«амандық», «сәлем» алауларын жағады. Ауыл басына - бір алау. Олар алыстан көрінеді. Ауылдар аңғар, шатқалдардан
асыра бір-бірін қыстың не көктемнің басталуымен құттықтасады. Отты сәлем,
отты тілек!
Автордың өзі де Цада аулының үстінен төнген Хамирхо жартасының басы- на осындай отты жаққан. Жазғытұрым тауда қар ери бастағанда, автордың анасы аққан ағыстан көзін ал-
май, жаңбыр суын жинау үшін ағаш күбісін қыстан қамдап қоюшы еді.
Автордың тағы бір ең сүйікті кәсібі: жалаң аяқ шалшықты кешу.
Шамиль өз әскерлеріне айтады екен: «Жау, мейлі, ауылды, бүкіл жерімізді алып қойсын, бірақ бұлақ әлі бізде, біз жеңеміз!» Қатал имам, жау жасағы шабуыл бастағанда, өз адамдарына: «Алдымен бұлақты қорғандар!» - деп әмір етеді екен. Ал өзі жауға шапқанда: «Алды- мен бұлағын алыңдар», - дейді екен. Қанды кекшілдер біреуі бірінің суға түсіп жатқан үстінен шықса, ол оған қашан
судан шығып, қаруын таққанша тимейді.
Автордың есіне жиі түсетін, басқа бір бейбіт, суға байланысты салт - «Жаңбыр есек» деп аталады. «Шаңқай түс, жазығында Дағыстанның» деп
тегіннен-тегін айтылмаған. Талма түсте қатты ыстық болады.
Сонда ауыл баласын индеецтер құсатып әлем-тапырық киіммен жасанды- рып, қурап кеткен шөптермен қаптап қояды. «Жаңбыр есек» дегеніміз - осы. Оны өзіндей балалар ауыл айналдыра жетелеп кездіріп жүріп, тілек өлең,
біздіңше жарапазан айтады. Ауылдың ересектері далаға жүгіріп, «Жаңбырлы
есекке» біреу құмырадан, біреу легеннен су шашып балаларға қосылып өлең
айтып, «Аумин!» - деседі.
Автордың өзі де болып көріпті.
Дағыстандағы қатты ыстық күнді олар -
«Мұңды күн» деп атайды.
Егер жалпы Еуропаны алсақ, күн көзінің көп түсетін жері - Дағыстанның Гуниб ауылы. Автор ауылы Цада да қалыспайды. ауылдарды «Ындыны