Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет13/260
Дата31.03.2022
өлшемі432,68 Kb.
#137459
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   260
Байланысты:
көк кітап әдеб5

Халық ауыз әдебиеті
1.Қазақтың ауыз әдебиеті материалдың молдығы ,мазмұндылығы және түр көркемдігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен де кем түспейді.../ Қ.Жұмалиев/
2.Халқымыздың игі салт-дәстүрлері – біздің ең асыл мұрамыз. /Б.Момышұлы/
3.Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеген батыр – жазушы: / М.Ғабдуллин/
4.Қазақ фольклоры саласында еңбектер жазған: / С.Сейфуллин/
5.Ауыз әдебиетін 5 топқа бөліп жіктеген ғалым:- / А.Байтұрсынұлы/
6.Халық ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарын: /Қиыншылықты жеңіп,жақсы өмір сүруге үндейді./
Тұрмыс –салт жырлары
Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан 5 түрге бөлінеді:
1/ Төрт түлік малға ,еңбекке ,аңшылыққа байланысты туған шығармалар және Наурыз жырлары;
2/ Баланың дүниеге келуіне ,есейіп ер жетуіне байланысты туған шығармалар /шілдехана өлеңдері,бесік жыры,тұсау кесу жыры,атқа мінгізу тойы/;
3/ Үйлену салтына байланысты өлең жырлар /тойбастар,жар-жар,беташар,сыңсу/;
4/ Көңіл-күйді білдіретін өлең- жырлар / қоштасу,естірту,көңіл айту,жоқтау/
5/ Бата-тілектер.
Қойдың пірі- Шопан ата, төлі -қозы, шақыруы -пұшайт-пұшайт
Ешкінің пірі – шекшек ата,төлі – лақ, шақыруы – шөре –шөре.
Жылқының пірі – Қамбар ата, төлі –құлын, шақыруы – құрау –құрау.
Сиырдың пірі - Зеңгібаба , төлі – ұзау, шақыруы – ауқау –ауқау.
Түйенің пірі – ойсылқара , төлі – бота, шақыруы – көс- көс.
*Тұрмыс- салт жырларының басы түрлері / Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған және әдет- ғұрыпқа байланысты туған өлең жырлар /
*Әдет –ғұрыпқа байланысты туған өлең : / Лирикалық жанр/
* «Бақыт іздеп,ғасырлар бойына сахараны шарлап шарқ ұрған мұңдар жолаушы – қазақ халқы,»- деген пікірдің иесі : / М.Әуезов/
* Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең жырларға жататындар: / наурыз жыры, төрт түлік мал мен жануарлар және аңшылық туралы өлең жырлар/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет