«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет76/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

»
«СЕГІЗАЯҚ»
«
Түсінік: 
Ақын өзі өмір сүрген заманның, яғни қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттарды, әлеуметтік мәселе-
лерді толғаған. Сол қоғамның індетіне айналған жалқаулық, алаңсыздық, арызқойлық, надандық, көре ал-
маушылық, күңшілдік, бақталастық сияқты жаман мінез-құлықты сынап, ел болашағына алаңдайды.
«
«Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған —
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра1 ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ.


Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде.
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін
Деп насихат бергенде,
Ұятсыз, арсыз салтынан,
Қалғып кетер артынан.»
«ӨЛЕҢ-СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ» АБАЙ
«
Түсінік: 
Сөз құдіретіне, оның өзге өнер туындыларынан даралығына, ақындық қасиетке еркше мән береді.
Ақын сөз асылын сапалап, жан тазалығына, парасат толғамының биік болуына, оқырманға жетер әр сөздің
орынды қолдаынылуына зер салған.
«
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет