Алгоритм ұғымы информатика пәнінің іргелі ұғымдарының бірі болып есептеледі.
«Алгоритм» ұғымы IX ғасырда (783 – 850 ж) ондық санау жүйесіндегі арифметикалық амалдарды орындау ережесін (алгоритмін) алғаш жазған, Хорезм елінің тумасы Мұхаммед Мұса-ұлы атты араб математигінің есіміне байланысты пайда болған. Ол - өзінің “Арифметикалық трактат” деген еңбегінде арифметикалық амалдарды орындау тәртібін ұсынған.
Анықтылығы – алгоритмнің нұсқаулары және олардың орындалу реті бір мағыналық, бір мәндік түсінік беруге тиіс. Орындалу үрдісінде алгоритм еркіндікке жол бермеуі керек.