Соны ойласам –
Умен зәрді ішем мен.
Соны ойласам –
Қайғы-мұңға түсем мен.
Тудық біздер көрінбейтін бұғаумен,
Жүрдік біздер көрінбейтін кісенмен. ПЕРИФРАЗ
Өз жерімде ала алмастан рұқсат,
Өзімізге жүрдік біздер құрық сап...
Үндетпестен тас тықты да көмейге,
Қойды сонсоң аузымызға құлып сап...
Таптап, қырқып,
Жоқ етті де нуымды.
Жазарымды отқа салды, қуырды.
Жуынды етті кәусар менен суымды,
Шұлғау етті қасиетті туымды.
Мұның бәрін, мұның бәрін ұғынам...
Жүрек жара –
Зар заманның мұңынан.
Сол кезде мен «азаттық» деп, «теңдік» деп,
Бөрі болып айға қарап ұлығам.
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін.
Келді кіріп азаттығым, теңдігім.
Бостандықта бойлығым мен ендігім,
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!
Кеуделерді тарылтпастан кек қысып,
Кетеді одан өр далама өрт түсіп...
Құсқа айналып кеудемдегі жүрегім,
Сүйіншілеп келер күнге кетті ұшып.
ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ «БІЗ ТҮРКІЛЕРМІЗ»
Тақырыбы:
Түркі халықтары
«
Идеясы, түйіні:
Түркі халықтарының бірігу идеясы
«
Тармақ, бунақ, буын саны:
29 тармақ, 2 бунақ, 5-11 буын
«
Ұйқас түрі:
верлибр, ерікті ұйқас
«
Достарыңызбен бөлісу: