«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


«КӨҢІЛІМ ҚАЙТТЫ ДОСТАН ДА, ДҰШПАННАН ДА» АБАЙ



Pdf көрінісі
бет77/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

«КӨҢІЛІМ ҚАЙТТЫ ДОСТАН ДА, ДҰШПАННАН ДА» АБАЙ
«
Түсінік: 
Ақын жағымсыз жағдайларға өкінішпен қарай отырып, халықтың болашағына алаңдайды. Өз
дәуірінің көрінісіне көңілі толмай, қатты сынға алып, өткір ойларын тізбелен, достан да, дұшпаннан да
көңілі қалғандығы жайлы жазған.
«
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?
Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-қарлық,
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.


Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.»
«САБЫРСЫЗ, АРСЫЗ, ЕРІНШЕК» АБАЙ
«
Түсінік: 
Адамның ішкі жан дүниесі, оның бойындағы қасиеттер туралы, өзі өмір сүрген заманның кем-
кетіктерін әділ әрі өткір сынайды. Ел ішіне жік түсіріп қазақ халқын артқа тартатын жаман қасиеттерден
алыстамай, білімді әрі мәдениетті жұрттардың қатарына қосыла алмайтындығына алаңдаушылық білдіреді.
«
«Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол – арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сөйтіп құдай атады.
Бұл нең десе біреуге
Жоқ нәрсені шатады.
Құтылам деп ісінен,
Бәрін көріп кісіден,
Шығынға әбден батады.
Бұл болмаса онысы,
Аударылып қонысы,
Алыстан дәм татады.
Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
Ел қыдырып ас ішіп,
Еркек арын сатады.
Бала-шаға, ұрғашы
Үйде жаурап қатады.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет