Орындаған: Жақсыбай Асылжан Мдо33 Текерген:Үмбетова М. Ж тақырыбы



Дата06.02.2022
өлшемі18,87 Kb.
#79960
Байланысты:
Жаксыбай Мдо33 Срс 1


Орындаған:Жақсыбай Асылжан Мдо33
Текерген:Үмбетова М.Ж
Тақырыбы: Отбасылық балабақшалардың, "мектеп – балабақша" кешендері

Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың


үлгі ережесі.
1. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы  қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің (бұдан әрі – ТИБК) қызметін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
Инклюзивтік білім беру – мектеп жасына дейінгі әр түрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамытуды, мектепке дейінгі білім алуға және дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім беру процесі.
2. ТИБК бір жастан алты жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымының бір түрі болып табылады.
3. ТИБК өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Бала құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және осы Ережені басшылыққа алады.
2. ТИБК-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі
4. ТИБК-ның білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар береді.
5. ТИБК "Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 571 бұйрығымен бекітілген (N 2464 нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде тіркелген) санитарлық ережелері мен нормалары сақталған жағдайда ашылады.
6. ТИБК–ның міндеттері:
1) жеке түзеу-дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – ЖДБ) іске асыру;
2) мамандардың тәртіпаралық тобында кемтар балалардың проблемаларын, мүмкіндіктерін және қажеттіліктерін кешенді зерделеу (командалық бағалау);
3) сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінез-құлқында және басқа да бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларды кіріктіру мақсатында кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
4) жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қоса алып жүру ;
5) отбасы жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (басқа заңды өкілдерге) кеңес беру және оларды оқыту;
6) балалардың психофизикалық жағдайы, даму мүмкіндіктерінің ерекшелігі мәселелері бойынша аталған санаттағы балалармен жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына консультациялық көмек көрсету.
7. Түзеу арқылы дамыту жұмысы міндеттерінің өзгеруі бұрынғы кезеңдерде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, қайтадан командалық бағалау бойынша өткізіледі (ЖДБ-ны іске асыру мониторингі).
8. Жұмыстың негізгі әдісі ретінде "командалық әдіс" қолданылады. Бұл әдістің негізіне біртұтас команда құратын мамандардың біріккен жұмысын болжайтын және тәртіпаралық қарым-қатынас технологияларына сәйкес әрекет ететін тәртіпаралық тәсіл жатады. Командалық бағалау жылына 2 рет немесе ЖДБ-ның көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
9. Команда құрамына әртүрлі бейіндегі білікті педиатрлар, балалар неврологы, физиотерапевттер, дене шынықтыру, сауықтыру дәрігері, ортопедтер, психиатрлар, сурдологтар, офтальмологтар, психолог, дефектолог-мұғалімдер (логопедтер, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтер, сурдопедагогтер), әлеуметтік қызметкерлер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, уқалап емдеу мамандары кіреді. Команданың форматы мен құрамы баланың жағдайы мен оның қажеттілігіне, сондай-ақ ұйымның мүмкіндігіне байланысты өзгеріп отырады.
10. Жоғарыда аталған мамандардың кейбірі болмаған жағдайда, мамандардың ұсынысы бойынша меңгеруші ата-аналарды диагностикалық орталықтарға, балалар емханаларына, генетикалық кеңес орталықтарына, білім берудің арнайы ұйымдарына жібереді.
11.ТИБК-ға балаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындылары, баланың жағдайы туралы медициналық қорытынды, ата-аналардың (немесе басқа заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жыл бойы бос орындар бар болған жағдайда жүргізіледі.
12. ТИБК-дағы бала орны ТИБК мен ата-аналар (немесе өзге де заңды өкілдер) арасындағы шарт болған жағдайда сақталады.
13. ТИБК-ның түзеу-дамыту үдерісін ұйымдастыру оқу жоспарымен және меңгеруші мен әдіскер бекіткен сабақ кестесімен және жеке түзеу-дамыту бағдарламасымен регламенттеледі.
14. ТИБК ата-аналардың (басқа заңды өкілдердің) қалауы бойынша қосымша ақылы қызмет көрсете алады.
Баланың жағдайы мен оның қажеттілігіне байланысты жеке білім беру жоспары негізінде түзеу-дамыта отырып оқыту процесін басқару үшін есепке алу және есеп беру қызметі бойынша белгіленген мерзімге атқаратын қызметтердің тізімі құрылады.
15. Жеке қызметтер тізбесінде оқу жоспарына сәйкес әр балаға арналған ең аз сағаттар саны көрсетіледі. Баланың жағдайына байланысты сабақтар мен кеңестер реті аптасына еселеніп бес ретке дейін көбейтілуі мүмкін.
16. Баланы ТИБК-дан басқа білім беру ұйымына ауыстыруды ТИБК мамандарының қорытындысы негізінде ата-аналардың келісімімен білім беру басқармасының органдары жүзеге асырады.
3. ТИБК-ның түзеу-дамыту процесін ұйымдастыру
17. ТИБК-да оқыту отбасындағы қарым-қатынас тіліне, ата-аналардың сұранысына байланысты жеке түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес мемлекеттік, орыс, ағылшын немесе басқа да тілдерде жүргізіледі.
18. ТИБК-дағы түзеу-дамыту үш түрлі ұйымдастыру нысанында жүргізіледі:
1) қысқа мерзімді топтарда оқыту;
2) мектепке дейінгі жастағы балаларды жеке оқыту;
3) ата-аналарға (немесе басқа заңды өкілдерге) кеңес беру.
19. ЖТБ (жеке түзеу-дамыту бағдарламасы) балалардың психофизиологиялық дамуының, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің жеке ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді.
20. Жеке және топтық сабақтардың ұзақтығы 20 минуттан, ата-аналарға кеңес беру және топтық бағалау 45 минуттан кем емес уақытта жүзеге асырылады.
21. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қысқа мерзімді топтарда оқыту ТИБК-ға балалардың аптасына үш рет (12 апталық бағдарламамен) күннің бірінші немесе екінші жартысында баруын қарастырады. Баланың күнделікті топта болу ұзақтығы – 4 сағат (60 минуттан). Топтар бір жас немесе әртүрлі жас принципі бойынша психофизиологиялық дамуының ауытқу дәрежесінің ауырлығына және типіне қарамастан жинақталады. Топтың толымдылығы 10 баладан аспайды. Психофизиологиялық дамуының ауыр және күрделі ауытқулары бар балалар (2-3 бала) болған жағдайда топтардағы балалардың саны 6 адамға дейін кемиді.
22. Балаларды жеке оқыту әр баламен түзеу-дамыту сабақтарын жүргізуді қарастырады. Сабақтар саны оқу жоспарымен анықталады. Ата-аналар сабақтарға қатыса алады, баламен өзара қарым-қатынас жасауға және сабақтарды үй жағдайында жүргізуге үйренеді.
23. Ата-аналарға кеңес беру дамуының ауытқу күрделілігі дәрежесіне және ата-аналардың педагогикалық құзыреттіліктеріне байланысты ата-аналармен және олардың балаларымен жиі кездесулер түрінде жүзеге асырылады.
24. Диагностикалық бақылау түзеу-дамыту курсын жүргізу алдында және аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ерте жастағы балалар үшін әр үш айда, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін әр жартыжылдықта жүргізіледі. Қорытындыны ТИБК мамандары әлеуметтік-медициналық және психологиялық-педагогикалық тексерудің соңғы нәтижелері негізінде шығарады.







Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің
қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы N 83 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген және отбасылық жағдайында, оның ішінде отбасылық балабақшаларда тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің (бұдан әрі – АКП) қызметін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
2. АКП өз қызметін Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына, Мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының талаптарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын білім беру ұйымының бөлімшесі ретіндегі мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналып құрылады.
2. АКП жұмысының мақсаты мен міндеттері
3. АКП қызметін құрудың және ұйымдастырудың мақсаты отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жасаудың мазмұнын, құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету болып табылады.
4. АКП міндеттері:
1) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтырудың мәселелері бойынша отбасылық балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың мектепке қабылдануына тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ата-аналарына психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
2) ата-аналармен жұмыс жасауда серіктестік байланысты орнатуға көмек көрсету;
3) мектеп жасына дейінгі балаларға дербес нәтижеге бағытталған педагогикалық және психологиялық көмекті жүзеге асыру;
4) балалар мен ата-аналарға әлеуметтік және медициналық қолдау көрсететін басқа да ұйымдардың мектепке дейінгі ұйымдармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
5) мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге көмек көрсету;
6) ата-аналар жұртшылығының педагогикалық білімін арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар: диспуттар, жас отбасылар фестивальдері, конференциялар, ата-аналар жиналыстары, экскурсиялар ұйымдастыру;
7) ақпараттық және "консультациялық" парақтарды, анықтамалық басылымдарды, естеліктерді, жарнамаларды әзірлеу және тарату, интеллектуалдық ойындарды, сауалнамаларды, конкурстарды және танымдық-оқыту тренингтерін өткізу;
8) отбасы тәрбиесінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыста болу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет