тұруым тиіс. Жазаның түрі төмендегіше болады:
а) Егер біреуге өзім тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.
ә) Біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымда ешқандай қия ба-
сып шықпаймын, үйде отырам. Яғни өзімді үйге қамаймын деген сөз.
б) Сабақ үстінде тыныш отырмағандықтан мұғалімнен ескерту еститін болсам,
ол жолғы үзілісте тысқа шықпай орнымда отырамын.
в) Егер біреу-міреудің лақ-қозысы, тауық, қазы, иті біздің үйдің маңына жолап
кетсе, аямай ұрып қуалайтын жыным бар. Алмастың қызыл қоразын сӛйтіп ӛл-
тіріп қойдым. Бұным да жарамайды, жай айдап жіберуіме де болушы еді ғой.
Ендігәрі бұндай қылықтарым қайталанса, жоғарғы тауық базға демалмастан екі
рет жүгіріп барып келем.
ҮШІНШІ. Сұлтанмен жолдастық қарым-қатынасым бұдан былай үзіледі. Ол
екеуіміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды. О дүниедегі қызыл ошақ
жайына келетін болсақ, мен Құдайға сенбеймін, сондықтан мені дозақ оты се-
скендіре алмайды.
ТӨРТІНШІ. Сабақты жақсы оқу — үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы
тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым ке-
рек. Ол үшін:
а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.
ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырам.
БЕСІНШІ. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын
қамтамасыз ету үшін, күн сайын ұйықтар алдында өзіме-өзім есеп беріп, жақ-
сы-жаман қылықтарымды осы дәптерге тізіп жазып отырамын. Осы айтылған-
дарды жүзеге асыру мен үшін ұлы сын. Егер осы сыннан өте алмайтын болсам,
онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ. Анам байғұсқа күйігімді тартқы-
за бермей, адам болатын басқа бір жолды іздеп жоғалуым керек». Қаулы
бірауыздан қабылданды.
Шығарманың аяқталуы: «Әжемнің әжімді маңдайынан шӛп еткізіп бір сүйдім
де, жүгіріп тысқа шығып кеттім. Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді. Ай жа-
рық. Аспанның тұп-тұнық кӛк жібек шатыры бар жиһазын тағынып мӛлдіреп
тұр. Клуб жақтан гармонь үні, балалардың шуылдап ойнаған дауыстары
естіледі. Бойымда керемет бір жігер оты лапылдап, солай қарай бет алдым. Ай
нұрынан орнаған күміс кӛпір белдеулеп бет алдымда, ауылдың дәл іргесінде
ӛзен жатыр жарқырап. Мӛп-мӛлдір мына ғажап дүние... «Үш! Самға!» деп, қол-
тығымнан қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула!
Лаула, жігер оты! Самға, қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі бо-
лашағым.»
«
Достарыңызбен бөлісу: