Ежелгі Қазақстан тарихы Адамзаттың пайда болуы Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі – Тас дәуірі


Ежелгі адамдардың өмірі мен еңбек құралдары



бет7/7
Дата23.12.2021
өлшемі23,54 Kb.
#128438
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адамзаттың пайда болуы 2

Ежелгі адамдардың өмірі мен еңбек құралдары

  1. Мұз басу дәуірі деп аталатын кезең- Палеолит

  2. Жер бетінің күрт суый бастауы басталды – 100 мың жыл бұрын

  3. Ғалымдардың есептеуінше мұздықтың ери бастаған уақыты – 13 мың жыл бұрын

  4. Осыдан мөлшермен 13 мың жыл бұрын бұрынғы іргелі өзгеріс – Мұздықтар ери бастады

  5. Жер бетінің күрт сууына алып мұздықтар пайда болған аймақтар – Еуропа мен Азияның оңтүстігі

  6. Ғалымдардың есептеуінше мұздардың қалыңдығы – 2 км

  7. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары – Үңгірлер

  8. Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – Еңбек құралдарын жасай білуі

  9. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен – Еңбек құралдарын жасауды игеру

  10. Ең көне тас құралдар табылды – Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан

  11. Ең көне тас құралдардың ғылымдағы атауы – Чоппер, чоппинг

  12. Тастан жасалған еңбек құралдары – Пышақ, найзаның ұштары, бұрғы, қашау, балға, кескіш

  13. Қазақстан жеріндегі ең көне тас құралдардың жасалған мерзімі – 1 миллион жыл бұрын

  14. Қазақстан жерінен табылған тас құралдардың жасалған мерзімі – 1 млн жыл бұрын

  15. Ежелгі адамдардың ең әуелде отты қайдан алғанын анықтаңыз- Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан

  16. Алғашқы адамдардың айналысқан кәсібі – Аң аулау мен терімшілік

  17. Ежелгі адамдарды егіншілік пен мал шаруашылығына алып келген жағдай- Терімшілік пен аңшылық

  18. Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келген жағдай – Терімшіліктің дамуы

  19. Ежелгі дәуірде терімшілікпен айналысқан адамдар тобы – Әйелдер

  20. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары – Мамонт пен бизон

  21. Палеолиттің аяғына қарай тұқымы құри бастаған суыққа төзімді жануарлар – Мамонт, мүйізтұмсық

  22. Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер – Әйелдер бейнесі

  23. Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралдары – Үшкір тас, қазғыш таяқ, шоқпар

  24. Қаратау үңгірінің ежелгі тұрғындары жасаған қару атауы – Чоппинг

  25. Домалақ малтатасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара сияқты құрал жасаған үңгір тұрғындары – Қаратау

  26. Қазақстан жеріндегі ең көне тас құралдардың жасалынған мерзімі – Б.з.б 800-140 мыңжылдық арасы

  27. Қаратау үңгірінен табылған жуан емес ағашты кесетін еңбек құралы – Жүзі өткір, ирек ара сияқты құрал

  28. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың түптері боялды – Қызыл бояумен

  29. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстары табылды – Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен

  30. Шақпақ тастар табылған Қараүңгір орналасқан аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы

  31. Тас дәуірінде шұңқыр, сызық, тарақ таңбасы сияқты өрнектермен әрленген бұйым – Ыдыстар

  32. Тас дәуірінде түрлі өрнек салынып, түсті бояумен боялды – Ағаш бұйымдары мен үй заттары

  33. Алғашқы қауым суретшілері сурет салуда пайдаланды – Ағаш көмір

  34. Алғашқы қауым суретшілері бояу есебінде пайдаланды – Жосаны, көмірді

  35. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдар өлтірген аңдардың денесін боршалап, терісін сыпырған құрал атауы – Чоппер

  36. Аң еті мен ағаш кесу үшін пайдаланылған еңбек құралы – Чоппер

  37. Ашель заманында пайда болған еңбек құралдары Қол шапқы мен жарғыш

  38. Көлемі 35 сантиметрге дейін жететін, екі жағынан ұсақтап жарып жасалған еңбек құралы – Қол шапқы

  39. Кейінгі палеолитте жіппен байланып, оқ есебінде қолданылған домалақ тастар – Болос

  40. Аңшылық және соғыс қаруы ретінде қолданылған қысқа сапты ағаш найза атауы – Дротик

  41. Ұшы сүйектен жасалған, аңға қадалғанда шықпай қалатын ілмек кертігі бар сүңгі-найза – Гарпун

  42. Неолит дәуірінің тесілген ұршық басы табылды – Тобыл өңірінен

  43. Тас дәуірінде пайда болған құралға жатпайтын еңбек құралы – Дромос

  44. Алғашқы адамдардың киім тігу үшін инені қандай заттан жасағанын анықтаңыз- Үшкір сүйектен

  45. Тас дәуірінде адамдар үшкір сүйектен жасады – Инені

  46. Алғашқы адамдардың киім тігуге жіп орнына пайдаланған материалы – Жануарлардың сіңірлері

  47. Тас дәуірінде үңгірді мекен еткен алғашқы адамдар төсеніш ретінде пайдаланды – Аң терісін

  48. Тасты бір жағынан соққылау арқылы сындырып, қыр шығарылған еңбек құралының ғылыми атауы – Монофас

  49. Тасты екі жағынан сындыра отырып, жүз шығарылған тас құрал атауы – Бифас

  50. Бір қабат өңделген тас құралдардың жүзін ұсақ ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі – Ретушь әдісі

  51. Сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып кескіш құрал жасау әдісіҚыстырма

  52. Қарағанды облысынан табылған тас дәуіріне тән қыш ыдыстардабейнеленген өрнек – Геометриялық

  53. Палеолит дәуірінде дөңгелек өзектасты шетінен ортасына қарай жүру әдісі – Нуклеустік

  54. Палеолит дәуірінің бастапқы кезінде еңбек құралдарын жасауда кең тараған әдіс – Нуклеус

/ дөңгелек өзектас/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет