Тақырыбы: Амбулаториялық – емханалық көмекті ұйымдастыру мәселелері.
Орындаған: Сарсенов Н
Тобы: 603 ТКБ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Интерндер терапия кафедрасы
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Амбулаторлық - емханалық мекемелер
2. Амбулаториялық- емханалық көмекті ұйымдастыру
3. Амбулаториялық- емхананың құжаттары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Амбулатория-емхана көмегі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) фельдшерлік немесе фельдшерлік-акушерлік пункттерде , ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияларда, ауылдық учаскелік ауруханаларда, аудандық (орталық) ауруханалардың жанындағы емханаларда,балалар,әйелдер консультацияларын қоса алғанда аумақтық қалалық емханаларда азаматтарды тіркеген жері бойынша өзге де амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК), білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады.
Амбулатория-емхана көмегін учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жасөспірімдер кабинеттерінің дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерлері (бұдан әрі - БМСК мамандары) және бейін мамандары көрсетеді.