«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет228/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Ұлттық құндылық: 
Бауырмалдық, жетім балаға жақсы қарау
«
Түсінік+өз ойым: 
Бұл шығарма бауырмалдық пен жақсылыққа тәрбиелейді,
қысқа болса да астары мол.
«
Ұқсас шығарма: 
Дулат Исабеков «Әпке» драмасы
ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАМБЕТОВ «АНАСЫН САҒЫНҒАН БАЛА»
«
Тақырыбы: 
Бала сағынышы
«
Идеясы: 
Сәби көңілін, сезімін көрсету
«
Жанры: 
Әңгіме


«
Композициялық талдау:
Басталуы: 
Есмағамбеттің ауылға келуі
Байланысуы: 
Әндеткен бала дауысы
Дамуы: 
Балаға берген уәде
Шиеленісуі: 
Сержан мен Есмағамбеттің жақындасуы
Шарықтау шегі: 
Бала үміті
Шешімі: 
Есмағамбеттің өкініші
«
Кейіпкерлері:
Есмағамбет - 
Алматыдан ауылға сағынып келген Балмағамбеттің інісі, Сер-
жанға бауыр басып, өзімен алп кетем деп уәде берген жан.
Сержан - 
мөлдіреген қара көзді, қуаныштан екі беті ерте піскен алмадай
алабұртып тұрған, үстіне су жаңа ақ футболка, шортик киген төрт жастар шама-
сындағы бала, сүйкімді әрі ақылды, тілі тәтті. Жаңадан өсіп келе жатқан шашта-
ры жұп-жұмсақ, шампунь иісті.
Күміскүл - 
Балмағамбеттің оқуға түсе алмай, Алматыда базар маңында жұмыс
істейтін, тұрмыс құрып қайта ажырасып кеткен қызы, Сержанның анасы.
Балмағамбет - 
Сержанның атасы.
Мейіркүл - 
Балмағамбеттің әйелі, Сержанның әжесі.
«
Маңызды деректер:
Есмағамбеттің бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы.
Әртүрлі жеміс ағаштары мен көкөністер өсіп тұрған аулада серуендеп жүргенде,
жүзімнің көлеңкесінен ән салып, құммен ойнап отырған баланы көреді.
Баланың әні - ана туралы. «Мама, сенсің ғой ең дана...»
Есмағамбеттің балаға берген уәдесі: Алматыға бірге барамыз.
Бала Алматыға мамасы әкеп берген топли мен шалбарымды, қып-қызыл гүлдері
бар көйлегім мен ақ сызықтары бар костюмімді киемін дейді.
Есмағамбет ертең ауылға барып қайтаын, арғы күні Алматыға пойызға отыра-
мыз дейді.
Есмағамбеттің сасқан себебі: бала сезіміне қатты әсер етіп, уәдесінде тұра алма-
са үлкен күнә болар еді.
Бірақ «Алып кетем, несі бар... мамасына табыстаймын. Тіпті біздің үйде де
жүре береді. Онда қандай қиындық бар?» деп өзін-өзі жұбатып барып, көңілі
тынғандай болды.
Сержанның мамасы «анау жазда» келген екен. Сержанға көктем де жаз, жаз да
жаз болса керек.
Есмағамбеттің әңгімені бұрып жіберіп қойған сұрақтары: «Алтыаяқ, Аязбай,
Кертұмсық атаңды білесің бе?»
Екеуі балмұздақ алуға барған ең жақсы дүкен - «Шағала». Себебі балмұздақтың
әр түрі бар, жұрт ұйықтағанша ітей береді және үйге жақын. Балмұздақ бағасы -
үш жүз жиырма теңге.
Сержан қалған балмұздақты досы әрі бір үйден кейінгі көршісі Сағынайға бе-
ремін дейді.


Сержан: «Ең жақсы көретінім - Есмағамбет атам, сосын екі балмұздақ әперген
Аязбай атам, ең соңынан Балмағамбет атам. Себебі, ол балмұздақ әпермек
түгілі, ақша да бермей ұрысқан».
Сержанның соңында айтқаны: «Сен мені бұл жолы Алматыға алып кетпей-ақ
қой...» Жүзі алабұртулы.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет