Реферат «Отбасы және неке әлеуметтануы»



бет2/4
Дата22.05.2022
өлшемі34,54 Kb.
#144507
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
әлеуметтану срс
Биологияға кіріспе , .Тексерілд1.docx.07.10.2019, отбасы тәрбие ретінде, отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеудің шарттары, азіргі заман ы аза стан жастарыны этикалы ндылы тары, ассл, Баяндама.Дана Амангелді
Негізгі бөлім
Отбасы атқаратын міндеттеріне, отбасындағы билікке, өркениетті даму типіне қарай дәстүрлі (патриархалды) және эгалитарлы болып бөлінеді.
Дәстүрлі отбасы – авторитарлық басқару үрдісіндегі сияқты бір адамның билігіне негізделеді. Яғни, отағасының беделі үстем, отбасылық өмірдегі барлық маңызды мәселелерді өзі шешіп, отбасы мүшелерінің қауым алдындағы тәртібіне де өзі жауап береді және сыртқы ортада отбасының өкілі болып есептеледі. Отбасылық қарым-қатынастар отбасы мүшелерінің қалыптасқан иерархиялық рөлі негізінде құрылады.
Эгалитарлы отбасы – демократиялық қарым-қатынасқа, әйел мен еркек арасындағы теңдікке, әріптестікке негізделген. Отбасы қызметтері:
1) репродуктивті қызметте – іштен өсе отырып, өзін қайталап өндіру механизміне ие болады. Яғни, баланың дүниеге келуі арқылы отбасы қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
2) тәрбиелік қызметте – баланың өміріндегі ең жауапты кезеңде отбасы оны әлеуметтендіріп, орнықты дамуыны жағдай жасайды, қабілетін, талабын, қажеттіліктерін айқындайды. Ішкі адамгершілік, сезімдік, қамқорлық, сыйластық факторларын игеріп, бала өзінің жоғары «менін» қалыптастыратын мінез-құлық нормаларын меңгере бастайды;
3) шаруашылық тұрмыстық қызмет – отбасы мүшелерінің сұраныстарын қамтамасыз ету, олардың денсаулықтарын қолдау, балаларға қамқор болуымен сипатталады;
4) экономикалық қызмет – кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін материалдық жағынан қамтамасыз ету, оларға қолдау көрсетуге негізделеді;
5) алғашқы әлеуметтік бақылау - әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларында отбасы мүшелерінің тәртібін моральдық жағынан қалыптастыру жұбайлар қарым-қатынастарындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарды ретттеу қызметін атқарады;
6) рухани қатынасты дамыту қызметі – отбасы мүшелерінің тұлғасын қалыптастыруға, олардың рухани құндылықтарын байытуға, некелік одақтың достық негізін бекітуге негізделеді;
7) әлеуметтік мәртебе беру қызметі – отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беретін қоғам құрылымын ұдайы жетілдіріп отыруға арналады;
8) әлеуметтік және сезімдік қорғау қызметі – адамға жақын туыстары тарапынан қолдау көрсетіп, адамның өзін отбасында қадірлі, сүйікті сезініп, өміріне араша түсетін жандардың барын ұғынуы оның қамқорлық, қауіпсіздік сезімін оятып, бойына рухани күш-жігер, сенімділік береді;
9) фелициотологиялық қызмет – отбасындағы сүйіспеншілік, махаббат пен бақытқа негізделеді.
Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді. Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипаты; кәсіби жұмысбастылық және ерлі-зайыптылар мансабы; әлеуметтік біртектілік; отбасының құндылық бағыттылығы; отбасылық өмірдің айрықша жағдайлары; сексуалды қатынастар сипаты. 
Нуклеарлы (ядерлік) отбасы – бұл ерлі-зайыптылар және олардың балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы шектеледі. Нуклеарлы отбасы – ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы. 
Кеңейген нуклеарлы отбасы – ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар (ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т.б.) қосылған отбасы. 
Толық емес отбасы – ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе өмірден озған отбасы. Толық емес отбасының типтік түрі – бұл баламен (балалармен) қалған ана. Толық емес отбасының қызмет ету сипаты екінші жұптың болмау себебіне байланысты. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыпты бұрынғыдай ата-аналық рөлін, «асыраушы» рөлін сақтайды және балаларды материалды қамтамасыз етуге қатысады. Алайда дүниеден өткен әке отбасында құрмет пен махаббатқа бөленеді, ал ажырасқан әкеге көп жағдайда ашық немесе үнсіз айып тағылады, оның үстіне ана баланың ажырасқан әкемен кездесуіне кедергі жасайды. Толық емес отбасының тағы бір түрі «аналық отбасы», оның құрамына ана мен бала (балалар), ананың саналы ниеті бойына некесіз туған балалар кіреді. Сонымен, толық емес отбасының типтік түрі – бұл әкесіз отбасы. Толық емес отбасы рөлдік шамадан артық күштенуіне қарай тәуекел тобына кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет