«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Келдібай  - мектептің кейіннен келген жаңа директоры. Әміре



Pdf көрінісі
бет96/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Келдібай 
мектептің кейіннен келген жаңа директоры.
Әміре
- қатып-семген жүдеу, көк көз шал, шіңкілдек дауысты мектептің қа-
рауылы. Бір ұл, бір қызы бар.
Оңалбек
- Әміренің ұлы, жазда Ертаймен бірге үшінші класты бітірген,
бірақ үш жас үлкен. Өзі аңқау, не айтсаң, соған сенгіш. Басқа балалар секілді
шымыр емес, болбыр әрі жуас. Сондықтан өзінен кішкентайлардан да таяқ
жеп қалатын.
Күлдәрі
- Оңалбектің әпкесі, қиқар, тілі де қыршаңқы. Қыздан гөрі ер балаға
ұқсас: жауырынды келген, қол-аяғы балғадай ақсары.
Иманбек
- балалар «Көсеуқол» дейді. Бойы да, қолы да ұзын бала, өзі ап-
арық. Жүргенде дәл сұрақ белгісі секілді басын төмен салып имиіп жүреді.
Жағына пышақ жанығандай, терісі сүйегіне жабысып қалған. Көзі де мөлиіп,
өлімтік малдың көзі ұқсап тұрады, кескінсіз. Қашан көрсең, кішкентайлар-
дың арасында жүреді. Балаларды шағыстырып, төбелестіріп қояды.
Шаншатай 
- «Тәмпіш қара» Келдібай директордың інісі, дөңгелек жүзіне
сүйкімді бір арай ойнап шығып, қысыңқы көзінің ноқаттай қара жанарында
ерекше бір ұшқын тұрды. Бейтаныс баланың түр-әлпетінде пәлендей сымбат
жоқ еді. Денесі түтін ге ысталғандай қара-қоңыр, әрі май жаққандай жылты-
рап тұр. Бұлшық еттері білеуленіп шығып, бүлк-бүлк етеді. Екі шекесі тор-
сықтай жалпақ маңдайынан ұйысып түскен бұйра қара шашында су тамшы-


лары күн сәулесімен таңғы шықтай жалтырайды. Қабағы да төңкере салған
кесе секілді бетінің еті де қалың. Бірақ ерні жұқа. Ақырын ғана жымиып күл-
генде, қаз-қатар аппақ тістері тізілген ақ моншақтай көрінеді. Оншама бой-
шаң да емес, төртпақ, шымыр. Ертайдың ата-әжесі айтқан қасиеттер: әдепті,
ұқыпты, кішіпейіл, ақжарқын, сыпайы, тәлім көрген бала екен.
Ержан 
- Ертайдың алты жасар інісі, бұзық, ерке бала.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет