Топайлының бойында жатқан Нұралының ауылын
Чаганов немесе Шағанақ
Нұралының ауылын шапқаннан кейін ерлер
намыстанып, байбақты Сырым батыр Чагановты сауда-саттықпен келіп
жүрген Хиуаның бір сартына құлдыққа сатып жібереді. Казак-орыстар
Сырымның ізіне түсіп, оны қолға түсіреді.
Сырым батыр Хиуаға құлдыққа сатып жіберген адам: Атаман Чаганов
Сол үшін Сырымды Текенің(қазіргі Орал) тас түрмесіне 4 ай қаматады.
Байбақты ызғарынан қаймығып, Нұралы хан елге жақсы көрінуі үшін
Сырымды түрмеден босатып алады. Хан Текеге атаман Акутин мен
орынбасары, әскери ағаман Даниил Донсковке - жетпіс жылқы, үш жүз
елу сом ақша беріп босатады. Көкек туа елге оралған Сырым 2-3 апта
ешкіммен тілдеспей, үйінде жатады.
Сырым батырдың ең алдымен істегені
- жөн-жосықсыз тізе батырып, әр-
кімдерге зәбірі әбден өтіп кеткен хан баласы Есім сұлтанды ел ішінен айдап
тастаған. Көктем шыққанда, Жайықтың казак-орыстарына қарсы қайтадан
атқа мінді.
Сырымның Орынбордағы астыртын хабарласып отырған адамдары -
Мінәнайдың ақ базарындағы делдал Шүкіралы бай мен мешіт мәзіні
Шәпи молда.
Сырым би елді Қырмызы мен Қособадан, Мақарша мен Қарағұстан, Қо-
сағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақтан, Жетікөл мен Тұздыкөлден де көшіріп, Қал-
дығайты сыртындағы Қарақамысқа қазан-қараша айында әкеліп қондырған.
Шаруа баққан кісінің көзі қимайтын жер:
Тұздыкөл мен Жетікөл
Сұлтансықтан Алаша мен Масқарды, Жанбай батырға тәбия Қы-
зылқұрттарды, Жосалы мен Қоңырда Талдыбұлақ пен Тасқұдықта
отырған Таналарды ала келген.
Оларды
Көшекбасар, Шиқымбайға, Жібек пен Сұлукөлге
орналастырған.
Суық хабар: «Орынбор мен Текенің казак-орысы қазаққа шаппақ!»
Сырым би Көшекбасар мен Шиқымбайдағы Таналарға , сонда отырған
Сұлтансиықтың қадірменді қарты
Достарыңызбен бөлісу: |