Реферат «Отбасы және неке әлеуметтануы»



бет1/4
Дата22.05.2022
өлшемі34,54 Kb.
#144507
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
әлеуметтану срс


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы университет

РЕФЕРАТ
«Отбасы және неке әлеуметтануы»


Орындаған: Тұрысбек А.Ж
ФИ 20-11К тобының студенті
Қабылдаған: Бегім А.
Шымкент 2022
Жоспар

  1. Кіріспе

Отбасы және неке әлеуметтануы

  1. Негізгі бөлім

Отбасы типологиясы мен тұжырымдар

  1. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Отбасы – неке мен қандас туыстық қатынасқа негізделген, ортақ мекен-жайы, өндіруші формасы, экономикалық мүддесімен сипатталатын және балалардың әлеуметтенуіне жауапкершілікпен қарайтын әлеуметтік топ болып табылады. Отбасы - индивидті туыстарымен байланыстырып, жас ұрпақты тәрбиелеп,оның бойындағы эгоизмді жеңуге баулитын, аға ұрпақтың тәжірибесін, салт-дәстүрді сақтап, алға апаратын, индивидті әлеуметтендіріп, қоғамға қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді игертетін, табиғи индивидуализмнен арылтып, басқалар үшін өмір сүруге үйрететін, ұрпақтар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, қоғамдық тепе-теңдікті, аға ұрпақ пен жастар арасындағы дәстүр мен жаңашылдық балансты сақтайтын әлеуметтік институт. Кез-келген қоғамда отбасы екі жақты сипатқа ие болады. Бір жағынан отбасы - әлеуметтік институт, екіншіден – кішігірім әлеуметтік топ ретінде сипатталады. Отбасы институттарымен неке институты тығыз байланысты. Неке – еркек пен әйел қарым-қатынастарының ресми нормалар арқылы реттеліп, жұбайылық пен ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгіленіп отыратын тарихи формасы.
Отбасы шағын әлеуметтік топ ретінде индивидтің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Осылайша жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады. Сонымен қатар, отбасы кішігірім әлеуметтік топ ретінде туыстық байланыстарға, жұбайлар, ата-аналар мен балалар, жақын туыстары арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негізделеді.
Сонымен, отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын жасайды.
Егер өз отбасымды мысалға келтірсем, эгалитарлы деп айтатын едім. Ата-анамның екеуі де жұмыс істейді. Әркім өзінің пікірін айтып, ісін жасайды. Қиындықтар болғанда, не бір мәселелерді шешу кезегінде отбасы мүшелерінің барлығы қатысады. Әрине, отбасының басы деп папаны айтуға болады. Себебі, ол еркек адам, ал олар ертеден бері сондай мәртебеге ие. Отбасымда ата-ана, інім және өзім бармын. Бұл жеке отбасы ретінде қарастырғанда. Туыстарды, достарды ды отбасы деп санауға болады.
Отбасы өзінің отбасылық және демографиялық құрылымы арқылы әлеуметтік-тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді. Отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.
Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құқықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу, жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетті бөлісу, баларды тәрбиелеу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б. қатынасу. Жалпы отбасыдағы ережелерді мүшелердің өздері қалыптастырады. Ол әркімнің әлеуметтенуіне де байланысты, қай тапқа жататынына да байланысты. Біздің отбасымызда ерекше көрінетін ережелер жоқ деп ойлаймын.
Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылыққа еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді.
Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс –салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады:
1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілектер, мұқтаждықтар;
2) отбасының әлеуметтік қызметі;
3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар;
4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау.
Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында отбасы кішігірім топ ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты ададамдардың арасындағы қатынастардың серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды. Некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қоғамдақ ережелер мен тәртіп үлгісімен құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет.
Отбасын кішігірім әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет.
1) Топты жалпы сипаттау. Бұған кіретін мәселелер –отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының өзара іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы, т.б.
2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа өзінен үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық қатынастардағы отбасының атқаратын қызметі.
3) отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі, отбасындағы индивидтердің өзара іс-әрекеті, қызметі, топтық тәртіп, топтық бақылау, т.б. Индивидтің топқа енуі, оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық. 
Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде қарағанда әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге итермелейді. Бірінші бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретінде қарау – бұл әлеуметтанудың мәселелерінде тығыз байланысты, ал, екінше\і бағытта, яғни отбасы кішігірім топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік –психологиялық мәселелері сөз болады.
Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік. Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген:
1) ерлі-зайыптылық;
2) бала туу немесе бала асырап алу. 
Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан – ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.
Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет