Реферат «Отбасы және неке әлеуметтануы»



бет3/4
Дата22.05.2022
өлшемі34,54 Kb.
#144507
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
әлеуметтану срс
Биологияға кіріспе , .Тексерілд1.docx.07.10.2019, отбасы тәрбие ретінде, отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеудің шарттары, азіргі заман ы аза стан жастарыны этикалы ндылы тары, ассл, Баяндама.Дана Амангелді
Функционалды толық емес отбасы – ерлі-зайыптының біреуінің өз қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша толық) отбасы. Ерлі-зайыптының өзінің отбасылық рөлдерін атқаруға кедергі келтіретін себептер: ауыр немесе созылмалы ауру, кәсіби қызмет спецификасы, отбасымен ұзақ уақыт болмау. Ұзақ іс-сапармен байланысты мамандықтардағы адамдар (геологтар, әскери теңізшілер, машинстер, ұшқыштар, жол серіктер), еңбектің вахталық әдісімен жұмыс жасайтын адамдар (мұнайшылар, құрылысшылар, поляршылар),жұмыс кестесі тұрақсыз және эмоциялық күйзелісі жоғары еңбектегі адамдар (әртістер, радио және теледидар қызметкерлері, «жедел жәрдем» және аурухана дәрігерлері, мұғалімдер) өздерін отбасылық өмірде толықтай жүзеге асыра алмайды. Функционалды толық емес отбасын да тәуекел тобына жатқызу қажет, ал оған психологиялық көмек функционалды міндеттерді орынды, қолайлы жоспарлауға және тұлғаның кәсіби қызметте, отбасында үйлесімді жүзеге асу жолдарын іздестіруінебағытталуы тиіс. 
Аралас отбасы – ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде болмаса әрқайсысы бөлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп жатқан тәте отбасы да жатады және т.б.
Ерлі-зайыптылық өмірдің отбасылық өтіліміне байланысты: жастар отбасы («бал айындағы» отбасы); жас отбасы (жарты жылдан балалар туғанға дейінгі бір жарым жыл); бала күтіп жүрген отбасыорта ерлі-зайыптылық жастағы отбасы (3 жылдан 10 жылға дейін бірге тұру); ересекерлі-зайыптылық жастағы отбасы(10-20 жыл ерлі-зайыптылық өтілім) және қартайған ерлі-зайыпты жұптар(өз отбасын құрған ересек балалар тәрбиелеп жатқан ерлі-зайыптылар және қазіргі уақытта ата және әже отбасылық рөлдерін атқарып жатқан отбасы).
Отбасылар балалар санына қарай баласыз, бір балалы, аз балалыжәнекөп балалы отбасына бөлінеді. Некеге түскеннен кейін 8-10 жыл бала көрмеген ерлі-зайыптылар баласыз отбасы болып саналады. Отбасында бала болмау себептері медико-биологиялық факторлар, ерлі-зайыптының баланы қаламауы болуы мүмкін. Қазіргі таңда баласыз отбасылардың әлеуметтік және психологиялық себептерінің басым екендігін айтуға болады. Психологиялық себептер тәуекел тобына кіреді. Ана болуға және әке болуға ұмтылысты жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы, тұлғалық иденттіліктің аяқталмауы ерлі-зайыптының біреуінің жанына батып, жаңа отбасын құруына себепші болады, яғни баланың болмауы күрделі отбасылық мәселе болып табылады. Екінші жағынан баласыз отбасыларда ажырасудың меншікті салмағы жоғары болып келеді, ол ерлі-зайыптылық қатынастардың үйлесімсіздігінен туындайды. Мұндай жағдайда баладан бас тарту себеп емес, ерлі-зайыптылар қатынастарының қиындығының салдары болып саналады. Бір балалы және аз балалы отбасылар қазіргі, әсіресе қалалық отбасылардың демографиясында кең таралған. Төрт және одан көп балалары бар отбасы көп балалы отбасына жатады. Көп балалы отбасы статистика бойынша ажырасуға тұрақты болып келеді. 
Өмір сүру түрінің өлшемдері патрилокальды, матрилокальды және неолокальды отбасыларын бөлуге мүмкіндік береді. Отбасының патрилокальды түрі әйелдің күйеуге шыққаннан кейін жұбайының үйіндегі мекен-жайымен анықталады. Матрилокальды отбасының әйелдің үйінде мекендеуімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда отбасының неолокальды типте мекен етуі кең таралған, мұнда нуклеарлы отбасы ата-анадан және басқа туысқандардан бөлініп, жеке отбасымен өмір сүруге тырысады. Сонымен қатар, қазіргі уақыттабірге тұратын ерлі-зайыптыларда годвин-неке, яғни ерлі-зайыптылардың жеке тұруы жиі кездеседі. Бұл неке түрі өмір сүрудің осындай түрін жақтайтынУ. Годвиннің есіміне байланысты аталған, У. Годвин бойынша ерлі-зайыптылардың бірге тұруы олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына, бейімділіктеріне сәйкес толыққанды тұлғалық дамуға кедергі келтіреді.
Ерлі-зайыптылардың кәсіби жұмысбастылығы мен мансабы (карьера) өлшемдері бойынша толық жұмысбасты отбасын (қоғамдық өндірісте ерлі-зайыптының екеуі де жұмысбасты) және жартылай жұмысбасты отбасын (ерлі-зайыптының біреуі жұмысбасты), зейнеткерлер отбасын (ерлі-зайыптының екеуі де жұмыс істемейді, екі мансапты отбасын (мансап пен кәсіби жүзеге асу құндылығы ерлі-зайыптының екеуі үшін маңызды және өзі үшін әрі жұбайы үшін тең дәрежеде басым болып танылады)бөледі. Мұндай отбасы жас отбасына тән, ол өндірісте және әлеуметтік-саяси өмірде әйел орнының өзгеру үрдістерімен байланысты. Әрине тек мансаптық мотивациялық бағыттылық екі мансапты отбасының өмір сүру мүмкіндіктеріне кепіл бола алмайды, оған қосымша шарттар қажет:

  • отбасында эмоциялық жағымды қатынастардың,махаббаттың болуы,ерлі-зайыптылар арасындағы құрмет, тең құқылық; 

  • ерлі-зайыптылар құндылықтарының, соның ішінде кәсіби және мансаптық өсу құндылықтарының ортақ болуы;

  • мамандықтың айрықша түрі, ең алдымен бір жағынан тұлғаның анағұрлым толық жүзеге асуын, екінші жағынан қатаң бекітілген уақыт аралықтарымен қыспақтамайтын кәсіби іс-әрекетті (жұмыста қолайлы кестенің, демалыс күндерін, жұмысты, үй жұмыстарын орындау мүмкіндіктері) қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін шығармашылық мамандық (ғылым және өнер);

  • ерлі-зайыптылардың кәсіби білімін аяқтап, алғашқы мансаптық жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік алу үшін өзара келесім бойынша ата-ана болуды кейінге қалдыру;

  •  қызмет атқару ресурстарының және отбасы қолдауының (бала тәрбиелеуде ата-әжелер көмегі, жақсы денсаулық,шамадан тыс күш жұмсауға төзімділік).

Отбасының құндылық бағыттылығының өлшемдері отбасының келесі типтерін бөлуге мүмкіндік береді: детоцентрлік және тұлғалық-орталықтанған отбасы«тұтыну», психотерапевтік отбасы («көңіл жұбатушы отбасы» А.Н. Обозова бойынша), «салауатты өмір салтын ұстанатын отбасы», «атаққұмар» отбасы, спорттық-жорықтық, «интеллектуалды» отбасы.
Балаларды, балалардың жеке басын тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау детоцентрлік отбасы қызметінің басымдық құндылығын құрайды. Тұлғалық-орталықтанған отбасы – отбасы тағдырын оның әрбір мүшесінің тұлғалық өсуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасаудан көреді. Мұндай отбасында ерлі-зайыптылық автономды тұлғалардың еркін, рухани одағы ретінде қарастырылады. «Тұтыну» отбасы «иелену» модусын жүзеге асырады (Э. Фромм), мұндай отбасы қорлануға және прагматикалық қажеттіліктерді анағұрлым толық қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл отбасындағы ерлі-зайыптылық – өзара пайда алуға негізделген серіктестік, отбасының әрбір мүшесі «отбасының нанын» басқалардың есебінен болса да табуға тырысады.Психотерапиялық отбасы өзара түсіністікті, эмоциялық қолдауды, махаббатқа қажеттілікті қанағаттандыруды, өз мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ең жоғары құндылық деп санайды. Отбасының әрбір мүшесі өздерін тыңдайтынына, түсінетініне және қабылдайтынына сенімді. «Салауатты өмір салтын» ұстанатын отбасы денсаулыққа, дұрыс күн тәртібіне, дұрыс тамақтануға, демалуға, тазалыққа, тәртіпке және отбасы тұрмысын қолайлы етіп ұйымдастыруға баса мән береді. «Атаққұмар» отбасы әлеуметтік мәртебе, бедел үшін күреседі. «Ең жақсы атану», жоғары ортада болу – атаққұмар отбасының басты мақсаты. Егер отбасы мүшелерінің біреуі бекітілген табыс стандартынасай келмей жатса, одан аяусыз құтылады. 
Некелік одаққа балама болып табылатындар жалғыздық, көңілдестік, азаматтық неке және байқама неке. 
Жалғыздықтың екі түрі бар. Оның бірі тұлғаның некелік одақтан тыс өмір сүруді саналы қалауы және мәжбүрлі жалғыздық. Белсенді тұлғааралық қарым-қатынас кезеңдерінің және оңашалану кезеңдерінің алмасуы адамның қызмет етуінің қажетті шарты екендігі белгілі. А. У. Хараш пікірінше, саналы және қабылданған жалғыздық адамның өзін-өзі тануына және өзімен-өзі қарым-қатынасына бағыттылығын сипаттайды. Мұндай түсінік гуманистік бағытта(А. Маслоу, К. Роджерс, В. Сатир)жалғыздықты өз Менін ұғыну мәселесі контексінде қарастыруымен ұштасады. Аналитикалық психологияда (К.Г. Юнг) адамның жалғыздықты қалауы тұлғаның индивидуация үрдісімен және өзіндіктің дамуымен байланыстырылады. Сонымен, жалғыздықты қалау себептерінің бірі субъектінің өзін-өзі тануға және өзін-өзі дамытуға баса назар аударуы. Психоаналитикалық бағытта жалғыздықтың себептері адам мінезінің спецификалық нышандарынан, қарым-қатынасты қажетсіну және тұлғааралық қатынастар деңгейінің төмендігінен, жүзеге асырылмаған қажеттіліктерден (Э. Эриксон, С.Г. Салливен), «адамдардан қозғалу» стратегиясын таңдаудан(К. Хорни) қарастырылады. 
Когнитивті бағытта саналы жалғыздықтың себебі – жалғыздықты тыныс-тіршілікте артық көріп, оны «ақтаушы» немесе жалғыздық фактісін ұғынуға кедергі келтіретін (каузалды атрибуция теориясы) когнитивті модельдер болып табылады. Маңызды әлеуметтік орта тарапынан шеттету және елемеу сияқты жағымсыз тәжірибемен байланысты қорқыныш және әлеуметтік үрей, «бақытсыз махаббат» жалғыздықты артық көру себебіне жатады. Мәжбүрлі жалғыздық себептері – жақын тұлғааралық қатынастар орнатуға кедергі келтіретін тұлғаның коммуникативті құзыреттілігінің әлсіздігі, әлеуметтік және тұлғааралық байланыстардың шектелуі (қалыңдық пен жігіттердің аздығы), сыртқы шектеулер және таңдаған жарына некелесуге тыйым салу, эго-иденттіліктің дамуының бұзылуы, изоляция және шеттету тенденциялары (Э. Эриксон), адекватты емес және бұрмаланған Мен-концепциясы (К. Роджерс).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет