«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет9/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Байланысуы
Түркімен еліндегі дауды шешу. Данагүлдің тәрбиесі мен ізгілігі.
Дамуы: 
Төле бидің Алакөздің үйіне қонақ болуы. Келінді түсіру. Данагүлдің ел аузына
ілігуі.
Шиеленісуі: 
Төле бидің тұтқынға түсуі, тапқырлығы.
Шарықтау шегі: 
Данагүлдің даналығы. Жұмбақтың шешімін дұрыс табуы.
Шешімі: 
Төле бидің төрелігі. «Қырық ағайынды»
«
Кейіпкерлері:
Төле би - 
Ұлы жүздің бас биі, «Қарлығаш әулие».
Данагүл - 
Төле бидің таңдап алған келіні, дана, ақылды қыз.
Алакөз - 
Данагүлдің әкесі, кедей адам.
Қырық қарақшы - 
қырық рудан қашқан, ұрлықпен күн көрген адамдар. Төле бидің
төрелігінен кейін «Қырық ағайынды» атанып, бақытты өмір сүреді.
«
Маңызды деректер:
«Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне
қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды деген. Келінім ақылды болса, ұлымның ел-
ге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды. Ердің
бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел», – деп келінді өзі таңдауға бекін-
ген екен.


 Төле би Данагүлді Түркімен елінен дауды шешіп келе жатқанда кездестіреді.
Данагүл - Сиқым ауылынан, Алакөздің қызы. Жалғыз көк шолақ атына мінген.
«Халқым үшін, кедейлерді есіме алмасам, онда әділет бола ма? Байға жак боп, кедейдің
ақысын жібермесем, онда жұрт әділетті деп айтар ма еді!?» - деген Төле би.
Төле би өзіне ұртын алып, Данагүлге құлақ пен таңдай ұсынады. Бұл бидің өсиеті болатын.
Бірде Төле би алыстағы жегжатын туысшылап барып, аткосшысы екеуі ғана қайтады…
Бұлар келе жатқан шөлді қырық қарақшының жайлап жүріп, оларды ұстап алады.
«Сендерге мал керек пе, жан керек пе?» - деп Төле би қарақшылармен келісімге келеді.
Төле би өзің Тосқауыл деп таныстырады.
Төле би хатында: «Қырық құнан атан, жиырма бура, сегіз ақ бас атаным бар еді. Соны
берсін. Оң босағамда көмген алтыным, сол босағамда күмісім бар еді соны да берсін,» -
дейді.
Данагүлдің жұмбақты шешуі: Атам қырық қарақшының қолына тұтқын болып түскен екен.
Қырық құнан атан берсін дегені – қырық мықты жауынгер жігіт берсін дегені, жиырма бура
берсін дегені - жиырма палуан берсін дегені, сегіз ақ бас атан берсін дегені – сегіз ақсақал
берсін дегені. Оң босағадағы алтыны мен едім, сол босағадағы күмісі баласы еді. Атам мені
артық көруші еді. Жұмбағымды шешер деп ойлаған екен. Алтынымды түгел берсін дегені -
мені алып келсін дегені, - дейді.
Төле би соңында: «Ғұмыр - біреу, кезек - екеу деген. Сендерге өлім керек пе, өмір керек пе?»
- деп сауал қойып, төрелігін айтады, қырығын да ауылына алып келеді, жұрт оларға «қырық
ағайынды» деген ат қояды.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет