«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет129/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

 Маңызды деректер:
Жер-су атаулары: ауылдары Салықсалған; Моңғолия, Бұқтырма өзені,
Алтай тауы
 Ауылдары отыратын орын: Салықсалған
Әсіресе, шілденің дәл ортасы болса, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күн-
дері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді.
Аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайды.
Ол кезде колхоз. Колхоздың сиыры күніне үш рет сауылады. Ал әр сауын-
ның арасында шөп шауып, оны маялайтын. Кеште, тіпті түні бойы сепера-
торға сүт тартып, май шайқайтып. Шаршау дегенді білмейтін қыз-келін-
шектер соғыс жылынан кейінгі бейбіт күннің шуағына жылынып, сызыл-
та ән салатын.
Балалардың күні бойғы жұмысы:
өгіз үйретіп, бұзау жаяды, үш уақ сиыр са-
уғызады. Ымырт үйіріле, алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалы-
сып, тиіп-қашып ұлардай шулап ойнайды.
Тортай, әсіресе, авторды(Орашты) жақсы көреді. Жанынан бір елі қалдырмайды
екен. Ол Орашты алдап, тамақ үшін дос болмайтын, қайта:
 "Мен аш жүргенім
жоқ, әкеле берме"
, - деп ұрсатын-ды. Өз бейілі мен көңіл хошы болмаса ләм
деп аузын ашпайтын, әрі құлағы хақас еститін болған соң, әңгімеге зауқы бола
бермейтін. Тек Орашпен ғана оңаша сәттерде ағыл-тегіл әңгіме құрады.
Бір күні автор Тортайды көп іздеп әрең табады.. Тұрған үйі аузына келгенін
айтып, ұрсып қуып жіберіпті. Салық-салғанның ұшар басындағы қалың тас қо-
рымның үңгіріне кіріп, от жағып отыр екен. Тортай тас күркені ұядай қылып
жинап, тазалап қойыпты. Бұдан бұрын да осы жерге сан рет келіп, мекеніне
айналдырған секілді. Қайран қалдым.
Ағаштан қиып нар жасап, үстіне шөп төсеген. Өзіне тиесілі кітаптар әбден көп
оқылғандықтан, жемтір-жемтір болып бір бұрышта жинаулы тұр. Төр алдына
ешкінің терісі төселген. Қарағайдың жуан кеспелтек шәркесінен стол жасап,


май шам қойыпты. Тастан қаланған жерошақта маздап жанған от. Сіркіреп
жаңбыр жауды. Үңгірге су тимейді екен. Күн бұлтты болған соң ба, ымырт ерте
үйіріліп, көз байлана бастады. Үйден ұрлап алып шыққан нан мен ірімшікті
столдың үстіне қойдым. Нардың шетінде жалаң аяғын салбыратып үнсіз
отырған Тортай: "Рақмет", - деді. Үні бір түрлі көңілсіз, қарлығыңқырап шықты.
Ешкім жоқта жылаған секілді, оттың сәулесі тиген көзі қызарып, домбығып тұр
еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет