Халық арасындағы «Отан отбасынан басталады» деген қағи­­даға айналған сөз қай кезде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Отбасы кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі



Дата18.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#201000
түріСабақ
Байланысты:
Презентация Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

  • .
  • Сабақ мақсаты: 
  • Отбасы құндылықтарын, отбасы ерекшеліктерін өзектендіру, отбасы ұғымын түсіндіру, отбасы құндылықтарын қалыптастыру, тыңдай білу және кері байланыс беру, отбасы құндылығын қалыптастыруға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерді дамыту.
  •  
  • Мұғалім сөзі.
  • Халық арасындағы «Отан отбасынан басталады» деген қағи­­даға айналған сөз қай кезде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Отбасы - кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі. Туған ұясы атанған отбасы қажеттілігін ешқашан жоғалтпайды. Өйткені, ол белгілі бір әлеуметтік институт. Тәрбиенің негізі жанұядан бастау алатындықтан, оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес. Қазақта «Ұяда не көрсең ұшқанда, соны ілерсің», «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Кішіге ізет, үлкенге құрмет», «Атаға не қылсаң, алдыңнан сол келеді», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген көптеген өлшемдер бар. Осы өлшемдерге қарайтын болсақ, бар мәселе отбасынан басталатынын ұғуға болады. Ұлт болашағында отбасы ең басты тұғырды иеленеді.
  • 1- топқа
  • Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз.
  • Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім мен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан.
  • «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас.
  • 2 – топқа .
  • Отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы.
  • 3 – топқа .
  • Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән, адами қадір-қасиет, ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Оларға меймандостық, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық қасиеттер жатады.

  • «Кейс – стади» әдісі
  • Ситуациялық жағдай. 1- топқа.
  • Апа, Апа, маған ұялы телефон (сотка, сотка) алып берші! деп анасын мазалайды Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл бөлмейді. -Кейін алып берермін -Не қажеті бар? Деді анасы.Бірақ анасының ақшасы тамақтан артылмайтын еді.
  • Осы ситуацияны балаларға талқылауға беру. Оқушыларға сұрақ: Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?
  • 2 - топқа
  • Ата анаңды сабағымды жақсы оқимын, егер сіздер достарымды үйге шақырып, туылған күнімді жасап берсеңіздер деп шарт қойдың. Ата анаң сенен жақсы үміт күтіп, туылған күніңді өткізді.
  • Сенің туылған күннен кейінгі әрекетің қандай болмақ?
  • 3 топқа

Сіз үшін отбасындағы ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлердің маңыздылығы қандай?

  • Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі: Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені.
  • Ұлы Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстаздан, үшіншісі-құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән берулері тиіс. Ұрпақтар сабақтастығы тек осылайша жалғасын таппақ.
  • Ұрпақ – ол біздің болашағымыз,жарқын күндеріміз. Сондықтан, болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен қарауға болады деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет