Нұрмұханбет
– қожа, Нұралының күйеу баласы
Батырша
– башқұрт жігіт, қырға орыс-казактармен бірге шабуылдамақ болады,
дегенмен Шәпи оны райынан қайтарады
Есаул Ферапонтов
- форпост бастығы, казак, Қаршидың есаулы
Апақ сұлтан
- Айшуақ сұлтанның баласы
Айшуақ
- жасы алпысты алқымдаған, Нұралы ханның туған інісі, Жетірудың
ұлысбасысы, сұлтан Айшуақ Әбілқайырұлымын деген кейіпкер, Апақ деген
ұлы Назаровтың отрядының қолынан қаза болады
.
Еңсегей бойлы, жасы
алпысты алқымдап қалса да, әлі тіп-тік, кісіге шаншыла қарайтын қазақ.
Назаров -
орыс-казак отрядын басқарушы, қатал, озбыр.
Александр Александрович Пеутлинг
-Уфадағы правитель қызметіндегі
генерал-майор
Нұралы хан
– 37 жыл билеген, алғашқы 8 сегіз ата дәстүрін сақтаған, кейіннен
өзгеріп кеткен, «Хан кеңесін» таратып жіберген. Нұралы туралы айтатын Беріш
Алдар би
Орманбет
- Ұлы Ноғайдың ең соңғы ұлы биі. 18 жыл бойы Тасобада атысып
өлген.
Дәуқара батыр мен Бармақ батыр -
бір-бірімен айқасып, ерлікпен қаза тапқан
батырлар. Дәуқара - ерегесте опат болған Сырымның өз атасы, әлтеке байбақты,
Бармақ - табын руынан.
Пугаш батыр
- Емельян Пугачев, Сырым бірге соғысқан көтерілісті бастаушы
Шағынгерей
- Қырық таңбалы қайран Қырымның ең соңғы ханы.
Суорып деген батыр жандарал (Суворов) -
осы Орыс-Түрік соғысында көзге
түскен генерал, Пугачев көтерілісіне атысқандарды қан сасытып қырған қолба-
сы. Сол кезде жас шамасы қырықтың үстіне шығып кеткен, әйтсе де, сақал-мұр-
тын үнемі тап-таза қылып қырып жүретіндіктен, шанаш беті көзаязданып, қат-
пар-қатпар боп тұратын, қапсағай бойлы, қайыстай қатып қалған арықша кісі.
Бірақ сол нәзіктеу, әлжуаз түріне қарамастан, діні де қатты, ділі де берік. Қимы-
лы да шалт, ширақ. Көкшіл сұр көзі тіпті суық, тым сұсты.
Табын Барақ
- Еділ қалмақтарымен ұрыстардағы ерліктері туралы талай
әңгімелері бар батыр. Ірілік танытып, елдің алды болып көмек қолын созуға
келген азамат.
|