Сонда Сараның Найманның жақсыларына мұнын шағып айтқаны:
Қажеке-ау
, мынау қалай ақырады,
«Жиенқұл тез келсін» деп шақырады.
Көрсетсең, асылыңды ап келіндер,
Ауылында ол келгенше отырады.
Арғынға жол бермеген есіл тілім,
Күн өтпей, кор боп ұшқан кызыл гүлім!
Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем,
Есекке қосақтаулы өтті-ау күнім!
Өзі білер деуші едім жақсылардың.
Ақыры қайыр болды енді мұным.
Алтайдың санлағымын сөйлесем де,
Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным.
Сіздерге сенетұғын сорлы басым,
Келгенде Жиенкұлға шықпайды үнім!
Өздерің Жиенкұлды көріп едің,
Құдайдан қорықпай-ақ беріп едің.
Шақырған Найман шалдын аруағына,
Бәріне кыз да болсам серік едім.
Біржанға алдырт, көрсет Жиенкұлды,
Бар жұртқа оның сыры аян болды.
Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынар.
Қайтейін, Құдай қосып кем қылды…
Сыртынан өленменен шакырайын,
Біржанға өзімді-өзім таба қылмай.
Сәлем де Жиенкұлға, келсін жатпай,
Келуге шошынады неден батпай?
Әркімнің қолда бары өзіне алтын.
Біржанға бір тырнағын тұрмын сатпай.
Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Аққұйрық көңілашар шай секілді.
Ұсынса қол жетпейтін, арғымағым,
Арғынға баламаймын тай секілді.
Тез келіп амандассын Біржан салға,
Көрінсін айбаттанып Арғын шалға.
Әркім теке кояды өз лағын,
Әйтеуір, мені сатып алды малға.
Бермесін дұшпаныма намысымды,
Біледі Арғын, Найман дабысымды.
Бар болса шыбын жаны шапшан жетсін,
Ел таныр арғымақтай шабысымды…
Көрінсін салтанатпен менің серім,
Сол еді Құдай қосқан барар жерім.
Кедейге қонақасы - тай ап келсін,
Талабы Тәттімбеттей асыл ерім!
Сонда Біржан сөйлейді:
Көрейін кісі жібер күйеуіңе.
Көнбейді жаман болса сүйеуіне.
Шіркінің қандай екен көзім көрсін,
Адамның таласатын біреуіне.
Мақтамай, көрсет көзге келтіріп-ақ,
Сөзбенен жүдеттін ғой өлтіріп-ақ.
Ұялмай осы топка көріне ме,
Өнерсіз, жігері жоқ жетпегір-ак?!
Достарыңызбен бөлісу: |