«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Қайрат пен Қанат - хабаршы жігіттер



Pdf көрінісі
бет165/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Қайрат пен Қанат - хабаршы жігіттер.
Мұқаметәлі, Тайман, Жүсіпқали -
ақсақалдар
Қара Бура (Хорунжий Карпов)-
өзі зор денелі, кеуде, білектерін жүн басқан
ашушаң қара кісі. Әрине бұған Қара Бура деген ат дұрыс келеді. Ал қоржынды
деген сөздің хорунжийден шыққанын қазақ әлдеқашан ұмытқан. Сондықтан
қоржын артып жүрмейтін Қара Бураны неге қоржынды ейтіндерін өздері де біл-
мейді.
Гаврилло мен Александр- 
ақ көз Жәбірейіл, маңқа әлексалды, Елек бойын-
дағы бекеттердің Гаврилло, Александр деген урядниктері. Ашуланғанда көзі
ағарып кететін Гаврилло мен мұрнынан мыңқылдап сөйлейтін Александр, Елек
бойының қазақтары арасында белгілі қан ішер, тас мінез қатал урядниктер.
Ақбөкен -
табын руының бір момын адамының жалғыз қызы. Бесіктен шықпай
жатып Жоламан оны Байтабынға айттырған. Аққудың көгілдіріндей әдемі бо-
лып өскен, үріп ауызға салардай асқан сұлу қыз болды. Жүйрік үйретер өжеттігі
де жұрт аузындағы жырға айнала бастаған.
Әшірап пен Дәулетші- 
зеңбірек құя білетін, топырақтан қорғасын қорытып, оқ
жасай алатын әкесі Салауат Юлай бастаған көтеріліске қатысқан башқұрт жігіт-
тері.
Серғазы-
сатқын хандардың бірі, Жоламан батырға қарсы жасақтарды басқа-
рушы.
Дулатұлы Иман- 
Қыпшақ батыры, Жоламан батырға көмекке келген ұзын бой-
лы, қапсағай денелі, елуден асып кеткен ерлердің бірі. Ор мен Ұлытауда Арғын,
Қыпшақ, Найман, Керекй, Алышн руларының көп ауылында ереуіл көтергенер-
дің бірі.
Бағаналы Қараменді- 
балуан денелі, сом білекті, қара торы, қалың мұртты ба-
тыр.
Бегдербек-
алпысқа таяп қалған ат жақты, аққұба келген ұзын бойлы кісі. Қан-
сөлсіз еріндері жұқалаң, қалың қабақтары тұтасып біткен, сақалының ағы ба-
сым. Сүзіле қарайтын сұрғылт көздері ысылдаған жылан іспеттес бір суықтық
танытады. Беті күлсе де көзі күлмейді. Алпысты алқымдағанмен бетінде әжім
жоқ, тіп-тік таяқ жұтқандай сұңғақ денелі. Қытай жібегіне малына киінген. Тек


иығында өзбектің көк ала шәйі шапаны, басында ақ маржанмен кестелеген қара
барқыт ала тақиясы. Ақ жібек көйлегінің ашық омырауынан кеудесінің көк буы-
рыл түгі шығып тұр. Ұзын ақ саусақтары жыртқыш құстың тырнақтарындай әл-
сін-әлсін бір бүрісе жұмылып, бір жазылып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет