқықтар, мәмілелерге қатысу құқықтар, түрмысқа өз еркімен шығу немесе шықпау және неке бұзу құқықтар, ана болу немесе болмау (чайлфри), аборт жасату құқықтар, декреттік демалыс құқықтар, дене дербестігі және тұтастық құқығы (әйелдер мен қыздарды зорлау, жыныстық қысым көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау). Феминистік қозғалыстар әйелдер құқығы саласындағы, әсіресе Батыс елдеріндегі маңызды әлеуметтік өзгерістердің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып саналады. Бірақ қәзіргі кезге дейін Батыс елдерінде де феминизм толық жүзеге асты деп айтуга болмайды (мысалы, Католик шіркеуінің билігінен шығалмай отырған Польшада әйелдерге аборт жасатуға тыйым салынған).
Қозғалыс ретінде феминизм XVIII ғасырда пайда болды. XIX ғасырда суфражизм қозғалысынан басталып, XX ғасырдың бірінші жартысына дейін созылған феминизм әйелдердың сайлауға қатысу және жеке меншікпен дүние-мүлікке ие болу құқықтарға күрескен. Бізге танымалы феминизм еркектердың және әйелдердың арасындағы саяси теңдікті орнатуды көздейді.
«The Feminine Mystique» (1963 ж.) американдық жазушы Бетти Фриданнын және «Le deuxième sexe» (1949 ж.) франциялық философ Симона де Бовуардын (Франция) шығармалары феминистік қозғалыстарға ең көп әсер еткендердың бірі болып танылады.
Францияда 1789 жылы өткен Ұлы Франция көтерілісіне қарай әйелдердің теңдігі үшін күреске арналған алғаш журнал шықты. Содан соң саяси күреске қатысушы әйелдердің алғашқы клубтары пайда болды. Алайда 1791 жылғы Француз Конституциясы әйелдерге дауыс беру құқығын беруден бас тартты. Сол жылы Олимпия Гук 1789 жылғы Адам құқықтары Мағлумдамасын үлгі қылып, Ұлттық жиналыста әйелдің құқықтары мағлұмдамасын ұсынды. Ол мағлұмдамада әйелдердің әлеуметтік және саяси теңдігін толығымен мойындауын талап етті. 
Сол жылы әйелдердің «Республикалық көтеріліс әйелдерінің қоғамы» атты алғашқы саяси ұйымы пайда болса, 1793 жылы Конвент ол ұйымға тыйым салып, артынан мағлұмдама авторы Олимпия де Гук өлім жазасына кесілді. Оливияның айтып кеткен сөздері: «Егер әйел эшафотка көтерілуге лайықты болса, онда ол парламентке де кіруге лайықты». Нәтижесінде, 1795 жылы Францияда әйелдерге қоғамдық орындарда және саяси жиналыстарда көрінуге тыйым салынады. 1804 жылы Наполеон императоры әйелдің бүткіл құқығы жойылғаны жайлы және әйелдің еркектің бақылауында деген жарлықты жариялады. 
Англия елінде әйелдердің теңдігі жайлы Мэри Уолстонкрафт (1759-1797) «Әйел құқығының қорғауы» (1792) атты кітабында талап етті. Осы кітап XIX ғасырға дейін пайда болған алғаш феминистік жұмыстарының бірі болып саналады 

Қорытындылай келе,феминизм қазіргі заманның басты пробеламаларының бірі деп айтсақта болады.Феминизм қарапайым тілмен айтсақ әйелдердің теңдікке ұмтылуы.Рас әйелмен еркектің құқығы тең.Әйел сөйлемеуі,ойын білдірмеуі керек деген жоқ.Бірақ біздің дінімізде,ұлтымызда еркектен бір саты төмен тұру, Ер адамға бой ұсыну,ерінің айтқаның тыңдау,ер адам тұрған жерде сөйлемеу,алдын кеспеу деген секілді тиымдар жетерлік.Бірақ бұл ер адамға деген сыйластық деп ойлаймын.Дәл сол секліді әйел адамдарды да сыйлау керек.Егерде ер адам әйел адамның құқығын шектемей,қолдап қолпаштап,болашақ ана ретінде қарап сыйласа бұндай пробелмалар болмас еді.Егер әйел мен еркек бір бірінің ойын сыйласа онда феминизм бұлай қарқын алмас еді. 


Пайдаланылған әдебиеттер;www.wikipedia.com 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет