рып жібергісі де келді.
Алуаның кір-кір жамау көйлегіне жараспайтын да
шығар. Қалтасынан шығарып, күнге тосып, қасындағы ақсақ иттің көзіне
шағылыстырды. Ит шошып түсіп, шойқаңдай басып, әрірек барып отырады,
оған да гауһартастың керегі жоқ, бір түйір ет лақтырса, сол олжа. Кәуап
шайнап отырғандарға мөлие қарайды.
Қаңғыбас иттің көзінде адам түбіне
жетпес тұңғиық терең мұң бар сияқты көрінеді.
Той қыза бастаған тұста алғашқылардың бірі саналып, Жеңіскүлге сөз
берілді.
Тойбасы «Түп-тұқиянынан бері асыл затты, ақсүйек, тектілердің
тұяғы, ай мен күндей ажарлы, жүрген жері құт-береке базарлы,
қазақ әйел-
дерінің эталоны десе де болғандай Жеңіскүл ханымға сөз кезегін аса бір
құрметпен ұсынамын!»
дегенде барлығы Жеңіскүлге жаппай қол шапа-
лақтап, соның аузынан алтын төгілетіндей, сілтідей тынып, назар аударды.
Мұндай мол ықыласқа масаттанған Жеңіскүл өзіне қадалған сол көз-
дерді құлағындағы, мойнындағы, омырауындағы меруерт, лағыл,
гауһар тастармен қарықтырмақ болып, жан-жағына бұрылды.
Жеңіскүл ән салатын халық артистеріндей алтын-гауһары жарқыраған
жұдырығын аузына тақап, бір жөткірініп алды да тарғыл-тарғыл ащы
дауыспен сөз бастады.
«Менің аяулы
анам Әсемгүлдің
ағасы, анам тірі
болғанда осы тойға өзі қатысатын еді-ау,» —
деп барып, жарқ-жұрқ еткен
шағын сөмкеден аппақ бәтес орамалын алып, көзін сүрткендей болды.
Оған сол қимылдан бетіне қалың жағылған опа омырауына түсіп,
жұтап қалғандай көрінді де, әлгі орамалмен кеудесін сүрте беріп... мел-
шиеді де қалады.
«Бриллиантовые подвески на пятьдесят тысяч долларов!» деп шу шығара-
ды,
тана бриллиантын жоғалтып алыпты, бірінші тамададан көреді,
одан оң Керімқұлдың өзін шақырып алып, одан да көреді. Сонда
Достарыңызбен бөлісу: |