|
Әйелдер мен балалар. Бір бала жолаушыларды көріп қалады. Бала. Қалашылар келеді, қалашылар!
|
Дата | 11.02.2020 | өлшемі | 14,3 Kb. | | #57624 |
| Байланысты: абай сахналық көрінісӘйелдер мен балалар. Бір бала жолаушыларды көріп қалады.
-
Бала. Қалашылар келеді, қалашылар!
-
Әйел адам. Анау Абай ғой, айналайын! Апасына айтып сүйінші сұрайыншы!
-
Жас әйел. Бәсе, Телғара ғой, жаным-ау, мынау! Телғара! Әпкеме айтайыншы. (екі әйел таласа ұмтылады)
Абай анасына қарай жүреді. (Ақырындап Құнанбай мен бір кісі келе жатады)
-
Ұлжан. Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр! Сәлем бер!
-
Құнанбай. Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?
-
Абай. Шүкірлік, әке! Ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым.
-
Майбасар (арқасынан қағады). Өзі бір көшелі кісі боп қапты. (Құнанбай мен Майбасарға Жұмабай кеп қосылады. Үшеуі әңгімелесіп ары кетіп қалады.)
-
Бірнеше әйел келіп, Абайды сүйе бастайды. Телғара, айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау!
-
Айғыз (көзінен кеп сүйеді). Пай, жаман әйелдер-ай, баламыздың бетінен сүйер жер қалдырмадыңдар-ау!
-
Ұлжан (құшағына қысады, маңдайынан иіскейді). Құлыным! Әжеңе бар, әнеки!
-
Зере әже таяғына сүйеніп тұрады. Жаман неме, маған келмей, әкеңе бұрын кеттің, жаман неме! Қарашығым, қоңыр қозым, Абайжаным!
-
Әйелдер. Елді сағындың ба? Кімді сағындың? Молда болдың ба? Оқып болдың ба?
-
Абай. Оспан қайда жүр осы? Қайда жүр?
-
Ұлжан. Е, жүр-дағы, жынды неме. Бүгін маза бермеген соң, қуып шыққанбыз.
-
Зере әже. Не дейді? Не деп жатырсыңдар? Естімедім.
-
Абай. Әже-ау, былтыр бұндай емес едің. Құлағыңа не болған?
-
Зере. Балам-ай әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды дейсің?!
-
Абай (күліп). Жазыла ма өзі?
-
Зере. Үшкірсе, кейде ашылып кетеді. Үшкірген жағады.
-
Айғыз. Үшкірсе, балаң молда болып келді ғой. Үшкірт балаңа!
-
Абай. Ұшады бозша торғай көдені ықтап,
Басасың аяғыңды нықтап-нықтап.
Кәрі әжем естімейді, нана берсін,
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап.
-
Жас келіншектер күледі. Абай ұялып далаға шығып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|