Тақырыбы : Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты түркі деректеріне сипаттама
Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты түркі деректеріне сипаттама Ежелгі кезеңдегі Қазақстан тарихын (тас дәуірі) зерделеуде жазба ескерткіштердің жоқтығынан жалғыз және басты дерек - археология және антропология деректері болып табылады. Алғашқы жазба дректеріне «Авестада» - зороастрий қасиетті кітаптар жинағында кездеседі. Бұл кітапта арийлер, турлар, сақтар, аргипейлер, исседондар,аримаспалар туралы мәлімет береді. Келесі жазба деректеріне «Гилгамеш туралы жыр» (б.д.д. XXIV ғасыр), Бехистун жазбасында (б.д. д.552-486 жж.), антикалық тарихшылардың Геродоттың, Страбонның, Птоломейдің еңбектерінде, Қытай тарихшылары Чжань Цянь (б.д.д. IIғасыр), Сыма Цянь (б.д. д. 145-86 жж.), Бань Гу (б.д. I ғасыр).Ежелгі мәтінге Ыстық қорғанынан табылған «Күміс тостаған» жатады. Онда 26 таңбадан тұратын жазу бар. Бір ғалымдардың пікірі бойынша жазу түркі жазуының руно алфавитімен орындалған, басқалары «белгісіз» хат пікірін ұстанады. Сақ дастандарына: «Алып Ер Тоңға» немесе Фирдоуси нұсқасы буйна «Афрасиаб» деп атайды және «Шу» дастаны жатады; Ғұндарға Оғыз-қаған», «Аттила», «Көк бөрі» және «Ергенекөн», Түрік Қағанаты дәуірінде - «Күлтегін», «Тоныкөк» және «Белгі қаған» сияқты туындылар жарық көрді.Скандинавия және Оңтүстік Германия әдебиеттерінің ескерткіштерінен де маңызды нақтылы мәліметтер жинауға болады, онда («Нибелунгтар туралы әннен») басты кейіпкер ғұндардың көшбасшысы Аттиланың (Еділ, Атли, Этцель) өмір баяны суреттелген. Аттила бейнесіне XVIII ғ. француз драматургы Пьер Корнель «Ғұндар патшасы Аттила», XVIII-XIX ғғ. неміс драматургы Вернер Цахарияс «Аттила», XIX ғ. ағылшын ақыны Герберт «Аттила және оның ұрпақтары», итальяндық сазгер Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазған, ал француз суретшісі Делакруа бір аттас картина салған. Орта ғасыр кезеңінің Отандық тарихы бойынша маңызды нақтылы деректер араб, парсы және еуропалық жазушы-географтардың, саяхатшылар мен тарихшылардың: Ибн әл Факихтің (X ғ. басы), Ибн Батуттың (XIV ғ.), Ибн Хордадбектің (820-912), Тамин Ибн Бахтың (IX ғ.), Қазақстанға XIII ғ. келген Плано Карпинидің, Гильома Рубруктың, Марко Полоның еңбектерінде келтірілген.VI-ХІV ғғ. Түрік деректерінің стилі бойынша әр түрлі: эпитафияжазбалар, тарихи-көркем, шаруашылық-тұрмыстық, діни және заңды мәтіндер. «Бітік», «Кодекс», «Диван», «Күлтегін» сөздері қолжазбаны білдірді. Олардың құнды жазба әдебиетіне ХІІІ ғ. жазылған, «Куманикус кодексі» (Қыпшақтардың құт ісі) сөздігі, оғыз-қыпшақ үстеуінде латын алфавитімен жазылған, онда қыпшақтың күнтізбелік және фольклорлық материалдары, латын-парсы-қыпшақ және қыпшақ-неміс-латын сөздіктері бар.Х-ХІІ ғасырлар түркі мәдениетінің гүлдену уақыты, оның «Алтын ғасыры» болып табылады. Тура осы кезеңде (авторлары араб, парсы және түркі тілдерін пайдаланған) энциклопедист-ғалымдар Әл-Фарабидің, Әбу Райхан Бирунидің, Авиценнаның, Омар Хайямның, Жүсіп Баласағұнның, Қожа Ахмет Яссауидің, Махмұд Қашқаридің өлмес шығармалары жазылды. Қазақтың тарихшыларына Мұхаммед Қайдар Дулатиді (1500-1551) «Тарих және Рашиди», Ибн Рузбиханды (XVI ғ. басы) «Бұқарлық қонақтың жазбалары», Өтеміс Қажының (XVI ғ. бірінші жартысы) «Шыңғыс наме», XVI ғ. белгісіз автордың «Шейбани наме», Әбілғазы ханның «Түріктердің шежіре бұтағы» (XVII ғ. бірінші жартысы), Қадырғалы Жалайырдың (XVIIғ. басы) «Жылнамалар жинағы» жатқызамыз. Қазақстан тарихын зерделеуге орыс ғалымдары: Н.Я. Бичурин (1777-1853) «Ежелгі уақытта Орта Азияда мекендеген халықтар туралы мәліметтер жинағы», А.И. Левшин (1799-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамалары», В.З. Вельяминов-Зернов (1830-1904) «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер», В.В. Бартольд (1869-1930) «Жетісу тарихының очерктері».