«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет1/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)



«Ежелгі дәуір әдебиеті»
«Алып Ер Тұңға» дастаны
«
Тақырыбы: 
Алып Ер Тұңғаның ерлігін, батырлығын, беделін, басынан кешкендерін сыр
шерту(жоқтау)
«
Идеясы: 
Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу,
туған жердің абырой-даңқын арттыру.
«
Жанры: 
Дастан, жоқтау жыры
«
Кейіпкерлері:(қосымша)
Алып Ер Тұңға - 
Тұран елінің көсемі, «алып» сөзінің мағынасы қаһарман, мықты қол-
басшыға берілетін әскери титул. «Тұңға» сөзінің мағынасы жолбарыс текті аң.
Барысхан деген ұлы мен Қаз есімді қызы болған
(Қазойын - серуен құрған шаһары,
екінші қаласы - Қазсуы, Ілеге құятын өзен бойында).
Қаздың күйеуі - Сияуыш.
«
Маңызды деректер:
«Тұран» – Тұр елі – түркілер елі деген сөз. Иран патшалары мен Афрасиабтың соғысы
Сейхұн (Сырдария) – Жейхун (Әмудария) шегарасында болған.
Алып Ер Тұңға өлімінен бастау алатын жоқтау.
«Замана түгел күйреді,
Білімді жақсы сиреді...»
«Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды.
Ізгілер тәні жидіді,
Жерге тиіп сүртілер,..» - деген жолдарда Алып Ер Тұңға өлімін жалпы замана, өмңрге
байланыстыра жырлаған.
Халықтың қайғысы қатты болғанын «Бөрідей жұрт ұлысып» деп жеткізген.
Батырынан айырлған халықтың қандай күйге түскенін «Замана түгел күйреді» деп сипат-
таған.
Көркемдік құралдар:
жоқтау, арнау, кейіптеу, градация, метафора, теңеу, эпитет және т.б.
«
Алып Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар...
Бектер атын болдырып,
Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып,
Запыран рең сүртілер.
Бөрідей жұрт ұлысып,
Айқаймен жаға жыртысып,
Өкірген үнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер.
Көңілім ішті жандырды,
Жазылған жара жаңғырды.
кешкен күндер көзге ұрды,
Күн-түн демей ізделер.


Тағдыр кезін келтірді,
Ұры тұзағын ілдірді.
Бектердің бегін ап кетті,
Қашса қалай құтылар?
Тағдырдың күнін тербетер,
Пенденің күшін меңдетер,
Пәниді жұрттан тазартар,
Қашсаң, тағы артылар.
Тербетер салты мұндай-ақ,
Бұдан да басқа сыр көп-ақ,
Заман атса кезеп-ақ,
Таулардан басы күйрелер.
Оған атса дәл кезеп,
Кім тоқтатар көлбеу кеп?
Тауды атса көзден кеп,
Шың шатқалы қарқырар.
Замана түгел күйреді,
Білімді жақсы сиреді.
Жаман-жәутік түптеді,
Ізгі бектер шертілер.
Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды.
Ізгілер тәні жидіді,
Жерге тиіп сүртілер.
«
Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тұңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма...
Қайғылы жүрек жыртылды-ау.
Сұм ажал бүгін жылатты,
Құрығын салып құлатты,
Бектердің бегін сұлатты.
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.
Өмірдің күні зырлайды,
Адамның күшін ұрлайды,
Ғұмыр да мәңгі тұрмайды,
Құтылмас ешкім ажалдан.
Тәңірім торын құрғанда,
Тұтылмай адам тұрған ба,
Кертілер алып шыңдар да,
Тағдырдың оғы қадалған.
Ажалмен тәңірім сынаған,


Тұра алар қарсы кім оған,
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.
Аш арландай аларып,
Қадалғаннан қан алып,
Нұрлы жүздер қабарып,
Тұр қайғыға қамалып
Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыртып жағасын.
Көңілімді қайғы жандырды,
Жазылмас жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,
Кеткенді қайдан табасың?
Жалғанның туып заманы,
Жауыздар қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,
Сиреді қайран бектерім.
Біліктілер қалмады,
Заман оны жалмады,
Сүрінді бектің тарланы,
Салды жанға жараны.
Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,
Дүние азып барады. (Аударған Фариза Оңғарсынова)
«


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет